Биылғы жылы Шардара су қоймасында су мөлшерінің айтарлықтай төмендеуіне байланысты пайда болған мүйісте бірқатар тарихи артефактлер табылған болатын. Мұндай тарихи құндылықтар негізінен су тартылар күз айларында ішінара көрініп жатады. 1958-1963 жылдары Шардара су электр стансасы мен су қоймасы құрылыстарының қарқынды кезеңдерінде Мәскеу мен Алматы қалаларынан келген ғалым-археологтар тобы аудан аумағындағы бірқатар тарихи нысандарды анықтап, алғашқы кезектегі археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген. ...
Read More »