Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық мәслихат хатшысы Медет Қасымов жауапты сала мамандарымен бірге қаланың санитарлық тазалығы мен жүргізіліп жатқан абаттандыру шараларының барысымен танысып, анықталған кемшіліктер бойынша тиісті тапсырмалар берді. Алдымен аудан басшысы 2013 жылы қолданысқа берілген «Абай» гүлзары мен «Тәуелсіздік» монументі аумағында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын ...
Read More »ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ ЖЕТІСАЙДА БАС ҚОСТЫ
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық мәслихатындағы фракцияның кезекті көшпелі отырысы бүгін Жетісай ауданында жалғасты. Партияның аудандық филиалының мәжіліс залында өткен жиын, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиевтің жетекшілігімен өтті. Облыстық мәслихаттағы партия өкілдерінің жұмыс жиынына Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Алмаханұлы Әбішов, облыстық мәслихаттың депутаттары-фракция мүшелері, облыстық басқармалар мен мекемелердің жауапты өкілдері, Жетісай ...
Read More »«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
Жетісай ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық жалпыұлттық акциясы аясында бүгін Ш.Ділдәбеков ауылдық округінде аудандық сенбілік өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған шараға аудандағы барлық мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлерімен қатар аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат аппараты қызметкерлері мен жергілікті депутаттар, округ тұрғындары қатысты. ...
Read More »HUBBLENETWORK ЖӘНЕ ASTRANIS КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
АҚШ-қа жұмыс сапары аясында министр Жаслан Мәдиев Hubble Network компаниясының негізін қалаушы және атқарушы өкілі Алекс Харомен, сондай-ақ Astranis компаниясының өкілдерімен кездесулер өткізді. Кездесулерде ғарыштық технологиялар мен спутниктік коммуникациялар саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. HubbleNetwork-пен ҚР аумағында IoT-құрылғыларды орналастыру бойынша пилоттық жобаны іске қосу туралы келісімге қол жеткізілді. Компанияның шешімдерін пайдалану сенімді байланыс пен ...
Read More »ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен 2024 – 2025 жылғы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын үйлестіру мақсатында арнайы жиын өтті. Басқосуға аудан әкімінің орынбасарлары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары қатысты. Серік Үсенұлы өз сөзінде аудандағы мектептер мен мәдениет ошақтарындағы, денсаулық сақтау мекемелеріндегі қажетті көмір отынымен қамтамасыз ету шараларын тездету ...
Read More »ИГЕРІЛМЕГЕН ЖЕРЛЕРДІ МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тапсырмасымен аудандағы игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша тиісті жұмыстар тұрақты түрде атқарылуда. Аудан әкімінің өкімі негізінде аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің жер қатынастары секторы тарапынан арнайы жұмысшы тобы құрылып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмей жатқан жер учаскелеріне түгендеу жүргізілген. ...
Read More »NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАР АРАСЫНДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ТУРНИР ӨТТІ
Бүгін Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Дүйсенбілік спорт» жобасы бойынша «Social project management» орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен NEET санатындағы жастар арасында үстел теннисінен турнир өтті. Бұқаралық спортты дамыту және жастарды қолдау мақсатындағы аталмыш шараға базардан, сауда орталықтарында жұмыс істейтін және жұмыссыз жүрген жастардан 30 қатысушы бақтарын сынады. ...
Read More »СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ЖАҒАЛАУЛАРЫ ТАЗАРТЫЛДЫ
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тапсырмасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қала, кент және барлық ауылдық округтерде ауқымды сенбіліктер ұйымдастырылды. Негізгі тазалық жұмыстары Қызылқұм, Ж.Ералиев және Ш.Ділдәбеков ауылдық округтерінің аумағынан өтетін Шардара су қоймасының жағалауында жүргізілді. Бұның өзіндік себептері де жоқ емес. Басты табыс көзі диқаншылық болып табылатын аудан тұрғындары үшін ...
Read More »ВЕГЕТАЦИЯЛЫҚ КЕЗЕҢГЕ ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Негізгі табысы ауыл шаруашылығы саласына тікелей байланысты Жетісай ауданында шаруалардың егінінің бітік шыққаны, қырманның өнімге толғаны аса маңызды. Ол үшін өнімге дер кезінде ағын су мен минералды тыңайтқыштардың жеткізіліп, күтіп-баптау жұмыстары да уақытылы жүргізілуі тиіс. Аудан шаруаларының жазғы вегетациялық маусымда ағын судан тапшылық көрмеуін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімі Серік Үсенұлы ...
Read More »АУЫЗ СУДЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУЫНДА
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов жеке қабылдаулары мен әлеуметтік желі парақшаларында жиі жазылатын ауданның ауыз су мәселесінің жетіспеушілігін оңтайлы шешу, тұрғындарды жүргізілген жаңа ауыз су жүйелеріне қосу жұмыстарын ұйымдастыруды жылдамдату мақсатында Жетісай қаласындағы ауыз мекемесінде болды. Бұрынғы Кеңес одағы кезеңінде салынып, тозығы жеткен Жетісай қаласы ауыз су жүйелерін қайта құру ...
Read More »