Тұрғылықты жеріңіз бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеуді тез әрі ыңғайлы рәсімдеу қажет пе? Halyk Homebank қосымшасындағы бірегей жаңа сервисті пайдаланыңыз және тіркеуге өтінімді бірнеше минут ішінде беруге болады. Енді көшіп келген тұрғылықты жерге тіркелу үшін Halyk Homebank қосымшасы орнатылған смартфонның болғаны жеткілікті. Жаңа сервисті пайдаланудың маңызды шарты мемлекеттік дерекқорларда цифрландырылған мәліметтің болуы (тұрғын үй иесі, бірге иеленушілер және тіркелетін адам) және Halyk Homebank қосымшасынатіркелу қажет. Қосымша арқылы өзіңізді, 14 жастан 16 жасқа дейінгі балаңызды тіркей аласыз. ...
Read More »