Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6121
САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы - АҚПАРАТ ӘЛЕМДІ БИЛЕЙДІ!

АҚЫН САПАРҒАЛИ БЕГАЛИНГЕ АРНАЛҒАН «МӘНЕРЛЕП ӨЛЕҢ ОҚУ» САЙЫСЫ ӨТТІ

           Абай облысында Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын-жазушы Сапарғали Бегалиннің 130 жылдығына арналған студенттер арасында қалалық «Мәнерлеп өлең оқу» сайысы ұйымдастырылды. Шараны «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының ұйытқы болуымен «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің» «Менің әлемім» оқырмандар клубы бірлесе өткізді.           Өңірлік партияның өкілі Е.Омарғалиев сайыстың ашылу сөзін сөйлеп, барлық ...

Read More »

ЗАҢДЫЛЫҚТЫ САҚТАУ – ПРОКУРАТУРАНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТІ

                Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиевпен сұхбат             – Мұрат Әжінұрұлы, Мемлекет басшысының әр жолдауы – елдің ертеңіне берілген бағдар іспетті. Осы стратегиялық құжатта елдегі басты қағиданың бірі ретінде «Заң мен тәртіптің» белгіленгені белгілі. Тапсырмалардың орындалуы көңілден шыға ма?        – Биылғы Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Заң ...

Read More »

КОЛЛЕДЖДЕ «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ АШЫЛДЫ

       Абай облысы, Семей қаласындағы  «Қазтұтынуодағы Агробизнес және Экономика колледжінде» «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалының бастамасымен жаңа «Бастауыш партия ұйымы» (БПҰ) құрылды.        Бұл маңызды қадам – жастардың жалпы қоғамдағы белсенділігін арттыру, еңбек адамы мен білім саласының өкілдерін қолдау, сондай-ақ партия мен  кәсіптік-техникалық, технология-инновациялық бағыттардағы оқу орындары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.     ...

Read More »

«ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ» АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

       Қазақ халқының ежелден келе жатқан ең асыл дәстүрлерінің бірі – үлкенге құрмет көрсету, аға буынға ізет білдіру. Сол өнегелі дәстүрді жаңғырту мақсатында «Ауыл» партиясы Абай облысы бойынша өңірлік филиалы ел ішінде әлеуметтік қолдау шараларын тұрақты түрде ұйымдастырып келеді. Соның бірі – «Үлкенге – құрмет» деп аталатын қайырымдылық акциясы.         Қараша айының екінші аптасында өткен ...

Read More »

АСЫҚАТАДА ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК ПАРК ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

        Бүгінде Жетісай ауданының Асықата кентінде жалпы аумағы 1 гектарды құрайтын жаңа шағын өндірістік парктің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Құны 210 млн. теңгеге бағаланған осы нысанда бес түрлі өндіріс орыны ашылып, келешекте 100-ге жуық тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылмақ.         Бұл өндірістік парк аумағында түйіршіктелген құрама жем өндіру, темір бұйымдарын дәнекерлеу, құрғақ құрылыс қоспаларын шығару, ...

Read More »

БОРОДУЛИХА АУДАНЫНДА АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ АТЫНДАҒЫ ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

          Абай облысының Бородулиха ауданында ел есінде қалатын тарихи сәт орын алды. Халық көптен күткен — «Абай атындағы» аудандық мешіт көпшілік жұртқа өз есігін айқара ашты. Бұл бір күн – тек жаңа ғимараттың емес, ел рухының, иман мен бірліктің салтанат құрған күні болды деуге толық негіз бар.            Мешіттің іргетасы  2022  жылы ...

Read More »

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТІ БІР «БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ» АШЫЛДЫ

           Абай облысында «Ауыл» партиясы өңірлік филиалының бастамасымен «Шығыс Қазақстан ұн және құрама жем комбинаты» акционерлік қоғамы мекемесінде жаңа Бастауыш партия ұйымы (БПҰ) ашылды.          Бұл маңызды шара еліміздің аграрлық саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың жалпы белсенділігін арттыруға, олардың әлеуметтік және кәсіби мүдделерін қорғауға бағытталды. Партияның бастауыш ұйымдары ел экономикасының өзегін құрайтын еңбек ...

Read More »

АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫ «ЕҢБЕК АДАМЫ» ИДЕЯСЫН ТҮСІНДІРУ АЯСЫНДА ЖҰРТШЫЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

           Абай облысында «Ауыл» партиясының өңірлік филиалы «Еңбек адамы» идеясын түсіндіруге арналған кездесу өткізді. Іс-шараға, партия активі мен жергілікті қарапайым жұмысшы тұрғындар қатысып, еңбекқорлық, адалдық және жауапкершілік сияқты адамгершілік құндылықтарды дәріптеу мәселелерін өзара талқылады.           Кездесудің мақсаты – қоғамда еңбек адамын қолдау, қарапайым еңбек иелерінің қоғамдағы мәртебесін арттыру және жастарды адал еңбекке ...

Read More »

«БІРЛІК ПЕН ЫНТЫМАҚ» ИДЕОЛОГЕМАСЫН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

       Абай облысында партия активінің жергілікті колледж студенттерімен кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу мақсаты – қоғамда бірлікті нығайту мен өзара қолдаудың маңызын түсіндіру, сондай-ақ, «Бірлік пен ынтымақ» идеологемасының мәні мен мазмұнын азаматтарға түсіндіріп, жеткізу.        Шараға, партия өкілдері мен жастар қанатының белсенділері қатысты. Кездесуді ашқан ұйымдастырушылар, қазіргі таңда, ел дамуының ең негізгі тірегі саналатын тұрақтылық пен ынтымақ мәселесіне ...

Read More »

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «АДАЛ АЗАМАТ» ИДЕОЛОГЕМАСЫН ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА ПАРТИЯ АКТИВІНІҢ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

               Абай облысында «Ауыл» партиясының өңірлік филиалы қоғамда рухани жаңғыру мен азаматтық жауапкершілік қағидаттарын ілгерілету мақсатында жергілікті «Зерделі» білім беру орталығының жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.  Іс-шара мақсаты – тұрғындарға «Адал азамат» идеологемасының мәнін түсіндіру, оның қоғамдағы және тұлғалық даму бағытындағы рөлін айқындау.          Кездесуге партия өкілдері, жалпы жастар қанатының белсенділері ...

Read More »