Алматылық тұрғындар Halyk Bank пен Алматы әкімдігінің көмегі туралы айтып берді. Пеш жағып, көмірмен үйді жылытып отырған алматылық тұрғындардың бір уайымы қып-қызыл ақшаға тонналап көмір түсіру. Көмір алуға қажет ақшадан бөлек, пеш жағу кезіндегі машақатты айтсаңызшы. Үйдің ішінде орнатылған пеш түтіндеп, қақаған аязда есік-терезені ашып желдететін кездер де жоқ емес. Ал түтіндеп жанған пеш адам өмірі үшін қауіпті екені айтпаса ...
Read More »МАҚТААРАЛДА «МЫРЗАКЕНТ» МОНШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Бүгін Мырзакент кентінде «Назар» шаруа қожалығының төрайымы, кәсіпкер Ұлболсын Асқарованың жеке қаражаты есебінен салынған «Мырзакент» моншасы ел игілігі үшін пайдалануға берілді. Қоғамдық кешеннің ашылу рәсіміне қатысқан ауданның кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Өсер Мырзамдамов әлемдегі қиын жағдайға қарамастан ауданда шағын және орта бизнес дамып келе жатқанын айтты. «Жаһандық пандемияға қарамастан, Мақтаарал ауданында кәсіпкерлік нысандарының қатары күн сайын артуда. Міне, бүгін заманауи үлгіде ...
Read More »ЖОЛ КАРТАСЫ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 60 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов «жұмыспен қамтудың Жол картасын» жүзеге асыруға ерекше көңіл бөліп отыр. 2020 жылы ағдарламаны іске асыру үшін 1051 жобаға 105 миллиард теңге бөлінді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» тапсырмасы аясында үлкен жұмыс атқарылып, 60 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Карантин кезеңінде жұмысынан босап қалған азаматтардың дені жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастырылды. Облыс ...
Read More »ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНДА ЖОҒАРҒЫ КӨРСЕТКІШТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛДІ
Мақтаарал ауданының жер қатынастар бөлімі облыс әкімдігінің ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. Облыста жер қатынастары саласын дамыту мақсатында 2020 жылға жоспарланған жұмыстарды жоғары деңгейде орындағаны үшін берілген марапатты аудан әкімі Бақыт Асанов бөлім басшысы Нұржан Атақұловқа табыстады. Ауданымызда жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі өте өзекті болып отыр. Мемлекеттен жерді тегін жалға алу құқығына ие болғандардың көпшілігі жерді игермей, босқа ұстап отыр. Бұл мәселе ...
Read More »ЕРЛІК ДАҢҚЫ ӨШПЕЙДІ
Мақтаарал аудандық мәдениет үйінде Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толуына байланысты мерекелік іс-шара болып өтті. Барлық санитарлық талаптар сақтала отырып өткізілген шараға, аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова, қоғамдық ұйымдардың басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Ауған соғысында ерлікпен қайтыс болған боздақтарды 1 минуттық үнсіздікпен еске алудан басталған іс-шарада алғашқы сөз аудан әкімінің орынбасары Алтын Күнтуқызына берілді. Ол ауған соғысының ...
Read More »ХАЛЫҚ СОТТАН ӘДІЛ ШЕШІМ КҮТУДЕ
Мақтаарал аудандық сотының төрағасы Мұсаев Құнанбай Әбиболлаұлы 2020 жылы атқарылған жұмыстар бойынша қорытынды жиын өткізді. Бұл басқосуға ауданымыздағы БАҚ өкілдері қатысты. Аудандық соттың төрағасы Қ.Мұсаев өз сөзінде 2020 жылы жалпы соттың іс жүргізуіне 2833 істің келіп түсіп, қаралғанынан айтты. Қылмыстық бағытта 120 келіп түсе, оның 72-не үкім шығарылды. 29 іс тоқтатылып, 8 тұлғаға 1 154 595 теңге айыппұл салынып, ол ...
Read More »ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ АУДАНЫМЫЗҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ
Қазіргі таңда Мақтаарал ауданы Өзбекстанның Сырдария және Жызақ облыстарындағы 4 ауданымен шектеседі. Ауданды көрші елмен байланыстырып тұрған «Атамекен» кедендік бекеті мен «Сырдария», «Целинный» шекара өткізу бекеттері арқылы күніне жүздеген жеңіл көліктер мен жүк көліктері барыс-келіс жасауда. Екі ел арасында бұдан да тығыз экономикалық қарым-қатынас орнату мүмкіндігі бар. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2018 жылы «Орталық Азия» халықаралық сауда экономикалық ынтымақтастық орталығын құру ...
Read More »АУДАНДАҒЫ ЕҢ ҮЛКЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГКЕ ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Сайлаудан жеңіп шыққан Тұрғанбаев Ербол Шүренбайұлы аудан әкімінің өкімімен жеке еңбек шартына сәйкес міндетті арнайы тексеруден өткенге дейін, Мақтаарал ауданына қарасты Мақтаарал ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды. Бүгін аудан әкімінің орынбасары Сәкен Сұлтанханов жаңа басшыны округтің активіне таныстырып, бастап жатқан қызметіне сәттілік тілесе, округтің белсенділері жаңа әкімнен көп үміт күтетіндерін айтып, оған қолдау білдірді. Ербол Шүренбайұлы 1967 ...
Read More »ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫ ЕЛІМІЗДЕ ЖАҺАНДЫҚ БАСТАМАЛАР МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСТЫ
2021 жыл «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» деп жарияланды. Мен 1991 жылы тамыз айында Кеңес Одағы тарқағаннан кейін, Қазақстан өз Тәуелсіздігін алғалы Қазақстан Республикасында жаңадан құрылған саяси құрылымда – Киров, кейін Асықата ауданы, 1997 жылы сәуір айында 3 аудан біріккен соң (Мақтарал, Асықата, Жетісай аудандары) іріленген Мақтарал ауданы әкімі аппаратында 2017 жылы мамыр айынан бастап 2017 жылы сәуір айына дейін ...
Read More »ХҚО ҚЫЗМЕТКЕРІ КӨПІРДЕН СЕКІРМЕК БОЛҒАН ЖІГІТТІ ӨЛІМНЕН ҚҰТҚАРДЫ
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының Сарыағаш аудандық ХҚО бөлім басшысының орынбасары Камилов Талғат Бағдатұлы поезд өткеліндегі көпірден секіріп, суицид жасамақ болған жігітті өлімнен арашалап қалды. Үйіне бара жатқан Талғат Бағдатұлы жолай полиция автокөліктерін, жиналып қалған жұртты байқап жақындағанда, көпірден секіргелі тұрған жігітті көріп бірден көмекке ұмтылған. «Мен досымның көлігімен үйге қарай келе жатқанмын. Бір ...
Read More »