Бұл дүниеде адам баласына берілген сыйдың есебі сансыз. Соның бірі бұл – ағайын-туыстарымыз. Жанымызға ауырлық түссе жұбататын, қиналғанда арқа сүйерің, қуанғанда қуанышыңды бөлісіп, өкпелесек назыңды көтеріп қателігімізді кешіре білетін тек ағайын-туыстарымыз ғана. Айналамыздағы адамдардың барлығы ағайын-туыстай бола бермейтіні шындық. Туыстық қарым-қатынасты халқымыз қашанда жоғары қойған. Алайда, қазіргі таңда қоғамымызда дұрыс тәрбиеден шалыс, имандылықтан қалыс қалған кей ...
Read More »САЛАФИЗМ ЖӘНЕ ДЕНОМИНАЦИЯ
Қазіргі таңда Қазақстан және Орта Азия елдерінде атышулы ислами ағымдардың алғы шебінде жүрген «Салафизм» ағымы туралы толыққанды анықтама бермесе де түсінікті. Олар туралы мәліметтер мен ақпараттар күніміздегі өмірде қағаз беттері мен әлеуметтік желілердегі жаңалықтарды жаулап алған. Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.с.) айтуынша: «Ең жақсы адамдар менің ғасырымда, одан кейінгі топ келесі ғасырда, одан кейінгі топ келесі ғасырда ...
Read More »ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ХАЛЫҚ БИЛІГІНІҢ МАҢЫЗЫ МЕН РӨЛІ
Әйтеке Байбекұлы: «Бақ деген – құс, ұшады да кетеді. Тақ деген – түс, кіреді де кетеді. Байлық деген – мұз, ериді де кетеді. Мәңгілік қалатын – адал іс. Өмірде адал іс қана мәңгілік қалатынына көзім жетті» – деп бір ауыз сөзбен нақтылап кеткен. Қадыр Мырза Әли болса: «Әкеңді білмеген ештеңе емес, қаптаған халықтың ішінен ұлтыңды білмеген ...
Read More »ИСЛАМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚЫ САЛТ-ДӘСТҮР
Алашорда қайраткері Смағұл Сәдуақасов: «Қазақ елі… мақсатына жету үшін ең әуелі өзінің ұлт екенін біліп, ұлттығын танып алуы керек»,-деп болашақ ұрпаққа өнегелі сөзін қалдырған. Қазақтың ұлттық келбетін анықтаушы маңызды құндылықтар қатарына дін де жатады. Ұлттың рухани жаңғыруы жолында дәстүрлі діни танымнан алшақтамаудың маңызы өте зор. Себебі қазақ ұлтын ұйыстырған қайнар көздердің біразы өз бастауын діннен алған. ...
Read More »ИНТЕРНЕТ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ЗАҢ
Ақпараттық тұрғыда интернет жалпы ғаламдық феноменге айналуда. Қазір қолымыз босай қалса отбасымызбен бір-бір мобильді телефонға жармасып, жеке басымызбен сол интернетке кіріп кететін әдет пайда болғаны жасырын емес. Интернет ресурстары жеке-дара ақпарат көздерінің шоғырына айналды. Әркім өзі қалаған жазба, не бейне материалды тұтастай қоғамның назарына ұсына алады, маңызды санаған оқиғаға байланысты өз ойын ортаға салу мүмкіндігі ...
Read More »ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТТЕ ДІННІҢ ӨЗІНДІК ОРНЫ
Зайырлы мемлекетте діннің өзіндік орны бар. Елімізде дін мәселесі сөз болғанда негізгі мәселе ұлт тағдыры, мемлекет, зайырлылық, салт – дәстүр, мәдениет, мемлекеттің тізгінін ұстайтын, болашақта мемлекетіміздің бұдан ары өркендеп дамуына үлес қосатын жастарымыздың жағдайына зер салып қарайтын мәселелердің бірі. Дін – адамзаттың қолы жеткен ең басты құндылықтары. Қоғамның сан түрлі саяси, әлеуметтік-экономикалық ...
Read More »ДОМБЫРА – ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ЖӘДІГЕР
Соңғы кездері теріс діни ағым жетегінде кеткен азаматтар тарапынан қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы домбыраға қарсы шабуыл басталып халық тарапынан үлкен сынға ұшырады. Бір қызығы домбыраны арамға шығаратындар қазіргі кезде ғана емес осыдан бірнеше ғасырлар бұрында болған. Кезінде домбыраны жоққа шығарған Есқали сұпыға Қашаған жыраудың берген жауабы әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпады. Берісі қазақ ...
Read More »ДІН САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ
Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру әртүрлі конфессия мен этнос өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан зайырлы Қазақстан дамуының басым міндеттерін шешуге және ел болашағының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстанда соңғы он екі жылдықта орын алған террористік актілер және діни экстремизмнің өрістеуі мемлекеттің дін саласына деген көзқарасын қайта қарауға мәжбүр етті. Қазақстан тарихында ...
Read More »2024 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ҰЛТТЫҚ КҮНТІЗБЕ ЖАРЫҚ КӨРДІ
2019 жылы Қарағанды қаласында Qazaq club-тың қаржылай қолдауымен Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған «Қазақ күнтізбесінің» тұсауы кесілген болатын. Содан бері тұрақты түрде әр жылға арналған күнтізбелер жарық көруде. Онда қазақ халқының мақтан тұтар перзенттері, ерекше тарихи даталар мен т.б. маңызды оқиғалар туралы құнды деректер келтірілген. Қуантарлығы сол игі дәстүр өз жалғасын ...
Read More »ДІН ЖӘНЕ ДІНИ ИДЕОЛОГИЯ
Дін-жеке тұлға үшін «Мен кіммін?», топтар үшін «Біз кімбіз?» деген сұрақтардың жауабын береді. Әлі күнге дейін «Өмірге неге келдім?» «Өлімнен кейін өмір бар ма?», «Құдай бар ма? Бар болса қандай?» сынды сұрақтарға діннен артық жауап беретін институт жоқ. Міне, сондықтан да ғалымдар өлімге шара табылмайынша, дінге деген қажеттілік жойылмайды деген. Сонымен қатар, дін адамның қоғамда ...
Read More »