1 сәуір – күлкі күні қарсаңында Алматы қаласы бойынша ҚАЖД ЛА-155/6 мекемесінде ұйымдастырылған «Әзіл- шыны аралас» атты карикатуралық суреттер конкурсы балалар үшін нағыз көңілді мереке болды. Конкурсқа 10 жазасын өтеуші жасөспірім қатысып, «Қоянның қасқырға күлуі», «Қасқыр мен түлкі» «Жаңа жылдан кейінгі Аяз ата», «Екі бауырсақ», «Тісі жоқ қыз», «Кештен кейін», «Аяғы ...
Read More »НАУРЫЗ – МЕЙІРІМДІЛІК, ТАЗАЛЫҚ, БІРЛІК, СЫЙЛАСТЫҚ, ТАТУЛЫҚ МЕРЕКЕСІ
Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі, береке-бірліктің, ұйымшылдықтың, молшылық пен көктемгі жаңарудың мерекесі. «Наурыз мерекесі» әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. Ескінің жаңарып, қалың қыстан аман есен шығып, жаңа күнді, жаңа нұрды қарсы алып, бір-біріне құшағын жайып, игі тілектер айтылатын мереке. Күн мен түннің теңескен көктемгі мерекені жыл сайын асыға күтіп, бүкіл халық, ұлт пен ұлыс ...
Read More »1 СӘУІР – ҚАЗАҚ ӨНЕРІ КҮНІНЕ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНАДЫ
«Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының «Қазақ жігіттері» меценаттар клубы және «Сайыпқыран», «Білім айнасы», «Қазақ газеттері» ақпараттық сайттары, Қарағанды облысының Азаматтық кеңесі қоғамдық бірлестігі, Бірінші Қарағанды телеарнасы ұлт құндылықтарын сақтау, насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесінде қазақтың дарынды композиторы, әрі дирижері Н.Тілендиевтің туған күніне орай белгіленген 1 сәуір – Қазақ өнері күніне орай мектеп оқушылары мен студенттер арасында ең үздік құттықтауға республикалық байқау ...
Read More »ҚҰТТЫ БОЛСЫН НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ!
Кең болсын қазағымның керегесі, Кетпесін Алла берген берекесі. Алаштың баласына нәсіп болған, Құтты болсын НАУРЫЗ мерекесі. Құрметті Отандастар, әріптестер, достар баршаңызды халқымыздың ең ұлы мейрамы, адам баласы мен табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін — әз Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін, көңілдің кеңейтін – Наурыз ...
Read More »НАУРЫЗ – ЖЫЛ БАСЫ
Көне парсы тілінен қазақша аударғанда «Жаңа күн» деген мағына беретін Наурыз – жыл басы. Қыстың көбесі сөгіліп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып, жаңаратын, табиғат-әлем көгеріп, көктейтін шақ. Шығыс халықтарына ортақ үлкен мейрам Наурыз – бірліктің, татулықтың, ізгіліктің, бақыттың мерекесі саналады.Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің ...
Read More »БӘЙГЕ ӨТТІ ДҮБІРЛЕТІП!
Наурыз мерекесі қарсаңында Алматы облысы, Шеңгелді ауылдық округіне қарасты «Қосқұдық» ауылында «Аламан», «Топ», «Тай», «Құнан» бәйгелері ұйымдастырылды. Жарыс барысында Қапшағай өңірінің әкімі Нұрлан Орынбасарұлы жиналған жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтап, атбегілерге сәттілік тіледі. Сонымен бірге, ауыл ақсақалдары сайыс басталар алдында бәйгеге қатысушалырға жылы лебіздерін білдіріп, ақ батасын берді. Республика деңгейінде өткен осы бәйгеге еліміздің ...
Read More »КЕМЕЛДІЛІКТІҢ ӨЗЕГІ – ІЗГІЛІК
Перзент үшін дүниеде ең жетілген, білімді де мәртебелі адам – оның ата-анасы болса, ең әдемі де жарық үй – оның туылған үйі. Қазақта «Баланы жастан» деген өсиет сөз бар. Яғни, баланың тәрбиелі де инабатты, білімді де өнегелі болып өсуі отбасында берілген тәрбиеге, үлкендер көрсеткен өнегеге тікелей байланысты. Қазақтың ұлы ақыны, хакім Абай «Адамға үш түрлі мінез жұғады: біріншісі – ата-анасы, ...
Read More »ЖУРНАЛИСТЕР АҒАШТАР ОТЫРҒЫЗДЫ
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ұйымдастыруымен отандық журналистер ағаш отырғызу маусымын бастады 21 наурыз – Халықаралық орман күні! Жер құрсауы босап, табиғат-ана түлей басталған кез. Айтулы күнде Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ұйымдастыруымен отандық журналистер ағаш отырғызу маусымын алғашқылардың бірі болып бастады. Ұлыстың ұлы күнімен тұспа-тұс келген мереке қарсаңында Междуреченск орман тұқымбағының аумағында қырым қарағайы мен қайың ағаштары ...
Read More »ҚазҰМУ кафедрасына Сәкен Нұғмановтың есімі берілді
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті атақты дәрігерлер мен оқытушылардың есімдерін мәңгі есте қалдыру дәстүрін «Тағзым – Мы помним. Мы гордимся» атты тақырыпта жалғастыруда. Бүгін Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында ҚазҰМУ онкология кафедрасына Қазақстандағы онкологиялық қызметтің негізін қалаушы Сәкен Нұғманұлы Нұғмановтың есімі берілді. Сәкен Нұғманұлы – ҚазОжРҒЗИ-дың бірінші директоры болды және оны 1960 жылдан 1970 ...
Read More »АЛМАТЫДАҒЫ ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНЫҢ ҰЖЫМЫ ӘРІПТЕСТЕРІН ЗЕЙНЕТКЕРЛІККЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ
Алматы қаласындағы ЛА-155/18 мекемесінде 70-ке жуық қыз-келіншектер еңбек етеді. Қылмыстық-атқару саласының қиындығы мол қызметін ерлермен бірдей атқарып жүрген нәзік жандыларда кешегі қаңтар оқиғасы кезінде де қызмет орнынан табылып, анттарына адалдық танытты. Олар биылғы Халықаралық әйелдер мерекесін жылдағыдан ерекше атап өтті. Мекеменің қыз-келіншектеріне арналған жиында ұжымның «Кадр саясаты» бөлімінің бұрынғы басшысы Регина ...
Read More »