Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің биылғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты дәстүрлі Жолдауында еліміздің алдағы уақытта атқарылатын стратегиялық даму бағытына айрықша маңыз беріп, ел экономикасының өркендеуіне серпін беретін өңдеу өнеркәсібінің қарқынды дамуы, сондай-ақ инклюзивтілік және прагматизм қағидаттарына негізделген жаңа экономикалық модель құруды ұсынды. Сол себепті де бұл Жолдауды – ең әуелі Қазақстан азаматтарының өмірін, әлеуметтік жағдайын ...
Read More »ВОЛОНТЕРЛІК САЛАҒА ШЫҒЫС АЙМАҚТАР ДЕН ҚОЯ БАСТАДЫ
Қазақстанда да, халықаралық аренада да волонтерлік салаға деген қызығушылықтың артуына байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылдың маусым айында өткен Халықаралық волонтерлер форумында: «Осы салада нақты стратегиялық векторды белгілей алатын жаңа Жол картасын іске қосу керек. Бұл құжат волонтерлік қозғалысқа қуатты серпін беріп, оның алдағы жылдарға арналған дамуының негізгі векторларын айқындауға тиіс, сондай-ақ волонтерлік және ...
Read More »PRO.NRG FEST ҒЫЛЫМИ ОТБАСЫЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ БОЛЫП ӨТТІ
Астанада PRO.NRG FEST ғылыми отбасылық фестивалі болып өтті. Ол отбасылық уикенд форматында өткізілетін ауқымды ғылыми-көпшілік іс-шара болып табылады. PRO.NRG FEST екінші жыл қатарынан Қазақстандағы ең ірі ғылыми-көпшілік фестивалдерінің бірі болып келеді. Оқушылар сарайында күні бойы лекциялар, интерактивті шоулар мен қойылымдар өткізілді, бұл отбасыларды ғылым мен технологиялар, қызықты ашылымдар ...
Read More »ЕЛІМІЗДІҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ МЕН ЖАСТАР МӘСЕЛЕСІНЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты осы жолғы Жолдауында еліміздегі бүгінгі таңда орын алып отырған өзекті мәселелер жан-жақты айтылған. Сол себепті Президентіміздің сонда айтылған ұсыныс-пікірлеріне өз пікірлерін білдіруде. Солардың арасында Жетісай ауданындағы «Қ. Дәрімбаев атындағы №41 жалпы орта мектебі» КММ-ы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дәулетбаева Гүлнара Қуанышбекқызы да бар. ...
Read More »Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Құрметті отандастар! Қадірлі депутаттар және Үкімет мүшелері! Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-шы бабына сәйкес VIIІ шақырылымдағы Парламенттің екінші сессиясын ашық деп жариялаймын. Құрметті депутаттар! Баршаңызды кезекті сессияның ашылуымен құттықтаймын! Жауапты қызметтеріңізге табыс тілеймін! Көктемдегі сайлаудан кейін Парламенттегі саяси партиялардың қатары көбейді. Депутаттар құрамы айтарлықтай өзгерді. Саяси партиялардың фракциялары, бір мандатты округтан сайланған депутаттар да жұмысқа белсене кірісті. Олар көптеген заң жобасына ...
Read More »ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТКІЗІЛЕДІ
2023 жылдың 7-8 қыркүйегінде сағат 9.30-да «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ЮНЕСКО-ның 2022-2023 жылдарға арналған бағдарламасы аясында «Талғар және Қойлық қалашықтары Жібек жолының Чанъань-Тянь-Шань дәлізінің құрамдас бөлігі ретінде» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өткізеді. Семинар жұмысына АҚШ, ҚХР, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінің ғалымдары қатысады. 7-қыркүйек күні ...
Read More »Қазақ күнтізбесінде 24-26 тамыз күндері Туған жер күні болып белгіленді
ҚАДІРЛІ ОТАНДАСТАР! 2019 жылы Qazaq club бастамасымен Қарағанды қаласында тұсауы кесілген Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесінде 24-26 тамыз күндері Туған жер күні болып белгіленді. Осы күндері 1920 жылы Алаш қайраткерлері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсын, Ә.Ермек сол кезде Кеңес үкіметінің басшысы болған В.Ленинмен кездесіп, қазақ шекарасын белгілеу ісін қолға алды. Алаш қайраткерлерінің еліміздің шекарасын белгілеудегі ...
Read More »ӘСКЕРИ ГОСПИТАЛЬ «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ
Семей қаласының әскери госпиталі «Ашық есік» күнін ұйымдастырды. Шараға Семей медицина университетінің студенттері қатысты. Жоғары білім алушылар алдымен мекемедегі заманауи медициналық техникамен танысса, әрімен қарай госпиталде ем қабылдаушылармен тілдесіп, хал-жағдайларын сұрасты. Мекеме қызметкерлері болашақ дәрігерлермен пікір алмасып, жинаған тәжірибелерімен бөлісті. – Біз бүгін Семей қаласындағы әскери госпиталдің табалдырығын аттап тұрмыз. Алғашқы сәттен бастап алған әсеріміз өте ерекше. Жаңа ...
Read More »ЖАСТАР «УКАША АТА КЕСЕНЕСІНЕ» ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлiгi «Азаматтық бастамаларды колдау орталығы» КЕАҚ тапсырысымен «Даналық» қоғамдық қорының «Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн сақтаудағы нақты мәселелерді шешуге бағытталған «Birgemiz: Asyl Mura» жалпы ұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауына қатысқан Түркістан облыстық «Жігерлі ел» қоғамдық бірлестігі, «Тарихта танымал – Укаша ата кесенесі» тақырыбында шағын грант иегері атанған болатын. ...
Read More »ДІНИ ӘДЕБИЕТТЕР ТӨҢІРЕГІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР
Дін қай кезде де қазақтың бай тұрмыс-тіршілігіментығыз байланыста болып келген рухани құндылық. Бір ғана мысалға жүгінейік. Адам баласының дүниеге келуінен бастап, азан шақырып есім беріледі, сәбидің шілдесі шығарылады, сүндеттеледі, т.б. және соңында шариғат заңына сәйкес жаназасын шығарып ақтық сапарға аттандырылады. Осы аралықта адам өмірінің дінмен біте қайнасқан екендігін анық байқауға болады. Ислам діні ғасырлар бойы қазақ ...
Read More »