Мақтаарал ауданының орталығында «Асқақтай бер, Ата Заң!» атты мерекелік іс шара болып өтті.
Аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова көпшілікті Конституциямыздың 27 жылдық мерейтойымен құттықтады. Сөзінің арасында аудан әкімі Б.Асановтың көршілес Жетісай ауданындағы орталық базарда орын алған өртке орай сол жақта жүргендіктен бұл шараға қатыса алмағаны үшін кешірім сұрады.
Содан кейін бір топ мемлекеттік қызметкер мерекеге орай марапатталды.
Көпшілікті Елбасының сыныптасы Роуза Төлемісова мен аудандық әжелер алқасының төрайымы Шахзода Құрбанбаевалар мерекемен құттықтаған соң, шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Ұлжан СӘБИТҚЫЗЫ,
Мақтаарал ауданы.