Жыл сайын Елордада орта есеппен 30 мыңнан астам бала дүниеге келсе, оның 1,5 мыңға жуығын шала туған сәбилер құрайды. Ретинопатияны анықтау үшін ерте туған нәрестелердің скринингі Астананың төрт медициналық орталығында: үш Перинаталдық орталықта және АБҰҒО-да жүргізіледі. Тек осы мекемелерде ғана офтальмолог-дәрігерлер жұмыс істейді, олар ең ертеректегі белгілері бойынша осы көздің зұлым ауруын танып, емдей алады. ...
Read More »Неонаталдық медбикелердің халықаралық форумы Алматыда өтуде
Алматы қаласында Қазақстандағы перинаталдық орталықтар мен перзентханаларда жұмыс істейтін медбикелердің бірінші Халықаралық форумы басталды. Іс–шараның мақсаты – реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінде нәрестелерді құтқару мен күтуде орта медицина персоналының ерекше және өте маңызды рөліне назар аудару. Бұл мейірбикенің имиджін арттыруға, күтім сапасын жақсартуға және бала өлімін азайтуға ықпал етеді. Неонаталдық медбикелердің халықаралық форумына Қазақстан, Литва, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Әзірбайжан және Израильден келген 200-ден астам мемлекеттік және жеке медициналық орталықтардың қызметкерлері шақырылды. Оны “AYALA” қайырымдылық қоры серіктесі – «Шеврон» компаниясының қолдауымен, ...
Read More »Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» (бұдан әрі ҚДСҰО) мен Колумбия Университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау мектебіндегі ICAP орталығының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі (бұдан әрі ICAP) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Жоба «Шеврон» компаниясының бастамасы бойынша және қаржылық қолдауымен жүзеге асырылады. «Меморандумға қол қою – COVID-19 эпидемиясына қарсы іс-қимыл бойынша Денсаулық сақтау министрлігіне кеңес мен практикалық көмек көрсетуге және Қазақстандағы медициналық ...
Read More »ЖАСТАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК СТАРТАПТАРДЫ ҚАЛАЙ БАСТАУ КЕРЕКТІГІ ҮЙРЕТІЛЕДІ
Атырау жастарына әлеуметтік стартаптарды бастау принциптері «Самғау» бизнес-фестивалінде үйретіледі. 16 қаңтарда Атырауда жастарға арналған «Самғау» бизнес-фестивалі өтуі жоспарлануда. Осымен бесінші рет ұйымдастырылып отырған іс-шара «I-SEED: инновациялар — әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру» жобасының аясында өткізілді. Фестивальді British Council «Шеврон» компаниясымен және облыстық әкімдікпен бірлесіп ұйымдастырды. «Самғау» мектеп оқушылары мен студенттерге іскерлік дағдыларды үйрету және әлеуметтік салада бизнесті бастау үшін пайдалы ...
Read More »Атырау жастары шығармашылық және инновациялық ойлауды үйренді
2020 жылдың 15-20 қарашасында Атырау Жастар сарайының «Jaspace» шығармашылық кеңістігінде “Azamat 3.0” білім беру бағдарламасының екінші кезеңі – “Жобалық менеджмент бойынша семинар” өтті. “Azamat 3.0” бағдарламасы бейресми білім берудегі инновациялық тәсілдемелердің көмегімен жастарды қазіргі заманауи әлемнің белсенді азаматтары болуға қолдауға бағытталған. Бағдарлама 18-24 жас аралығындағы белсенді жастарға арналған және жастардың кәсіби қасиеттерін дамытуға, сондай-ақ олардың әлеуметтік хабардарлығын қалыптастыруға бағытталған. “Azamat ...
Read More »