Орталықтанған сумен қамтамасыздандыру жүйесіндегі ауыз судың сапасына қойылатын талаптар санитарлық ережелер нормативті құжатында берілген. Осы стандартқа сәйкес ауыз су эпидемиологиялық және радиациялық тұрғыдан қауіпсіз, химиялық құрамы бойынша зиянсыз және жағымды органолептикалық қасиеттері болуы керек. Тұрғындардың шаруашылық-ауыз су қажетіне пайдаланылатын су келесі гигиеналық талаптарға сәйкес келуі қажет: органолептикалық қасиеттері жағымды, мөлдір, түссіз болуы және суға тән емес ешқандай бөгде дәм мен ...
Read More »«Қазақстандағы білім беру: STEAM ұлттық моделі» конференциясы өтеді
2021 жылғы 15 қаңтарда «Қазақстандағы білім беру: STEAM ұлттық моделі» онлайн-конференциясы өтеді, онда қазақстандық және халықаралық сарапшылар білімберу жүйесінің ағымдағы жай-күйін, проблемаларды және шешу мүмкіндіктерін, атап айтқанда, STEAM-әдістемелерін әзірлеу мен оқу процесіне енгізуді талқылайды. Іс-шараны ұйымдастырушы – “Шеврон” компаниясының қолдауымен”Caravan of Knowledge”.“Caravan of Knowledge” басшысы Зарина Биюмбаева атап өткендей, алдағы конференция білім беру саласындағы шенеуніктерге білім беру саясатын жоспарлауда, мектеп директорларына, әкімшіліктер мен мұғалімдерге — ағымдағы ...
Read More »ӘЛЕМДІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРМЕН ҮНДЕСТІРУІМІЗ ҚАЖЕТ
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы – елім, жерім деген әрбір қазақстандық үшін құнды дүние деп санаймын. Сол себепті де онда айтылған жайларға барынша мән беруіміз қажет. Елбасының бұл мақаласында қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары айқын көрініс тапқан. Бұл мақаланың мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани ...
Read More »МЕМЛЕКЕТТІК ЗАҢНАМА – БЕЙБІТШІЛІК КЕПІЛІ
Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан кейін, өзін зайырлы, әлеуметтік, демократия мен нарықтық экономика жолымен жүретін, азаматтық қоғам құратын мемлекет деп жариялады. БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдарға мүше бола отырып, адам құқығы, ар-ождан және діни сенім бостандығын қамтамасыз ету міндеттерін қабылдады. ҚР «Ата заңы» мен «Діни қызмет және діни бірлестіктер» Заңы ел азаматтарының діни сенім құқығына кепілдік берді. Адамзаттың тарихи ...
Read More »ЖАСТАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК СТАРТАПТАРДЫ ҚАЛАЙ БАСТАУ КЕРЕКТІГІ ҮЙРЕТІЛЕДІ
Атырау жастарына әлеуметтік стартаптарды бастау принциптері «Самғау» бизнес-фестивалінде үйретіледі. 16 қаңтарда Атырауда жастарға арналған «Самғау» бизнес-фестивалі өтуі жоспарлануда. Осымен бесінші рет ұйымдастырылып отырған іс-шара «I-SEED: инновациялар — әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру» жобасының аясында өткізілді. Фестивальді British Council «Шеврон» компаниясымен және облыстық әкімдікпен бірлесіп ұйымдастырды. «Самғау» мектеп оқушылары мен студенттерге іскерлік дағдыларды үйрету және әлеуметтік салада бизнесті бастау үшін пайдалы ...
Read More »ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: ЕЛДЕ АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІ МЕН КЕЙБІР ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ ҚЫМБАТТАҒАН
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше – 2020 жылы елімізде азық-түліктің кейбір түрлері 11,3, ал азық-түлік емес тауарларының бағасы 5,5, ақылы қызметтер 4,2 пайызға жоғарылаған екен. Осы басқармасының нақты деректеріне сүйенсек; 2020 жылы бағаның өсуі – құмшекерге 33,9, күнбағыс майына 33,7, жармаларға 28,7, жұмыртқаға 20, картопқа 16,8, ұнға 16,3, жаңа жиналған көкөністерге және қой етіне 15,4, ...
Read More »ЖЕТІСАЙЛЫҚ МҰҒАЛІМ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ҰСТАЗЫ» АТАНДЫ
Түркістан облысында жыл қорытындысы бойынша әр салада жемісті еңбек етіп, халыққа сапалы қызмет көрсетуде абырой биігінен көріне білген азаматтар 2020 жылдың «Жыл үздігі» номинациясымен марапатталды. Жыл үздіктеріне Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің арнайы дипломы мен «Жыл үздігі» мүсіні табысталды. Карантиндік шектеулерге орай бұл шара онлайн форматта өтті. Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов жыл бойы атқарған істі бағалап, осы жолда жемісті ...
Read More »ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА ПЛАТФОРМА ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Қазнетте қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер мен заң жобаларын талқылайтын жаңа платформа ашылды. Идея авторы KAZGUU-дің айтуынша, www.kodeks.kz сайты ғылыми пікірталас үшін құрылған. Заңгерлер ғана емес, кез-келген азамат, БАҚ өкілі мен мүдделі тұлғалар да НҚА жобасының нақты ережелері мен нормаларын талқылауға қатысуға мүмкіндік алып отыр. «Ұйымдар мен жеке тұлғалар үшін тегін болып табылатын платформа біздің өз қаражатымыздың есебінен құрылды. Контенті ...
Read More »ҮЗІЛМЕЙДІ ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ
Өмір – адамға бір-ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый. Осындай сыйды бізге сыйлаған кім? Әрине, барша адам баласына осындай баға жетпес сыйды сыйлайтын ең қымбат адамдар, әрине туған ата-атаң. Қолыма қалам алуға бірден-бір себеп, менің ғана емес, бүкіл қазақ еліне ерен еңбегі сіңген «Тыл ардагері» жайлы болмақ. Яғни, мақтана-марқайып ауыз толтырып айта алатын өз әкем Мамрет Ералыұлы туралы баяндамақпын. ...
Read More »МУТАЦИЯ БРИТАНДЫҚТАРДЫ ӘБІГЕРГЕ САЛДЫ
Ұлыбританияда коронавирустың SARS-CoV-2 жаңа штамы қыркүйек айында табылған болатын, бірақ қазір ғана бұл жаңалықтың қаншалықты маңызға ие екендігі анықталып отыр. Ресми түрде нәтижесі басқа да мемлекеттеріне де таралып үлгеріпті. Жаңа штамм бүгіннің өзінде Дания мен Нидерландыда N150Y деп атауға ие болған бұл мутацияның адамдар арасында әдеттегі короновирусқа қарағанда жұқпалы болып, 70 пайызға жылдам тарайтыны белгілі болды. Қазіргі уақытта дейін инфекцияның ...
Read More »