Жетісайда базардағы өрт салдарын жою бойынша Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановтың төрағалығымен құрылған арнайы комиссия жұмысын бастады. Оқиға орын алысымен ауданға жеткен Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев, облыстық мәслихат депутаттары Нұралы Абишев, Тимур Қырықбаев пен Талғат Қаржауов өрттен жапа шеккен кәсіпкерлермен кездесіп, өртенген базар аумағын аралады. Базар басшыларымен сөйлесіп, айтып ...
Read More »ЖЕТІСАЙДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
Негізгі күн көрісі ауыл шаруашылығы саласы саналатын аграрлы аймақ – Жетісай ауданының дихандары үшін әрбір күн мен сағатты тиімді пайдалану өте маңызды. Мол табысқа жетуде уақытылы дән сеуіп, дер кезінде минералды тыңайтқыштарды беру, кешіктірмей егістікті сығару үлкен рөл атқарады. Тынымсыз еңбек өз нәтижесін берері де сөзсіз.Ала жаздай таңның атысынан кештің батысына дейін егістік алқапта тынымсыз еңбек етіп, еңбексүйгіштіктің озық үлгісін ...
Read More »ЖЕТІСАЙЛЫҚ АЗАМАТ ПЛАСТИКАЛЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТЫП ОТЫР
Орта және шағын бизнесті дамыту – елдегі жұмыссыздықты жоюда, нарықты халыққа қажетті тауарлармен толтыруда, өңірлердің экономикасын тұрақтандыруда шешуші фактор болып табылатындықтан кәсіпкерлік қарқын алған жерде ғана экономикалық өрлеу, адами капиталдың өсімі болады. Ал, нарықты тұтынушыларға қажетті, сұранысқа ие тауарлармен қамтамасыз ету – әлеуметтік тұрғыда елдің ахуалының жақсаруына алып келеді. ...
Read More »ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ АВТОШЕРУ ӨТКІЗДІ
Ел іргесі бекіп, еркіндіктің таңы атқалы да 31 жылға аяқ басты. Алғашқы Тәуелсіздіктің таңы атқан жылдары еліміздің еркіндігін айшықтап, мерейін өсіретін мемлекеттік рәміздеріміз қабылданды. Оған да міне, 30 жыл. Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен мемлекеттік рәміздеріміздің 30 жылдығы аясында автошеру болып өтті. Аталмыш шараға ауданның белсенді жастары қатысты. «Еліміздің елдігі мен еркіндігін айшықтайтын мемлекеттік рәміздеріміз ...
Read More »КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ЖҰМЫССЫЗДЫҚПЕН КҮРЕСУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛІ
Экономиканың негізгі қозғаушы күші саналатын кәсіпкерлікті дамыту, жергілікті кәсіпкерлерді қолдау бағытында мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан маңызды бағдарламалардың нәтижесінде Жетісай ауданында жұмыссыздық деңгейі төмендеп, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны артып келеді.Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбектың тікелей тапсырмасына сәйкес аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары тарапынан тұрғындар арасында жеке кәсіпкерлердің жұмысын жандандыруда кәсіпкерлік саласына жасалып жатқан мемлекеттік қамқорлықтар мен мүмкіндіктерді түсіндіру, кездесуі ықтимал ...
Read More »ОҢТҮСТІК ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ФОРУМЫ ӨТЕДІ
«АУЫЛ ӘЙЕЛДЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРДІ КЕҢЕЙТУ ТӘСІЛДЕРІН ІЗДЕУ ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУ» ТАҚЫРЫБЫНА АРНАЛҒАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ФОРУМЫ 19 тамызда, сағат 15:00 – 17:00 аралығында ZOOM https://us02web.zoom.us/j/86897847755?pwd=S0lranc4Q2I4K1J4Q1dGVjFzeGFudz09 онлайн-алаңында «Ауыл әйелдерінің экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту тәсілдерін іздеу және іске асыру» тақырыбына арналған Қазақстанның оңтүстік облыстарының өңірлік форумы өтеді. Форумды ұйымдастырушылар: Coca-Cola халықаралық қорының, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық ...
Read More »ЖЕТІСАЙДА ЖҮЗІМ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚАЙТА ЖАНДАНЫП КЕЛЕДІ
Негізгі табысын диханшылық жасап табатын жетісайлық жер емген жұртшылық үшін сепкен тұқым мен еккен көшеттің өнімді, бағаның жоғары болып шығынды толықтай жапқаны аса қажет. Өйткені, той-томалағы мен алдағы атқарылар жоспардың бәрі де Жер-Ананың жомарттығына тікелей байланысты болмақ. Әдетте ауыл азаматтары егістік алқапқа бір емес, бірнеше дақылдың тұқым себуге, бір жерден бір жылда ...
Read More »ЖЕТІСАЙДА 81 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ
Жетісай ауданында аудан әкімі Мұрат Қадырбектың тапсырмасымен тұрғындардың жол қауіпсіздігі мен жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау мақсатында автомобиль жолдары саласын дамыту ісі кеңінен қолға алынып отыр. Нақтырақ айтар болсақ, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Жылы су, Мақталы, Баққоныс, Байқоныс, Алтын кемер елді мекендерінде жалпы ұзындығы 32,8 шақырымды құрайтын 38 көшеге орташа жөндеу ...
Read More »АМЕРИКАНДЫҚ САРАПШЫ ДӘРІС ӨТКІЗДІ
Американдық экологиялық жоспарлау бойынша сарапшы, дизайнер және ағартушы Пол Хеллмундтың “Қаладағы табиғат: болашақ пен үміт” атты дәрісі өтті. Профессор Хеллмунд – жасыл урбанизм саласындағы жетекші практик және “Ecology of Greenways” (1993 ж.) және “Sustainable Landscapes for Nature and People” (2006 ж.) кітаптарының авторы. Пол жасыл урбанизм және жасыл инфрақұрылым саласында, сондай-ақ қауымдастықтарды сақтау ...
Read More »ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҚСАРЫП КЕЛЕДІ
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Жетісай ауданы тұрғындарымен кездесіп, ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады. Өзекті мәселелер бойынша сұрақтарына жауап берді. Өңір басшысы алдыңғы кездесу нәтижесінде атқарылған жұмыстарға тоқталып, ел көтерген мәселелер шешімін тауып жатқанын жеткізді. – Биыл сәуірде өздеріңізбен кездесіп, тұрғындарды толғандырып жүрген әлеуметтік және басқа да өзекті мәселелерді талқыладық. Жалпы халықпен кездесу ...
Read More »