Тарихты білетін әр азаматқа мәлім қазақ атқа қонғанда патша құлап, әлемге әйгілі 86-ның көтерілісінде Одақты таратқан қазағым қайта атқа қоныпты-ау. Жұмыстан келе жатып қазақ ерлерінің көк туды желбірете челлендж жасап келе жатқанының куәсі болдым.Өзім көлікпен келе жатсам да көк тудың желбірегені рухымды көтерді. Жүрегіме бір мақтаныш ұялады. Ат үстінде ойнақтаған әр қазақты құшағыма алып «айналайын, қазағым!» дегім келді. Қатарласа жүріп ...
Read More »АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС БІРІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Мақтаарал аудандық мәслихатының кезектен тыс бірінші сессиясы өтті. Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы, депутат А.Жолдасов жүргізген сессияға аудан әкімі Бақыт Асанов, аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессияның күн тәртібінде аудандық мәслихатының хатшысын сайлау, аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру және олардың төрағаларын сайлау, аудандық мәслихатқа «Nur ...
Read More »ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЕҢ ҮЗДІК БӨЛІМ
«Аурухана» сөзін естіген көптеген адамның бірінші кезекте көз алдына ота жасап жатқан хирургтер мен оларға көмектесіп отырған мейіргерлерді елестетіні анық. Себебі, кез-келген аурухана үшін хирургтердің алар орны ерекше. Бүгінде Жетісай аудандық Асықата ауруханасының «Хирургия» бөлімі де, осы емдеу мекемесінің мақтанышы болып табылады.«Хирургия» бөлімінің бір топ қызметкері 2020 жыл еліміз үшін оңай кезең болмады, бүкіләлемдік пандемия ел тұрғындарын біраз әбігерге салды. ...
Read More »ТРАМП ӘКІМДІГІ ҚЫТАЙҒА ҚАТЫСТЫ КЕЗЕКТІ ҚАДАМЫН ЖАСАДЫ
Дональд Трамп, Қытайдың Шыңжаң аймағынан келетін мақта және қызанақ өнімдеріне тыйым салады. «Бұл Шыңжаңдағы мұсылмандардың қудалануына байланысты Қытай билігіне қысымын үдетуді көздеген АҚШ билігінің соңғы қадамдарының бірі»-деп хабарлайды Азаттық радиосы. Трамп әкімшілігі бұған дейін де аймақта адам құқығын өрескел бұзып, табыс табатын жекелеген компаниялардың өнімдерін бұғаттап, қудалау кампаниясына атсалысқан Қытай коммунистік партиясы шенеуніктеріне санкция салғаны хабарланған болатын. Өз кезегінде танымал ...
Read More »«Қазақстандағы білім беру: STEAM ұлттық моделі» конференциясы өтеді
2021 жылғы 15 қаңтарда «Қазақстандағы білім беру: STEAM ұлттық моделі» онлайн-конференциясы өтеді, онда қазақстандық және халықаралық сарапшылар білімберу жүйесінің ағымдағы жай-күйін, проблемаларды және шешу мүмкіндіктерін, атап айтқанда, STEAM-әдістемелерін әзірлеу мен оқу процесіне енгізуді талқылайды. Іс-шараны ұйымдастырушы – “Шеврон” компаниясының қолдауымен”Caravan of Knowledge”.“Caravan of Knowledge” басшысы Зарина Биюмбаева атап өткендей, алдағы конференция білім беру саласындағы шенеуніктерге білім беру саясатын жоспарлауда, мектеп директорларына, әкімшіліктер мен мұғалімдерге — ағымдағы ...
Read More »Halyk Bank: “Бізбен бірге болғаныңыз үшін Сізге бонустар сыйлаймыз!”
Halyk Bank өз клиенттеріне банкпен бірге болғаны және қолдау көрсеткені үшін алғыс ретінде тиімді акцияларды ұсынады. Клиенттер Homebank қосымшасындағы барлық қызмет үшін төлем жасау кезінде және Magnum супермаркеттерінде жасаған сауда үшін жоғарылатылған бонустар алады. 2021 жылғы 12 қаңтардан бастап 16 қаңтарға дейін Halyk Bank жоғарылатылған бонустары бар науқанды іске қосты: Homebank қосымшасы арқылы жасаған барлық төлемдерге 5% бонус: ұялы байланыс, ...
Read More »ТРАМПҚА ИМПИЧМЕНТ ЖАРИЯЛАНДЫ
ВВС-дің Орыс қызметі – Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің АҚШ-тың қазіргі Президенті Дональд Трампқа қатысты импичмент жариялау туралы құжатқа қол қойғанын хабарлады. Бұл құжат енді мақұлдауға Сенатқа жіберіледі. Ал Сенат өз кезегінде оны Джо Байденнің ресми түрде АҚШ президентіне тағайындалу рәсімінен кейін талқылайтынын мәлімдеді. Яғни, Дональд Трамптың сол рәсімге АҚШ-тың әрекеттегі президенті ретінде қатысу мүмкіндігі бар деген сөз. Осылайша Дональд ...
Read More »ПРЕЗИДЕНТ МАҚАЛАСЫНАН КЕЙІН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУ КЛУБЫ АШЫЛДЫ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ тілін жетік меңгермеген отандастарымызға жасаған үндеуінен кейін, KAZGUU мемлекеттік тілді қолдау мақсатында тегін ауызекі сөйлеу клубын ашты. «Мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының парызы. Міндеті деп те айтуға болады. Осы орайда мен барша қазақстандықтарға, оның ішінде қазақ тілін әлі жете меңгермеген отандастарыма үндеу тастағым келеді. Халқымызда «Ештен кеш жақсы» деген сөз бар. Ең бастысы, ынта ...
Read More »ӘЛЕМДІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРМЕН ҮНДЕСТІРУІМІЗ ҚАЖЕТ
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы – елім, жерім деген әрбір қазақстандық үшін құнды дүние деп санаймын. Сол себепті де онда айтылған жайларға барынша мән беруіміз қажет. Елбасының бұл мақаласында қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары айқын көрініс тапқан. Бұл мақаланың мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани ...
Read More »МЕМЛЕКЕТТІК ЗАҢНАМА – БЕЙБІТШІЛІК КЕПІЛІ
Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан кейін, өзін зайырлы, әлеуметтік, демократия мен нарықтық экономика жолымен жүретін, азаматтық қоғам құратын мемлекет деп жариялады. БҰҰ, ЕҚЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдарға мүше бола отырып, адам құқығы, ар-ождан және діни сенім бостандығын қамтамасыз ету міндеттерін қабылдады. ҚР «Ата заңы» мен «Діни қызмет және діни бірлестіктер» Заңы ел азаматтарының діни сенім құқығына кепілдік берді. Адамзаттың тарихи ...
Read More »