Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің 26.05.2020 жылғы № КГД-14-5-14/2485-И санды хатына сәйкес келесіні хабарлайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 3 наурыздағы № 95 қаулысымен «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторы болып айқындалды. Тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесі темекі бұйымдарының өндірушіден тұтынушыға дейінгі айналымының барлық кезеңдерін қамтиды. Әр кезеңде субъектілер таңбалау кодын оқуды жүзеге асырады, ...
Read More »Еліміздің 402 азаматы өткен тәулікте қатерлі дерттен айығыпты
Қазақстанда өткен тәулікте 402 адам коронавирус індетінен емделіп шықты- деп хабарлайды ҚазАқпарат, coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасай отырып. Келіп түскен деректерге қарағанда бүгінде өңірлер бойынша жағдай төмендегідей екен: Нұр-Сұлтан қаласында – 39. Ақмола облысында – 41. Ақтөбе облысында – 1. Атырау облысында – 35. Шығыс Қазақстан облысында – 138. Жамбыл облысында – 15. Батыс Қазақстан облысында – 3. Қарағанды облысында – ...
Read More »Автомобиль өткізу пунктері 2020 жылдың 1 желтоқсанында жабылады
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлауынша – 2020 жылдың 1 желтоқсанында Қытай мен Қазақстан арасындағы автомобиль бекеттері жабылады. Бірақ, 2020 жылдың 2 желтоқсанында бұл өткізу бекеттері жұмыстарын қайта істей бастайды. Сол себепті де МКК орынсыз дүрлікпеуге шақырады. Сонымен қатар, МКК тауар тасымалдаушылардан жоспарларын аталған шектеулерді ескертіп үйлестіруді сұрайды.
Read More »ЕЛОРДАДА ЛИНГВИСТЕРДІ ДАЯРЛАУДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Елордада тіл білімі мамандары мен жұмыс берушілер Консультативті кеңесте жиналып, қостілді білім беруді дамытудың жолдарын талқылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазақстанда қазақ-ағылшын тілдерін бірдей деңгейде білетін кәсіби лингвистердің жоқтығы – өзекті мәселелердің бірі. Кездесу барысында қазақ тілін халықаралық қатынастарда қолданудың жолдары мен «Қазақ-ағылшын тілі және лингвистика» бағдарламасының траекториясы талқыланды. Аталған бағдарлама қазақ және ағылшын тілдері бойынша қостілді мамандарды даярлауға бағытталған. «Қазақстандық жоғары ...
Read More »АҚШ үкіметі денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері мен қоғамның осы салаға сіңірген еңбегін мойындайды
АЛМАТЫ, 30 қараша. Америка Құрама Штаттары Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнінде Қазақстанмен бірлесіп АҚТҚ-мен өмір сүріп жүргендерге қолдау көрсетеді және ЖИТС-тен көз жұмғандарды еске алады. АҚШ биыл бұл күнді «АҚТҚ/ЖИТС эпидемиясын тоқтату: төзімділік пен биік нәтижеге ұмтылыс» деген ұранмен атап өтеді. Мұндай ұран АҚШ үкіметінің АҚТҚ/ЖИТС эпидемиясын жаһандық деңгейде тоқтатуға, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы басқа да мәселелерді шешу үшін қоғам мен ...
Read More »ЖАЙСЫЗ АУА РАЙЫ КҮТІЛУДЕ
Қараша айының соңында Қазақстан аумағының басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болады-деп хабарлайды Қазгидромет. Ол өзімен бірге қар әкеледі, жекелеген өңірлерде қалың қар, сондай-ақ көктайғақ, бұрқасын және желдің күшеюі күтіледі. Алайда, кезеңнің ортасынан бастап ауа райын кең антициклон анықтай бастайды, онымен жауын-шашынның тоқтатылуы және ауа температурасының төмендеуі күтілуде екен. Сондықтан ұзақ сапарға шыққанда сақтық шараларын ұмытпау керектігі ескертілуде. Естеріңізде болса, еліміздің ...
Read More »ҚАМКӨҢІЛ БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ
Туған перзенті мен ата-анасына тасбауыр перзенттердің кесірінен бүгінде елде жетімдер үйі де, қарттар үйі көбейген. Бұл бүгінгі күннің ащы шындығы. Олардың тағдыры мен болашағы бұлыңғырланып, психикасына салмақ түскен сәттерде олар үшін кез-келген қолдау, көмек, көңіл бөлу маңызды. Әрине, жетімдер үйі барлық мемлекеттерде бар болғанымен біздің қазақ ежелден жетімін қаңғыртпаған, жесірін тентіретпеген халық. Тек жеке бастың ғана емес, қоғамның қасіреті болған ...
Read More »ТҮСІНДІРУ МАҚСАТЫНДА ЖИЫН ӨТТІ
Жуырда, Жетісай қаласында, Бас санитарлық дәрігерінің м.а. Алдан Ахметовпен, санитарлық жайға қатысты қабылданған №45 санды қаулыны жұртшылыққа егжей-тегжейлі түсіндіру мен оның әсіресе кәсіпкерік саласына қатысты бөлігіне айырықша тоқталып, ескерілмей жүрген жерлерін түсіндіруге қатысты мобилдік топтар және кәсіпкерлермен бірге ауқымды жиын өтті. Кездесу кезінде мониторинг топтарының жұмысы талқыланып, кәсіпкерлер тарапынан бірқатар наразылықтар көтерілді. Сонымен қатар, қызметі шектеулі кейбір кәсіп түрлерінің (құрылыс ...
Read More »ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗДІ
25 қарашада Ұлттық волонтерлік желі Қазақстандағы корпоративтік волонтерліктің оң тәжірибелерін зерттеу қорытындылары бойынша конференция өткізді. Корпоративтік волонтерлік қызмет – компанияның өзі де, сол сияқты бөгде үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ), мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ), өзге де институттар ұйымдастыратын қоғамдық пайдалы мақсатқа бағытталған әлеуметтік іс-шараларға қызметкерлерді ерікті негізде тарту. Корпоративтік волонтерлік – бұл ұйым қызметкерлерінің өз компаниясының қолдауымен түрлі әлеуметтік бағдарламаларға ерікті түрде ...
Read More »АРТЫҚ ТӨЛЕМДЕРДІ БАСҚАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
ҚР ҚМ МКК салықтарды төлеу рәсімдерін жеңілдету және ыңғайлылығы үшін «салық әмияны» функционалы «Е-салық»бірыңғай қосымшасы әзірленді. Салық әмияны сервисіне қол жеткізу үшін ЭЦҚ пайдалана отырып немесе СМС код бойынша «Е-салық» қосымшасында тіркелу қажет, ол үшін мобильді азаматтар базасында тіркеудің болуы міндетті. Сондай-ақ мобильді қосымшаға ЖСН/ пароль және жылдам қол жеткізу коды бойынша кіруді баптауға болады. Жеке тұлғаның және жеке кәсіпкерлердің ...
Read More »