Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
МЕМЛЕКЕТТІК ЗАҢНАМА – БЕЙБІТШІЛІК КЕПІЛІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлеумет » МЕМЛЕКЕТТІК ЗАҢНАМА – БЕЙБІТШІЛІК КЕПІЛІ

МЕМЛЕКЕТТІК ЗАҢНАМА – БЕЙБІТШІЛІК КЕПІЛІ

Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан кейін, өзін зайырлы, әлеуметтік, демократия мен нарықтық экономика жолымен жүретін, азаматтық қоғам құратын мемлекет деп жариялады. БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдарға мүше бола отырып, адам құқығы, ар-ождан және діни сенім бостандығын қамтамасыз ету міндеттерін қабылдады. ҚР «Ата заңы» мен «Діни қызмет және діни бірлестіктер» Заңы ел азаматтарының діни сенім құқығына кепілдік берді.
Адамзаттың тарихи даму барысында дін мен мемлекеттің арақатынасы қай кезеңде болмасын өзектілігін жойған емес. Қазақстандағы дін мен мемлекет қарым-қатынастары негізінен Конституция арқылы және 2011 жылы қазан айында қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңның «Дін және мемлекет» деген 3-бабы арқылы реттеледі. Елдің бөлшегін құраған азаматтардың қоғамда бейбітшілік пен ынтымақтастықта өмір сүрулері үшін өзге ұлт пен дін өкілдеріне шыдамдылық көрсету, сонымен бірге өнегелік жүріс-тұрыстың ережесі болған толеранттылық қағидаттарын сақтауы қажет.
Мемлекеттік заңнама сол елде өмір сүріп жүрген азаматтардың наным-сенімдерін, дәстүрлі құндылықтарын ескере отырып түзіледі. Ал бұл секілді элементтерді қарастыратын жолдың бірден бірі – дін жолы. Қазақстан Республикасы егемендік алған кезеңнен бастап дін саласында салмақты мемлекеттік саясат жүргізіп келеді. Соңғы екі онжылдықта Қазақстан Республикасында Дін және конфессияаралық қатынастар саласындағы жағдай айтарлықтай өзгерді. Бұл кезеңдегі дамудың сипаттамалық белгілерінің бірі діннің қоғамдағы рөлінің тұрақты өсуі болды. Қазақстанның дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында дәстүрден тыс болған дүниетаным мен құндылықтарға қарсы иммунитетті күшейту жолына түсті. Бұған діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама кепіл бола алады. Терроризмнің діннің бір бөлшегі болмағанын насихаттайтын жергілікті жерлерде ақпараттық түсіндірме топтары құрылды. Бұл топтар тек экстремизм мен терроризм секілді зорлық-зомбылыққа шақыратын әрекеттерін айтып қана қоймай, тарихтан күні бүгінге дейін жеткен дәстүрлі құндылықтарды түсіндірді. Қазақилыққа, мұсылманшылыққа қайшы келген көзқарасқа бейім болудың негізгі алғышарттары мен себептері, оның алып келетін салдарын да насихаттайтын.
Мемлекетті қоғам, ал қоғамды адамдардың тобы құрағандықтан әлеуметтік фактор, яғни адамның өсіп өнген ортасы, мінез-құлқы мен көршілерінің орны ерекше. Қоғамдағы бейбітшілікті сақтау мен діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік заңнама зайырлылық жолын таңдады. Зайырлылық діннен алшақтау емес, азаматтардың тарихын ескере отырып, жеке сенімдеріне құрмет көрсету арқылы жүзеге асады. Өзге адамдардың сенімдеріне қол сұқпау басты қағидаға жатады. Мемлекеттік заңнамада зайырлылық сөзімен қоса толеранттылық ұғымы қатар жүреді. Толеранттылық, төзімділік түрлі адамдар өмір сүретін ортада өзара сыйластық пен құрметтің ортаймауына ұйытқы болады. Толеранттылық бар жерде адамдардың құқығы мен бостандығы да сақталады. Діні, мәдениеті, тілі, салт-дәстүрі әртүрлі ұлттардың елімізде марқайып өмір сүріп келе жатқанына куә болудамыз. Бұл толеранттылық мәселесінде Қазақстан өзге елдер үшін үлгі болуға тұрарлық орны бар.
Егемен еліміздің толеранттылықты насихаттаудың көптеген салалары бар. Олардың арасында саяси, ұлтаралық, нәсілдік, діни, гендерлік, физиологиялық, білімдік және географиялық толеранттылықты атап өте аламыз. Бұл салалардың әрқайсының атқаратын өз қызметтері бар. Әр сала өзінің бағыт-бағдары бойынша жұмыс атқарады. Мемлекет атты үлкен институттың мұншама салалары мен бағыттарының көздеген мақсаты бір – елдегі тұрақтылық пен тыныштықты сақтау үшін бүкіл механизмдерін іске қосып, күш жігер жұмсау.
Дәл қазіргі уақыт тек біздің ғана емес, бүкіл әлемнің алдына адами құндылықтар мен зайырлылықты, толеранттылықты, төзімділіктің мән-маңызын түсінудің қажеттілігін мұқтаж етуде. Бұл секілді ұғымдардан алшақтауымыз – қауіп-қатерге бас тігуіміз деген мағынаға саяды. Алдағы уақытта мемлекеттік заңдылықтарды насихаттамау болашағымызға балта шабады. Бейбітшіліктің туын желбіретуіміз ету үшін мемлекеттік заңнамаға бас иіп, өзімізге жат дүниелерден алыстап, құндылықтарымызды насихаттай білуіміз қажет.
Б.БОТАҚАРАЕВ,
Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің
«Әдістемелік қамтамасыз ету»
бөлімінің маманы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...