Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
Жас буын Archives - Page 16 of 32 - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Жас буын

Жас буын

ҰЛТЫН СҮЙГЕН ҰЛЫ ЖҮРЕК

          Биыл елімізде қазақтың жарық жұлдызы, Алаш қозғалысының қайраткері Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай түрлі іс-шаралар өткізілуде. Сондай іс-шараның бірі – Жетісай аудандық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен  Қазыбек би ауылдық округіне қарасты «М.Жұмабаев» атындағы жалпы орта мектебінде болып өтті.         «Ұлтын сүйген ұлы жүрек» тақырыбында өткізілген осы іс-шараның ...

Read More »

“СЫРШЫЛ ӘУЕН” ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КӨРМЕСІ

           Кескіндеме, мүсін және дизайн факультеті, «Көркемсурет» кафедрасының доценті, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, бірнеше оқу-әдістемелік құралдардың авторы  Бүркітбаев Бақтияр Сыбанұлының, «Сыршыл әуен» атты жеке шығармашылық көрмесінің ашылу салтанатты кеші өтті. Бұл мерекелік кеш Темірбек Жүргеновтің  125 жылдық мерейтойына арналды.        Тамаша өткен көрмені тамашалауға Қ.З.Халыков,  Ш.Қ.Ергөбек, Б.С.Тұрғынбай, Ж.Қ.Қайрамбаев,  Қ.С. Оразқұлова сынды өнертанушы тұлғалар әрі студенттер қатысты. ...

Read More »

ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІКТЕРГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ЖАҢА ӘДІСТЕР ТІЛІМІЗДІҢ ӨРКЕНДЕУІНЕ ҮЛКЕН СЕП БОЛА АЛАДЫ

      Кезінде КСРО империясы күйреп, дербестікке қолымыз жеткен соң, қазақ тіліне мемлекеттік тіл статусы беріліп, ол қарқынды түрде дами бастады. Еліміздің әр бұрышынан қазақ тілі қоғамдары, сондай-ақ қазақ тілі комитеттері құрылып, оның деңгейін көтеру бағытында жұмыстар  белсенді түрде атқарыла бастады. Соның арқасында ресми құжаттар – қазақ, орыс тілдерінде қатар жүрсе, қазақ тілін үйретуге бағытталған оқулықтар мен тілашарлар және ...

Read More »

ТАБИҒАТПЕН ДОС БОЛ!

       Жуырда біздің  кітапханамыздың  ұйымдастыруымен  «Табиғатпен дос бол!» атты сурет салу байқауы өткізілді. Бұл байқауға ауылымыздағы Қ.Абдалиев атындағы №54-ші жалпы орта мектебінің даярлық тобының оқушылары қатысты.        Іс-шарнаың мақсаты – жас буынның Табиғат-Анаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, олардың бейнелеу өнеріне қатысты қабілеттерін арттыру болды.        Халқымыздың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев ...

Read More »

Ш.ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ АР-ОЖДАН ФИЛОСОФИЯСЫ

          Барын бағалаған ел ғана қашанда жолынан жаңылмай, тарихқа бағыт бере алады. Сондықтан да өткеннің өнегесі –  бүгіннің баға жетпес байлығы.Қазақ елінің тәуелсіз даму жолында ұлтымыздың ұлағатты ұлдары қолына қару алып та, қалам алып та қызмет етті. Өйткені еркіндік үшін күрестің жолдары да саналуан. Қазақ даласынан шыққан ақын, аудармашы, тарихшы, сазгер, философШәкәрім Құдайбердіұлытуғанына биыл 165 жыл ...

Read More »

ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДЫ ҰҒЫНУЫ

           Қазақ халқы орнын басар ұрпағының денінің саулығы мен ой санасының дұрыс қалыптасуына қатты мән берген. Оған әсер ететін дәстүрлі мәдениетіміздің бір бағыты – халықтың ұлттық ойындары. Ұлттық ойынды ата-бабамыз баланың көзқарасын, мінез-құлқын қалыптастыратын тәрбие құралы деп санаған. Сондықтан баланың жан-жақты дамуын көздейтін, оның тілін жаттықтыратын, қимыл-қозғалысын жетілдіретін, белсенділігін арттыратын  сан түрлі ұлттық ойындарды ойлап тапқан. ...

Read More »

ӨМІРДЕ АДАМҒА ҚАДІРЛІ КІМДЕР?

          Жаратылыс заңдылығынан еш нәрсе тысқары шыға алмайды. Қанша ғасырлар өтті күннің батып, таңның атуын, қыс келіп, жаздың кетуін ешкім өзгерте алған емес. Себебі, бұл құбылыстар бекітіліп қойған өзгермейтін ереже. Сондықтан жер бетінің өте ұлық та, керемет болған адам баласының  жаратылысының өзіндік ережелері мен бастаулары бар. Адам баласы ол ережелерді сақтамай, өзінің өмір сүру принциптерінен тайған ...

Read More »

ЗАЙЫРЛЫ БІЛІМ – РУХАНИ ДАМУ КЕПІЛІ

       Ислам діні бейбітшілік пен береке-бірлік діні. Қаншама ғасырдан бері қазақ халқының өмірі мен салт-дәстүрімен үйлесімін тауып келеді. Дін жай ғана сенім немесе құлшылықтардан тұрмайтынын айта кеткен жөн. Алайда қазір қоғам арасында өкінішке орай дінді біліммен емес, сезіммен түсініп жүргендер бар. Олар тіпті Исламның қарапайым қағидаларын да білмейді. Бүгінгі таңда діни тұрғыда қоғам ойы екіге бөлініп, көптеген қарама-қайшылықтар ...

Read More »

ЖАЛҒАН СӘЛӘФИЛІК ИСЛАМ ҮММЕТІ ҮШІН ҚАУІПТІ АҒЫМ

           «Сәләф» сөзі тілдік тұрғыдан «Алдын өмір сүргендер, ата-бабалар, бұрынғылар»,-дегенді білдіреді. Терминдік тараптан бұл сөз белгілі бір кезеңге қатысты мағынаға келеді. Яғни, пайғамбар (с.а.с.) заманында және одан кейінгі екі ғасырда өмір сүрген мұсылмандарды «сәләфи салих» деп атайды. Осыған орай, имам Бұхари және Муслимде келген Абдулла ибн Масғұдтан (р.а.) жеткен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадисінде: «Ең абзал кезең – ...

Read More »

ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ ЗАЙЫРЛЫ БІЛІМ АЛУ

        Ислам діні – ілім алуға, сауатты болуға шақыратын дін. Алла Тағала ең алғаш Құран аяттарын уахи еткенде «Оқы!»-деген. Демек, алғашқы аяттар білім алу керектігін меңзеп тұр. Алайда, аятта қай ілім саласын оқу керектігі айтылмаған, бұл аят жалпылама ілім алуды, сауатты болуды бұйырып тұр. Сол үшін адам өмірінде діни ілімнің де, дүниелік ілімнің де алатын орны ерекше. ...

Read More »