Home » 2024 » Тамыз

Monthly Archives: Тамыз 2024

АҚШОҚЫ ЖОЛЫ – ӨЛЕҢ БЕСІК

         «Ақшоқы — Құнанбай әулетінің ата қонысы» стелласы ашылды. Салтанатты рухани шара күллі ел мен мұқым Алашты қуантты десек артық айтқандық болмас. Себебі, бұл шараның рухани маңызы өте терең. Хакім Абайдың Өлеңтөбесі – осында. Жүрегінен шерлеп, қаламынан сермеп, ойынан тербеп төккен асыл да ғасыр өлеңдері осы – ұйық, осы –  бесікте дүниеге келді.         ...

Read More »

АУЫЛДЫҚТАР КӨГІЛДІР ОТЫННЫҢ ҚЫЗЫҒЫН КӨРЕТІН БОЛДЫ

            Ауданымыздағы ең бірінші құрылған ауылдардың бірі, ғасырға жуық тарихы бар Қарақыр елдімекеніне көгілдір отынның желісі тартылып жатыр. Егер бәрі жоспардағыдай жүзеге асатын болса, онда ауыл тұрғындары келесі жылы табиғи газдың қызығын көретін болады.            Жолдыбай Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты бұл елдімекеннен басқа 5 елді мекенде де әлеуметтік мәселелер біртіндеп шешіліп ...

Read More »

БАЛАБАҚША – БАҚЫТ МЕКЕНІ

Өсіп келе жатқан баланы тәрбиелеудің алғашқы мектебі – отбасысымен қатар балабақша болып табылады десек қателеспейміз. Балабақша бала үшін тұтас әлем, мұнда ол сүюді, шыдауды, қуануды, жанашырлықты, мейірімділіктцің не екенін түсінеді. Егер ол отбасында әке-шеше, бауырларымен алғашқы қарым-қатынас тәжірибесін алса, балабақшада өзі қатарлас балалармен араласуды, көпшілікпен тіл табысуды үйренеді. Осыны жақсы түсінетіндіктен әр ата-ана баласының ең жақсы балабақшаға барып үздік тәрбие ...

Read More »

ОЙЫН АТТРАКЦИОНДАРЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ

           Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов тиісті сала басшыларымен бірге қаладағы орталық саябақта болып, ойын аттракциондарының қауіпсіздігімен танысты. Саябаққа келуші тұрғындармен тілдесіп, сын-ескертпелеріне назарға алып, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.           «Кәсіпкерлер жұмысын заңды істеп, табысын адалынан табу керек. Бірінші кезекте келушілердің, балалардың қауіпсіздігін қатаң сақтаңыздар. Рұқсат етілмеген жерлерге кіруге болмайтыны жайлы тыйым салу ...

Read More »

ДРЕНАЖДАР ІСКЕ ҚОСЫЛЫП, АРЫҚ-АТЫЗДАР БЕТОНДАЛУДА

           Мақтаарал аудандағы арық-атыздарды бетондау жұмысымен қазірде үш бірдей мекеме айналысып жатыр. Қарқынды жүріп жатқан жұмыстар сапалы әрі белгіленген ақытта аяқталатын болса, егістікке кететін ағын су шығыны азайып ғана қоймай, алқаптардағы егістіктер қай жерде орналасуларына қарамастан, уақтылы әрі қажетті көлемде суғарылатын болады.           Ауданда жүргізіліп жатқан тік және көлденең дренаждар жөндеудің арқасында ...

Read More »

АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

        Жетісай ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға аудан басшысымен қатар орынбасарлары, аппарат басшысы мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері, аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов пен аудандық полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары Есімжан Надиров, тиісті бөлім басшылары қатысты.          Аудан басшысының кестеге сәйкес ...

Read More »

АУДАНДА МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІ ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР

          Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов аудандағы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан мәдениет үйлерінде болып, құрылыстардың барысымен танысты.          Қарақай ауылдық округіне қарасты Сәтпаев елді мекеніндегі 1986 жылы қолданысқа берілгелі жөндеу көрмеген мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстары өткен жылдың мамыр айында басталған. 2679,1 шаршы метр аумаққа ...

Read More »

«ЖЕТІСАЙ» АЙҚЫН БАСЫМДЫҚПЕН ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

         Еліміздің батыстағы босағасы саналатын, Еуропа үшін Азияға ашылатын алтын қақпа іспеттес Орал қаласының 56 жылдық тарихы бар «Ақжайық» командасын бүгін өз алаңында қабылдаған «Жетісай» футбол клубының ойыншылары айқын басымдықпен жеңіске жетті.          Кездесудің алғашқы таймының бірінші жартысында қонақтардың қарым-қабілетін бағамдаған жетісайлықтар қорғанысты күшейткен болатын. Әлсін-әлсін шабуыл ұйымдастырғаны болмаса, қақпаны көздеп гол соға қоймады. ...

Read More »

ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНА МОБИЛЬДІ РЕАБИЛИТАЦИЯЛЫҚ КЕШЕН СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ

           Мүмкіндігі шектеулі жандар – қоғамның ең әлсіз әрі қорғансыз бөлігі. Олардың өздерін қоғамнан шет сезінбеулері үшін мемлекет тарапынан барлық мүмкіндіктер жасалып, барынша қамқорлықтар көрсетілуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының өзі ерекше күтімді қажет ететін және қиын тұрмыстық жағдайында қалған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балаларға ерекше назар аударудың қажеттілігін айтып, бірқатар нақты тапсырмалар да берген болатын.     ...

Read More »

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕР НАЗАРЫНА!

        Құрметті шаруа қожалық иелері мен диқандар!         ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 13 сәуірдегі №137 «Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидалары, сондай-ақ көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемін қалыптастыру және бөлу» бұйрығына сәйкес, дизель отыны АШТӨ үшін ...

Read More »