Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСУДЕ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСУДЕ

УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСУДЕ

       Алматыдағы ҚҰАЗУ-дың студенттері кезінде жеке меншікке өтіп кеткен университеттің оқу ғимараттарын, студенттік жатақхананы, стадионды, жер учаскелерін мемлекетке қайтаруды талап етіп  жатыр.
      Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің басқарма төрағасы – ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ақылбек Күрішбаев студенттермен кездесуі сәтінде, жастар осы білім ордасындағы кейбір сыбайлас жемқорлыққа қатысты жайларды көтерді.
     «Біздің бүгінгі мақсатымыз – оқытушылар мен студенттер арасында қандай да бір сыбайластық көріністерінің болуына жол бермеу, жастарды жемқорлыққа төзбеуге шақыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін жоғарылату, сол арқылы оқу процесінің сапасын көтеруге ықпал ету. Осыған байланысты, университет басшылығы мен студенттер арасында әріптестік сенімді байланыс орнату үшін жастармен ашық диалогқа келіп отырмын», – деді Ақылбек Қажығұлұлы.
       Ұстаз бен шәкірт арасындағы ұшынан жалғасқан сыбайластық қоғамның жауы екені белгілі. Неге десеңіз, ертең елге қызмет ететін болашақ мамандарды тәрбиелеп, даярлайтын саналы оқытушыларды жемқор ретінде елестетудің өзі қиын.
      Өкінішке қарай, кездесу барысында студенттер университет қабырғасында пара алуға бейім жандар бар екенін, сабаққа келмесе де жоғары балл алатын білім алушылардың аз еместігін, грант бөлуде кейбір оқытушылардың әділетсіздікке баратынын жасырмай ашық айтқан.
      Студенттер жаңадан тағайындалған ректорға, сыбайлас жемқорлық фактілері төмендегідей жағдайларда ұшыратындығын да ашына баяндаған. Мысалы: студенттер себепсіз сабақтан қалғанда, аралық бақылау немесе пәндік жұмыстарды қолмен жазып тапсыру кезінде, емтихандарды қайта тапсыру сәтінде, курстық жұмыстарды қорғауда оқытушымен жеке немесе бетпе-бет қалғанда жиі кездесетінін баяндаған.
     Студенттер сыбайлас жемқорлықтың тағы біраз нақты фактілерін атап өтті. Кезінде жеке меншікке өтіп кеткен университеттің оқу ғимараттарын, студенттік жатақхананы, стадионды, жер учаскелерін мемлекетке қайтару мәселесін көтеріп, талап етіп отыр.
      Жастар өздерімен осындай ашық алаңды ұйымдастырған университет басшылығына ризашылықтарын білдіруде. Жастардың ой-пікірлеріне құлақ түрген Ақылбек Күрішбаев олардың сауалдарына мейлінше шынайы жауап беріп, кейбір жағдайаттарға өзінің де әлі түсіне алмай отырғанын жасырмады.
      Ректор А.Күрішбаев, оқытушылар мен білім алушылар арасындағы ашықтық пен өзара сенім, адалдық қағидаттарына негізделген байланыстарды барынша нығайту мақсатында проректорлар мен тиісті құрылым басшыларына нақты тапсырмалар берді.
        Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Біздің ортақ мақсатымыз – заң мен тәртіп үстемдік құратын, азаматтардың құқығына лайықты құрмет көрсетілетін әділетті Қазақстанды құру»,- деген сөздін басшылыққа алған ректор, ендігі жерде Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде заң бұзушылықтарды болдырмауға күш салатынын жеткізді.
       «Жемқорлықсыз әділетті университет құру – біздің де түпкі мақсатымыз. Бүгінгідей өзара сенімге негізделген шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы ортақ қозғалыстың негізі болып табылады. Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы университет бағдарламасын қабылдайтын боламыз», – деді Ақылбек Күрішбаев сөзінің соңында.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...