КӘСІПОРЫНДАР 7540,4 МЛН. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ШЫҒАРҒАН
Posted by: Қалмұрат
in Business, PRESS RELEASE, Кәсіпкерлік, Саясат, Экономика
23/04/2024
4 Views
Мақтаарал ауданының 2024 жылдың қаңтар-наурызындағы экономикалық-әлеуметтік көрсеткіштері.
Өнеркәсіп. Мақтаарал ауданы кәсіпорындары (шағын, қосалқы кәсіпорындар, үй шаруашылығы секторын қоса алғанда) 2024 жылдың қаңтар-наурызында кәсіпорындар қолданып жүрген бағамен 7540,4 млн. теңгенің өнімін шығарып, өнімнің нақты көлем индексі бойынша өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 94,1 % құрады.
Ауыл шаруашылығы. 2024 жылдың қаңтар-наурызында Мақтаарал ауданы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 4094,6 млн. теңгені (қолданыстағы бағамен ) құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 101,0 % болды. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша 751,2 млн. теңге, мал шаруашылығы бойынша 3342,2 млн. теңгені құрады.
Сауда. Мақтаарал ауданы бойынша көтерме сауда 1556,8 млн. теңгені құрап өткен жылдың тиісті кезеңіне 101,2 %, бөлшек сауда тауар айналымы 1347,1 млн. болып өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 103,6 % болды.
Еңбек рыногы. Мақтаарал ауданы бойынша 2023 жылдың төртінші тоқсанында ірі, орта және шағын кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардағы жұмыс істейтін қызметкерлердің есепті саны 13,3 мың адамды құрады.
2023 жылғы төртінші тоқсанына қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 248815 теңгені құрап, бұл 2022 жылғы төртінші тоқсанына қарағанда 110,1 % құрады.
Демографиялық процестер. 2024 жылдың 1 қаңтар-наурызында Мақтаарал ауданындағы халық саны 129471 мың адам, халықтың табиғи өсімі 458 адам, туу – 571 адам, қайтыс болғандар 113 адам. Тиісті кезеңде некеге тұрғандар- 131 отбасы, ажырасқандар-25. Осы кезеңде көші-қон бойынша келгендер – 1250 адам, кеткендер – 1963 адам.
Тұрмыс деңгейі. 2024 жылғы қаңтар-наурызға Мақтаарал ауданы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы, орта есеппен 2024 жылғы ақпаны мен салыстырғанда 0,2 % артық және 40 671 теңгені құрап отыр.
Р.АЙДАРОВ,
Мақтаарал аудандық Статистика басқармасының басшысы.
2024-04-23