Өтетін орны: ҚР ҚК Мемлекеттік Әскери-тарихи музейі, Нұр-Сұлтан қаласы, Республика даңғылы 2 Өтетін күні мен уақыты: 21 мамыр, 2022 ж., сағат 11:00 Байланыс телефоны: +7(7172) 44-26-19; +7(775)390-01-86; 2022 жылғы 21 мамырда ҚР ҚК Мемлекеттік Әскери-тарихи музейінде ҚР Мемлекеттік орталық музейімен бірлесе Қазақстанның халық артисі, қазақ ұлттық операсы мен ән мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосқан Омарова Жамал ...
Read More »ҚАРАҒАНДЫДА «ҚЫЗ ӨССЕ – ЕЛДІҢ КӨРКІ!» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ
Қарағандыда 15 мамыр – Аяулы қазақ қыздары күні аталып өтті. 2019 жылы Қарағанды қаласында «Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының» бастамасымен ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесі жобасы таныстырылған болатын. Осы Қазақ күнтізбесіндегі 15 мамыр күні – Аяулы қазақ қыздары күні болып белгіленді. Бұл күні қазақтың батыр қызы, ұшқыш Хиуаз Доспан өмірге келген. ...
Read More »ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «REJISSER. DRAMATURG. START-2022» РЕЖИССЕРЛІК ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ ӨТЕДІ
16-22 мамыр аралығында Алматыда Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының бірлесіп ұйымдастыруымен Халықаралық «Rejisser. Dramaturg. START-2022» режиссерлік лабораториялық жобасы өтеді. «R.D.S» жас режиссерлер мен драматургтердің шығармашылық байланысын нығайту, олардың заманға сай идеялары мен жаңаша көзқарасын қалыптастыру және қазақ театр саласында ...
Read More »АЯУЛЫ ҚЫЗДАРЫМЫЗДЫҢ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
ҚАДІРЛІ ӘЛЕУМЕТ! 2019 жылы Қарағанды қаласында «Қазақ халқының мұрасы» кітаптар сериясының» бастамасымен ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесі жарық көрді. Осы Қазақ күнтізбесіндегі 15 мамыр күні – Аяулы қазақ қыздары күні болып белгіленген. Бұл күні қазақтың батыр қызы, ұшқыш Хиуаз Доспан өмірге келген. Қазақ қыздары жайлы сөз қозғағанда жадымызға ...
Read More »РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ БАСТАЛДЫ
Республикалық «Ғани Мұратбаев» атындағы жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстың ЕРЕЖЕСІ Жалпы ережелер Республикалық «Ғани Мұратбаев» атындағы жастар сыйлығы (бұдан әрі – Сыйлық) Қазақстандық патриотизмді арттыруға елеулі үлес қосқан жас дарынды белсенділерді қолдау, Орта Азия мен Шығыс жастарының жалынды жетекшісі, белгілі қоғам қайраткері Ғани Мұратбаевтың ісі мен өнегесін өскелең ұрпаққа дәріптеу, кеңінен насихаттау мақсатында өткізіледі. Сонымен қатар, Сыйлық талантты ...
Read More »ҮКІЛЕГЕН ҮМІТТЕРІМІЗ
Ағымдағы жылдың 18 тамызында қабырғасының қаланғанына 30 жыл толатын ҰҚК Шекара қызметінің төл мерекесіне дайындық толассыз жүріп жатыр. Шекара аймақтарында сенбіліктер өтіп, ағаш егу акциялары жалғасуда. Үстіміздегі жылдың басынан бері қарай қолға алынған әрбір шара, жетістіктер мен жеңістер – шекарашылардың төл мерекесін ұлықтай түседі. Бүгін ҰҚК Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаментінде ...
Read More »ҚҰПИЯҒА ТОЛЫ ТҮРКИЯ
Биылғы жылы сәуірдің 27-сі мен мамырдың 1-і аралығында талдықорғандық әріптес Айман Асылбекова екеуімізге тарихы терең, қойнауы құпияға толы Түркияға сапар шегудің сәті түсті. Қазақстандағы Түркітілдес журналистер қоры мен оның басшысы Нәзия Жоямергенқызының тікелей қолдауы арқасында сапардың барлық шығынын ұйымдастырушылар көтерді. Осындай мүмкіндіктің арқасында ел аралап, жер көрдік. Жақсы адамдармен танысып, сапарлас болдық. ...
Read More »77 РАУШАН ГҮЛІ МЕН 30 ЖЕМІС АҒАШЫ…
Көктеммен бірге көгалдандыру жұмысы да келді. Сенбіліктер өтіп, түрлі жеміс ағаштарының көшеттері егіледі. Жер емген диқандар егістік даласына асығады… «Ағаш ексең аялап, басыңа болар сая бақ» деген. Сенбілік жұмыстарынан шекарашылар да тыс қалған жоқ. Департамент, шекара басқармалары және ел шебіндегі шекара бөлімшелерінің аумақтарында сенбіліктер өтіп, көгалдандыру жұмыстары жандануда. Солардың ішінен, ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментіне қарасты Қарасай ауданы ...
Read More »ҚАЛАМГЕРЛЕР МЕН ӨНЕР АДАМДАРЫ – ХАЛЫҚ АЙНАСЫ
NIS халықаралық бакалавриат мектебінде танымал ақын және жазушымен кездесу өтті. NIS халықаралық бакалавриат мектебінде «Даналық бейсенбі» және «Замандастар жырлары» жобалары аясында «Абай» мерейтойлық медалінің иегері, белгілі ақын – Жұлдызай Ысқақ және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты – Алмаз Мырзахметпен кездесу өтті. «Қаламгерлер мен өнер ...
Read More »АУДАНДА АЖЫРАСУШЫЛАР САНЫ АЗАЙҒАН
Шардара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің азаматтық хал актілерін тіркеу саласы бойынша биылғы жылдың басынан бері 673 актілік жазба тіркелген. Оның 456-сы туу туралы, 95-і қайтыс болу туралы, 117-сі неке қию туралы болса 4-і неке бұзу туралы жазбалар. Одан бөлек бір тұрғыннан аты-жөнін ауыстыру бойынша өтініш түскен. «Ауданда өткен ...
Read More »