Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
Имандылық Archives - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Tag: Имандылық

Tag Archives: Имандылық

ТАЛАС-ТАРТЫСТАН БОЙДЫ ТАСА ҰСТАУ

           Атақты фиқһ ғалымы Маруф әл-Кархи: «Жаратушы Ие құлына жақсылық қаласа, оны амалға бағыттап, жәдалға ұрынудан сақтайды. Ал жамандық қаласа, оны амалдан алыстатып, жәдалға бой алдыртады»,- деген. Мұндағы келтірілген «жәдал» сөзі тілді безеп өтірікті шындай етуді, ақиқатты бұрмалауды білдірсе, екінші тараптан адамның өзін өзгелерден жоғары санауы әрі басқаларды менсінбей үнемі мұрын шүйіріп қарауын аңғартады. Түптеп келгенде, ...

Read More »

«ЖАҢА ТАНЫСТАРДЫҢ» УЛЫ УАҒЫЗДАРЫ

        Діни ағым жетегіне аңдаусызда еріп кеткендердің көбі бұл жолға қалай түскенін байқамай қалады. Себебі ешбір діни ағым өздерін діни ағымбыз деп таныстырмайтыны белгілі. Олар өздерінің жолын «Ең дұрыс жол» немесе «Бақытқа жетелер жалғыз жол», «Таза Ислам»деп насихаттайды. Нақтырақ айтқанда көпшілік діни ағымдар өздерін «Әһлі сүннет уәл жамағаданбыз»,-деп таныстырады. «Әһлі сүннет уәл жамаға» деп отырғанымыз жалпақ тілмен ...

Read More »

ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ ЗАЙЫРЛЫ БІЛІМ АЛУ

        Ислам діні – ілім алуға, сауатты болуға шақыратын дін. Алла Тағала ең алғаш Құран аяттарын уахи еткенде «Оқы!»-деген. Демек, алғашқы аяттар білім алу керектігін меңзеп тұр. Алайда, аятта қай ілім саласын оқу керектігі айтылмаған, бұл аят жалпылама ілім алуды, сауатты болуды бұйырып тұр. Сол үшін адам өмірінде діни ілімнің де, дүниелік ілімнің де алатын орны ерекше. ...

Read More »

АДАМДЫ КӨРІКТІ ЕТЕР – АҚЫЛ МЕН КӨРКЕМ МІНЕЗ

         Қазақ халқы ақылы дара биіктен көрінгенді төбесіне көтеріп, құрмет жасаған. Оған бабаларымыздың:«Жасы кіші ініні, ақылы асса, аға тұт»,-деген секілді нақыл сөздері айғақ бола алады. Расында адамның табиғаттан еректігін дәлелдейтін құдірет – ақыл. Осы құдірет жетегінде әлемді уысында ұстап, нарығын жайлап отырған мемлекеттер бар. Қазақ ақылдан ада емес. Даланың заңы, тамаша ұстанымдар, тура жарлықтар, бәрі көшпенді жұрттың ...

Read More »

ДІН БІРЛІГІ – ЕЛ ТҰТАСТЫҒЫ

      Жуырда біздің кітапханамызда «Сейтан ата» мешітінің имамының көмекшісі Қажмұхан Қосбаев ағамыздың қатысуымен «Дін бірлігі-ел тұтастығы» атты сұрақтар мен жауаптар  кеші  болып өтті.       Бұл іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға діни тәрбие бере  отырып, адамгершілікке, имандылыққа, бойдағы рухани тазалықты сақтауға үйрету. Мұсылман дінінің өміршеңдігін және Ислам дінін насихаттау. Жастардың өз дініне деген сүйіспеншілігін, құрметпен қарауға сенімін ...

Read More »

МАҚАЛ-МӘТЕЛГЕ АЙНАЛҒАН ХАДИСТЕР

           Мақал-мәтел арқылы халықтың мәдениеті мен болмысын, тұрмыс-тіршілігі мен этикалық тағылымын, бір сөзбен айтар болсақ, адам өмірінің өткені мен бүгінін танып-білуге арналған дүниелердi айқындауға болады. Сол себепті мақал мен мәтел – халық жадында ұзақ сақталып келе жатқан һәм тіл атаулының қай саласында болмасын ұзақ ғұмыр кешетін тiлдiк бөлшек.           Мақал мен мәтелдер ...

Read More »

АУДАН БАСШЫСЫ ОБЛЫСТЫҢ БАС ИМАМЫН ҚАБЫЛДАДЫ

               Иманды, ибалы ұрпақ тәрбиелеу аға буынның басты борышы. Тәлім-тәрбие жүйесінің алға қойған нақтылы мақсаты болмаса жас ұрпақтың санасы сергелдеңге ұшырап, сандалып қалары анық. Ұлттық болмыс – жас ұрпаққа берілетін тәлім-тәрбие негізінде қалыптасады.            Осы және өзге де өзекті мәселелер бүгін Жетісай ауданының әкімі Қадырбек Мұрат Болатұлы мен Түркістан облысы ...

Read More »