Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ТАРТЫМДЫ ЖҰМЫС БЕРУШІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Экономика » ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ТАРТЫМДЫ ЖҰМЫС БЕРУШІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ТАРТЫМДЫ ЖҰМЫС БЕРУШІ

             Randstad employer brand research зерттеуі – әлемнің 34 елінде жүргізіледі және ең тартымды салалар мен жұмыс берушілерді анықтайды. «Теңізшевройл» екінші жыл қатарынан Қазақстандағы ең тартымды жұмыс беруші болып танылды. ТШО-дан басқа, мұнай-газ саласындағы 3 үздік компаниялардың қатарына ҚазМұнай Газ және «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» компаниялары енді.
           «Бұл марапат біздің брендтің жоғары бәсекелі еңбек нарығындағы тартымдылығын мойындау болып табылады. Біз инвестицияны қызметкерлеріміздідамытуға, қауіпсіз жұмыс ортасын құруға және салауатты корпоративті мәдениетті сақтауға саламыз, өйткені ТШО қызметкерлері компаниямыздың алға қойған мақсаттарына жетуде көмектесетін ең құнды капитал және қозғаушы күш», – деді АРБ бас менеджері Камшат Байжанова, .
          Randstad жұмыс беруші брендінің сауалнамасы – бұл мыңдаған компаниялардың ішіндегі ең тартымды жұмыс берушілерді анықтайтын әлемдегі ең жан-жақты, тәуелсіз және терең зерттейтін жұмыс берушілерге арналған сауалнама. Іріктеме 18-ден 65 жасқа дейінгі еңбекке қабілетті халықтың пікірін көрсетеді. Зерттеуге сәйкес, жақсы жұмыс берушінің маңызды өлшемшарттарыарасында жауап берушілер келесілерді атап өтті: жақсы жалақы – 79%, қаржылық тұрақтылық – 72%, мансаптық өсу – 67%, жағымды жұмыс атмосферасы және қызықты жұмыс – 61%.
            «COVID-19 пандемиясы кезінде қауіпсіз жұмыс ортасын құру барлық топтар үшін жұмыс берушілерді таңдаудағыең маңызсыз өлшемшарт болып шықты (32%), бірақ бұл ерлерге қарағанда әйелдерді көбірек алаңдатады. Мансаптың өсуі әйелдер үшін, 25-34 жас аралығындағы адамдар үшін, сондай-ақ жоғары білімі бар адамдар үшін маңызды өлшемшарт болып табылады», – деді Валерия Петрунина, ANCOR Орталық Азияның бас директоры.
           2020 жылдың соңында ТШО-ның негізгі өндірісіндегі штаттық қызметкерлердің үлесі 92% құрады, ал ТШО-ның негізгі өндірісіндегі қазақстандық менеджерлердің үлесі жалпы басшылар тобының 85% құрады. Компания ұжымдағы еңбек және өндірістік қатынастарды реттеу, жалпы еңбекақы төлеудің тиімді жүйесін құру, қызметкерлерді дамытуға мүмкіндіктер беру және олардың әлеуетін ашуға көмектесетін оқыту, дамыту бағдарламалары арқылы қызметкерлерді әлеуметтік қорғанышпен қамтамасыз етеді; сонымен қатар әр түрлі тағылымдамалар, кадрлық резервті жоспарлау, әлеуметтік бағдарламалардың кеңейтілген пакеті, корпоративті мәдениетті сақтауға бағытталған жеңілдіктер мен бастамалар, компанияның құндылықтары мен стратегиясына қызметкерлердің адалдығын ұсынады.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...