Алматы, Қазақстан – «Шеврон» корпорациясы Қазақстан Республикасына көрсеткен гуманитарлық көмек аясында COVID-19 індетімен ауырған науқастарды емдеу үшін Денсаулық сақтау министрлігіне арналған дәрі-дәрмектерінің екінші топтамасын және дәрігерлерге 400 000 жоғары сапалы медициналық қолқап жеткізді. «Шеврон» компаниясы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, сатып алынған және Алматы қаласына жеткізілген қажетті дәрі-дәрмектердің тізімін құрды. Екінші топтамада дәрі-дәрмектің 70 000 қаптамасы жеткізілді, олар Қазақстанның барлық облыстық орталықтары мен үлкен қалаларының емханалар мен ауруханаларына жіберіледі. Сонымен қатар, медициналық қорғау құралдары – дәрігерлерге арналған медициналық комбинезондар, бетперделер, қолқап және бахилдер сатып алынады. Олардың қолқаптары бар бірінші топтамасы елге жеткізілді. ...
Read More »