Егер де біз елімізде мемлекеттік тіліміздің қадірін арттырғымыз келсе, алдымен жас буынмен жұмысты барынша күшейтуіміз керек деп ойлаймын. Себебі, кез-келген адам ерте жаста алған білімін, көрген-білгенін тез есте сақтап қалып, қалған өмірінде сол кездегі түсінігін негізге алатын болады. Біз бұл үшін негізгі екі бағытта жұмыс істеуіміз қажет. Біріншіден – әр жастағы балаларға ...
Read More »ЕЛІМІЗДІҢ БАСТЫ ҚҰЖАТЫ
Біздің елімізде Ата Заң барлық құжаттардың қайнар көзі, бастауы болып табылады. Кез-келген мемлекеттік орган, мекеме, ұйым өзінің қызметінде Конституцияны басшылыққа ала отырып, сол бойынша өз қызметтерін жүзеге асырады. 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылданған бас құжаттың кейбір тарауларына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, 1995 жылы 30 тамызда қазіргі Ата Заңымыз қабылданды. ...
Read More »«Шеврон» компаниясы жастардың ғылымға және жаңа технологияларға қатысы бар жобаларын белсенді қолдайды
«Шеврон» компаниясы жастардың ғылымға және жаңа технологияларға қатысы бар жобаларын белсенді түрде қолдайды. Компанияның шынайы демеуші болуымен жүзеге асқан ауыз толтырып айтарлықтай әлеуметтік жобалар жетерлік. Оған қомақты түрде қаржы бөліп отыруды және жыл сайын оны арттыра түсуді компания дәстүрге айналдырған. Білім мен ғылым кез келген мемлекеттің даму және өркендеу көрсеткіші. Сондықтан оларды әлемдік ...
Read More »МЕКЕМЕАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ
Бүгінгі таңда құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау күн тәртібіндегі мәселелердің бірі екендігі баршамызға аян. Осы тұрғыда аудандық әкімшілік ғимаратында мекемеаралық жиын өтті. Жиынға аудан әкімі Мұрат Болатұлы мен аудан прокуроры Айдархан Жорықбайұлы, аудан әкімнің орынбасарлары мен аудан прокурорының орынбасары Мақсат Ералиев, аудандық полиция бөлімі бастығының м.у.а Есімжан Надиров пен қала, ...
Read More »ӨЗЕКТІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Отбасы – шағын мемлекет. Қасым ақын жырға қосқан шағын мемлекет әрқайсысы бүгінде бүтін бір Отанымызды құрайтын үлкен құрылымға айналды. Жаңа Қазақстан құруға бет алған еліміз әсіресе отбасы құндылықтарына көп көңіл бөліп отыр. Өйткені, қазір жаңадан тігілген 100 отаудың әрбір бесіншісінің түндігі бес жылға жетпей жабылып жатыр. Шырқы бұзылған шағын отбасы саны – қоғам дамуының дертіне айналды. ...
Read More »ЖЫЛЫ СУДА 25 КӨШЕ АСФАЛЬТТАНАДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында және билік пен бұқара арасындағы байланыстың ашықтығын нығайту, қоғамды одан әрі демократияландыру мақсатында Жетісай ауданының әкімі Мұрат Болатұлы бекітілген кестеге сәйкес Жылы су ауылдық округі тұрғындарымен Әл-Фараби елді мекенінде кездесу өткізді. №41 Х.Доспанова атындағы жалпы орта мектебінің ауласында ашық аспан астында басқосуға ...
Read More »КӨРШІҢІЗБЕН ТАТУСЫЗ БА?
«Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын», «Алыстағы ағайыннан алдыңдағы көршің артық», «Жақынның жаманын мақтама, көршіңнің ала жібін аттама» деп халық текке айтты ғой деймісіз. Жақсы көршің болса туысыңнан жақын жүреді, қызығыңа, қуанышыңа ортақтасып, қайғыңды бөліседі. Сондықтан қазақ халқы ежелден көршісін сыйлап келген, өзара тату тұрған. Көнекөз қариялар «ағайын бір өліде, бір тіріде керек» деп айтып ...
Read More »ТАБИҒАТТЫ АЯЛАУ -ТАЗАЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ
«Тазалық – денсаулық кепілі», «Дені саудың – жаны сау» деген аталы сөздерді текке айтпаған халқымыз қашан да қоршаған, өмір сүретін ортасының экологиялық таза болуына ерекше көңіл бөлген. Өйткені, елдің келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын ұстанатын, қауіпсіз ортада өмір сүретін өскелең ұрпақтың қолында екенін жақсы білген. Дені сау азамат қана қоғамның толыққанды мүшесі бола аларын ...
Read More »ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ ОРНЫН ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ БАСА МА?
Қоғамда ақпарат құралдарының алатын орны мен рөлі ерекше. Елімізде қазіргі таңда төрт жарым мыңнан астам ақпарат құралы бар екен. Олардың қаруы – қалам, жауынгері – журналист. Журналистің басты міндеті – қоғамның күнбе-күнгі тыныс-тіршілігін дөп басып, халықты жаңалықпен жедел хабардар ету, шындықты, ақиқатты ашып көрсету, адамға рухани күш сыйлау. «Дәрігер адамды емдесе, мал дәрігері бүкіл адамзатты ...
Read More »АУДАН ӘКІМІ МАҚТАЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында және билік пен бұқара арасындағы байланыстың ашықтығын нығайту мақсатында Жетісай ауданының әкімі Қадырбек Мұрат Болатұлы бекітілген кестеге сәйкес Мақталы ауылдық округі тұрғындарымен Дархан елді мекенінде №61 Ғ.Мұратбаев атындағы ЖОМ ғимаратында кездесу өткізді. Басқосуға аудан басшысымен қатар аудандық мәслихат депутаты Көбейбек Алиев пен дербес ...
Read More »