Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек бүгін «Күлпаршын» базарында орын алған өрттен материалдық шығынға ұшыраған кәсіпкерлерлерге арналған секторларды аралап, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Келушілермен тілдесіп, мәселелеріне қанықты. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитовтың төрағалығымен облыстық басқармалар мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшылары, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшылары мен АҚ «Түркістан ...
Read More »«ЫРЫС» МКҰ ӨРТТЕН МАТЕРИАЛДЫҚ ЗИЯН КӨРГЕН КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ БАСТАДЫ
Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес «Ырыс» МКҰ «Қолдау» бағдарламасы аясында Жетісай қаласындағы «Күлпаршын» орталық базарында болған өрттен материалдық шығынға ұшыраған кәсіпкерлерге төмен пайызда несие беруді бастады.Бұл жөнінде «Ырыс» МКҰ төрағасы Мұхит Мыңбаев аудан әкімдігінде өткен жиында мәлімдеді.Жиынға аудандағы өрттен зардап шеккен саудагерлерге арналып ашылған 6 сектордың мамандары, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Данияр Толыбаев пен «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы Жетісай аудандық филиалының ...
Read More »«CHEVRON» ЕЛ ЖАСТАРЫНЫҢ ТАБЫСЫ МОЛ ЖӘНЕ СҰРАНЫСҚА ИЕ ЖҰМЫСҚА ТҰРУЛАРЫНА МҮМКІНДІКТЕР ЖАСАУДА
2022 жылғы 10 қыркүйекте «CHEVRON» компаниясының ұйытқы болуымен Елордада алғаш рет «PRO.NRG FEST» ғылым, өнер және технологиялар фестивалі өтеді деп жоспарлануда. Осы фестивальдің негізгі мақсаты – оқушылар мен олардың ата-аналары арасында ғылымға, өнерге және технологияларға деген қызығушылықты арттыру болып табылады. Оны ұйымдастырушылар ғылымның, өнердің және технологияның алға басуы зумер ұрпағының сұранысына сәйкес келіп қана қоймай, болашақта ...
Read More »«AYALA», «CHEVRON»-МЕН БІРГЕЛІКТЕ СӘБИЛЕРДІ АЯЛАУДА
Әлемдік деңгейдегі атақты «CHEVRON» компаниясы еліміздің аумағында көптеген әлеуметтік маңызы ерекше бағдарламаларды жүзеге асыруда. Сол бағытта компания атауы елімізге жақсы танымал «AYALA» қайырымдылық қорымен біргелікте бірнеше жылдан бері біршама сауапты жұмыстарды атқаруда. «CHEVRON» компаниясы мен «AYALA» қорының өзара ынтымақтастығының 12 жылы ішінде еліміздің түкпір-түкпіріндегі 80 денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау ...
Read More »DIGITAL BRIDGE-2022 ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ МЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ТЕХНОПАРКТЕРІН ӨЗ АЛАҢЫНДА БІРІКТІРЕДІ
28-29 қыркүйекте елордада жыл сайынғы Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы өтеді. Биылғы форумның тақырыбы – «Central Eurasia as a new tech platform» – «Орталық Еуразия жаңа технологиялық платформа ретінде қалыптасуда«. Тақырыпты негізге ала отырып, Форум бағдарламасына IT-стартаптар аллеясы және түркі мемлекеттері мен Орталық Азия елдері ұйымына мүше мемлекеттер технопарктерінің көрмесі сияқты ауқымды ...
Read More »АБАЙДА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің жыл бойы халықпен кездесулер өткізіп, жергілікті жерлерде жүргізіліп жатқан жұмыстарымен тұрғындардың хабардар болуын, билік органдарының беделін арттыруға, халықты толғандыратын проблемалық мәселелердің шешілу жолдары мен мерзімдерін бірігіп талқылауға арналған Жетісай ауданы әкімінің кезекті есептік кездесуі Абай ауылдық округінде өтті. Аудан әкімінің міндетін уақытша ...
Read More »МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІН САПАЛЫ КӨРСЕТУ – БАСТЫ БАҒЫТЫМЫЗ
Әлеуметтік қорғау саласындағы тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің тізбесін кеңейту, олардың сапасын көтеру – бүгінгі күннің басты басымды бағыттарының бірі екендігін уақыт көрсетіп отыр. Бүгінгі күнде азаматтар қарым-қатынасқа түсетін барлық қоғамдық қатынастардың тоғыз торабындағы қызмет көрсетушілер мен қызмет алушылардың өзара қарым-қатынастқа түсетін тұстарының барлығы дерлік заңнамалық нормалармен регламенттеліп, цифрлық платформаларға өтіп жатыр. Соңғы жылдары Мақтаарал ...
Read More »ЕЛІМІЗДІҢ БАСТЫ ЗАҢЫ БЕКІТІЛГЕН КҮН!
Құрметті отандастар! Сіздерді еліміздің ең маңызды мерекесі – Конституция күнімен құттықтаймыз! Осыдан жиырма жеті жыл бұрын, 1995 жылы тамыздың 30-ында Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің Конституциясы бекітілді. Осы уақыт ішінде Қазақстанның Ата заңы өзінің заман талабына лайықты екенін дәлелдеді. Құқықтық мемлекет орнатып, әлемнің өркениетті елдерімен жан-жақты экономикалық-саяси тең дәрежеде қарым-қатынас қалыптастыру, ірі реформаларды жүргізу, демократиялық ...
Read More »Ө.ШӨКЕЕВ: «КҮЛПАРШЫН» БАЗАРЫНЫҢ ИЕСІ ТАУАРЫ ӨРТЕНГЕН КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЛІСІМГЕ КЕЛУІ КЕРЕК»
Жетісайға келген Өмірзақ Шөкеев базардағы өрттің салдарын жою бойынша штаб отырысын өткізді. Комиссия төрағасы С.Қалқаманов, жергілікті әкімдік пен құқық қорғау органдары өкілдері, «Күлпаршын» базарының иелерінің қатысуымен өткен жиналыста Жетісай ауданының әкімі М.Қадырбек облыс әкіміне аудандағы жағдайды баяндады. «Бүгінгі күнгі болжамды есеп бойынша 613 азамат, 1119 сауда нүкте өрттен жапа шеккен. Келтірілген ...
Read More »АЗАМАТТАРДЫҢ АЗАМАТТЫҒЫ ОСЫНДАЙДА БІЛІНЕДІ
Ел басына күн туған қиын-қыстау сәттерде бір шаңырақтың астына бірігіп, елдің елдігін көрсеткен қазақ батырларының ықылым замандағы ерлігін Жетісай ауданының жастары қайталап отыр. Нұрлыбек Мутаев бастаған аудан жастары мен қайырлы істерден қалыс қалмайтын «Мұрагер» мейрамханасының басшысы Әсия Балғабаеваның ұйымдастыруымен Жетісай ауданы, Жетісай қаласындағы «Күлпаршын» орталық базарында тосыннан болған өртті толығымен ауыздықтауда тынымсыз жұмыс істеп жатқан өрт сөндірушілер мен оқиға орнындағы, ...
Read More »