Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ЕЛІМІЗДІҢ БАС ҚАЛАСЫНДА - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » Жас буын » ЕЛІМІЗДІҢ БАС ҚАЛАСЫНДА
Уикипедия
Уикипедия

ЕЛІМІЗДІҢ БАС ҚАЛАСЫНДА

        1862 жылғы  26 қыркүйекте қала мәртебесіние ие болған қазіргі Астана – 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының  бас қаласы атанды.  Бүгінде әкімшілік жағынан 4 ауданға бөлінген ол еліміздің солтүстігінде Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Ал Елордамыз «Миллионер қала» мәртебесіне (1 002 874 тұрғын) 2017 жылдың маусымында қол жеткізді.
         Қазіргі таңда Қазақстан экономикасының сауда секторының жалпы өніміне қосқан үлесі бойынша бас қаламыз  ел облыстары мен қалалары арасында Алматы қаласынан кейін екінші орында тұр.
          Бүгінгі таңда Елордамыздың экономикасын негізінен – сауда, транспорт, байланыс пен құрылыс салалары құрайды. Егер де бөлшек сауда тауарларының айналымы бойынша Астана қаласы республикамызда екінші орында тұрса, құрылыс өсімі бойынша еліміз бойынша көшбасшы болып табылады. Мысалы, 2009 жылы Қазақстан бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйлердің 1/5 бөлігі, дәл осы басты шаһарымыздың еншісінде болды. Сонымен қатар, Елорда металдан жасалған құрылыс материалдарын, қолдануға дайын бетон мен бетоннан жасалынған құрылыс өнімдерін жасаудан да Қазақстан бойынша жетекші болып табылады және оның құрылыс металл конструкцияларын, радиаторлар мен орталық жылыту қазандықтары мен қондырғыларды өндіру саласындағы үлесі салыстырмалы түрде жоғары болып табылады. Осы жетістіктерді одан әрі жоғарылату және бәсекеге қабілетті өндірісті дамыту үшін отандық және шетелдік инвесторларды жұмылдыру мақсатында бүгінде «Астана — жаңа қала» атты арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуде.
          Енді экономикалық көрсеткіштерге қысқаша тоқталсақ. 2021 жылдың бірінші жарты жылдығында қала экономикасында 3,1% өсім байқалып, аймақтың республикамыздың ЖІӨ-дегі көлемі 9%-ды құрады. Елорданың бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 1 312 млрд. теңгенге тең болып, бұл нәтиже 2020 жылғы көрсеткіштерден 7,7%-ға асты. Өндірістік өнеркәсіп көлемі  2022 жылдың тоғыз айында 1,3 трлн. теңге болып, өткен 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 1,7%-ды құрады.  Қала экономикасына 2021 жылдың тоғыз айында  863,5 млрд. теңге инвестицияланған.  Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен (731,1 млрд теңге)  11,7%-ға көп болып табылады.  Оның ішінде шаруашылық субъектілерінің өз қаражаты 76,9%-ті құраса, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы өңірлік өнім көлемі 3,6 трлн. теңгені құраған. Сондай-ақ, өнеркәсіп өнімі көлемінің 14% – ға артқаны байқалады. Өңдеу өнеркәсібінде 1,1 млрд. теңге сомасына өнім өндірілді.
           Металлургия, машина жасау және өзге де металл емес минералды өнімдер мен сусындар, тамақ өнімдерін өндіру – өңдеу өнеркәсібінің негізгі салалары болып табылатын Елордаға қанша инвестиция тартылды және қала кәсіпкерлеріне қандай қолдау көрсетіліп келеді?-деген сауалға келетін болсақ, 2022 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 5,8% өсіммен 1 трлн. теңгеден асқан және де іске асырылып жатқан шағын және орта бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары аясында 89 млрд.теңге инвестиция сомасы көлеміндегі 1 700-ден астам жоба мақұлданыпты.
           2023 жылы қала аумағына кіретін территорияда жалпы ұзындығы 54,3 шақырым болатын 72 көшеге орташа жөндеу жүргізу жоспарланып отыр, оның 44-нің ұзындығы 40 шақырымдық орталық көшелер болса, 28-і қаланың елді мекендерінде орналасқан. Сонымен қатар, биыл Елордада ұзындығы 13 шақырым болатын 31 көше салынады, төрт көше бойынша жұмыс толық көлемде аяқталады, 19 көше бойынша – жалғасады, тағы сегізі енді басталса, Есіл өзені арқылы өтетін Тәуелсіздік даңғылындағы көлік қозғалысына арналған көпір ашылады деп жоспарлануда. Бұл жолдардағы көлік нөпірін едәуір азайтуға мүмкіндік береді: Тәуелсіздік даңғылы, жаңа теміржол вокзалы маңы, Қошқарбаев даңғылы, Нәжімеденов көшесі, Әзірет Сұлтан мешіті ауданы, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелері, Момышұлы даңғылы мен сол жағалау арасындағы қосымша байланыс жолы ашылады. Бұдан бөлек Н.Тілендиев даңғылы мен Ш.Бейсеков көшесінің қиылысында екі деңгейде көлік айрығын салу жобасы жүргізілуде. Перспективалы көлік айрығы ауданында инженерлік желілерді салу, сондай-ақ көпір өткелінің темірбетон тіректерін орнату жұмысы басталды. Жоба 2 жылға есептелген. 2024 жылдың соңында жол жүруді қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Атап айтқанда, қаланың дамуы өндірістің жалпы көлемінде инновациондық өнімнің жоғары үлесі бар, дамыған өндірістік секторларға (құрылыс материалдарын өндіру, тамақ өнімдерін өңдеу және т.б.), қаланың жалпы аймақтық өнімнің басым бөлігін қамтамасыз ететін шағын бизнеске және дамыған туризм секторына бағытталған бәсекеге қабілетті экономиканы құруға бағытталған.
         Бүгінде Елорданың экономикалық дамуының қомақты үлесі шағын және орта бизнестің еншісінде болып тұр. Бұл үрдістің тоқтамауы үшін Астана әкімдігі барлық мүмкіндікті қарастырмақ.  Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаны жүзеге асыру арқылы Елорда әкімдігі 2025 жылға қарай шағын және орта бизнестің қала экономикасындағы үлесін 60%-ға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.
        Еліміздің басты қаласында жастарды жұмыспен қамту мәселесіне де ерекше мән берілуде. Осы мақсатта әрбір тоқсан сайын  жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкелері ұйымдастырылып тұрады. Сол жәрмеңкелерге – банктерден, мұнай-газ саласынан, мемлекеттік әлеуметтік қызметтерден және басқа да салалар бойынша жұмыс берушілер арнайы шақырылады. Астана қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының мамандарының айтуынша жұмыс іздеген жастар сонымен бірге, enbek.kz порталындағы бос жұмыс орындарын байқаса, содан онлайн-тіркеуден өтіп, өздерін қызықтырған сауалдарына жауаптар ала-алады. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жастарды жұмысқа орналастыру жөніндегі шаралармен 5 500 адам қамтылыпты.
        2005 жылдан бастап «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары бағдарламасы Республиканың барлық өңірінде және Астана қаласы бойынша жүзеге асырыла бастаған болатын. Бұл бағдарламаға 14 жастан бастап мектеп оқушылары, студенттер және 35 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар қатыса алады. Қатысушыларға 65 мың теңге көлемінде сыйақы төленеді. Жастар қаланың саябақтарында, құрылыс нысандарында, «Жасыл белдеуде» еңбек етеді.  Бүгінде Астана қаласындағы «Жасыл ел» штабы Республика бойынша еңбек ету және сарбаздарды жұмыспен қамту жағынан оң нәтиже көрсетуде. Жыл сайын «Жасыл ел» сарбаздары қатарында жұмыс істеуге қызығушылық танытқан жастардың саны артып келеді. Олар қаламыздың құрылыс нысанында әртүрлі санаттағы шеберлердің (құрылыс инженерлері, технологтар, монтаж-құрылыс жұмыстарының шеберлері) көмекшісі қызметін, қала маңындағы «Жасыл белдеуде» ағаш отырғызу, талдар мен көшеттерді қопсыту және суару, ағаштар мен көшеттерге күтім жасау жұмысы арқылы табиғат пен қала келбеті үндестік тапқан бірегей экожүйенің қалыптасуына және қала саябақтарының жасыл желегінің күтімімен айналысып, тазалық жұмысын жүргізетін болады.
            Биыл аталған жоба аясында 4200 жасөспірімдер мен жастарды қамту көзделген, олардың қатарында көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар да бар. Осы жобаға қатысатын жастардың барлығы арнайы киім-кешектер мен құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. 2022 жылы Елордада жастарға арналған төрт бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп, оларға 160-тан астам жұмыс беруші мен 2,5 мыңға жуық жас қатысты. Оларға барлығы 1 800-ден астам бос жұмыс орны берілген.
          Еліміздің Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» бағдарламасы аясында жас кәсіпкерлер конкурстық негізде жеңілдетілген кредиттер де ала алады. 2023 жылы «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ жастарға кредит беру агенті болып белгіленді, ал негізгі үйлестірушілер басқару және Жұмыспен қамту орталығы атынан жергілікті атқарушы органдар болды. Бағдарлама 3 жыл мерзімге есептелген, оның барысында кредиттер берілетін болады. Республикаға бөлінген жалпы сома 28 млрд. теңгені құраса, Астанаға соның 1,5 млрд. теңгеден астамы қарастырылған. Бір қарыз алушы үшін орташа чек – 1 млн теңге. Жалпы Елорда бойынша 600 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 500 млн. теңгеге өтінім қабылданып, 100-ге жуық қарыз алушы өтініш білдірген, оның 40%-ы қаралған.
          2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қала тұрғындарының саны 1 354 435 адамды құраған екен, бұл Алматыда  кейінгі Қазақстандағы екінші  нәтиже болып табылады. Алдағы уақытта қала тұрғындарының саны бұдан да өсетіні болжануда. Яғни, жас астаналықтардың да саны артады деген сөз. Мектеп жасындағы тұрғындар еркін білім алулары үшін қала әкімдігінде «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында жаңа форматтағы 100 мың орындық 25 мектептің жобасы жасалынып, сол білім ордаларының құрылысы биыл басталатыны жоспарлануда.
        Сонымен қатар, қала билігі оқушылардың да жазғы демалыстарына да ерекше мән беріп, олар үшін ең ұзақ демалыс кезеңінде жыл сайын жазғы демалыс ұйымдастырылады. 2023 жылы 200 мыңға жуық оқушы екі бағыт – сауықтыру және жұмыспен қамту бойынша қамтылады. Ал жалпы 2023 жылдың жазғы кезеңінде жазғы демалыстың барлық түрлерімен 197 869 оқушы немесе 1-10 сынып оқушыларының жалпы санының 98% қамтылатын болса, 85 мектепте бастауыш сынып балаларына арналған мектеп жанындағы лагерлер ұйымдастырылды. «Арман» және «Боровичок» спорттық-сауықтыру лагерінде 2800 бала демалса, оның 2050-і жетім және көпбалалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар екен. Мемлекет басшысы өз Жолдаулары мен тапсырмаларында интернет сапасы туралы бірнеше рет мәселе көтергені белгілі көтерген болатын. Осы мақсатта Астана қаласының әкімдігі, Цифрлық даму министрлігі, байланыс операторларымен бірлесе отырып, байланыс пен интернет сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізіп келеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Осы мақсатта елорданың әрбір тұрғынын жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүріп жатыр. Негізінен проблемалы аймақтар мен елді мекендерге көңіл бөлінеді.
            16 елді мекен және 1 саяжай алабы бар Елордада негізгі мәселенің бірі – елді мекендерде кабельдік кәріздің болмауы болып табылады. Осы мәселені шешу үшін қала әкімдігі электр желілері арқылы талшықты-оптикалық байланыс желілерін (ТОБЖ) төсеу туралы шешім қабылдады. Осы мақсатта «Астана-АЭК» АҚ-мен бірлесіп инвесторлардың толық қаржыландыру есебінен Елорданың елді мекендерінде электр беру және жарықтандыру тіректері бойынша оптикалық байланыс желілерін жүргізу мәселесі пысықталды. Инвесторлар жарықтандыру тіректері мен электр желілері арқылы өтетін заманауи GPON технологиясын қолданады. Айта кету керек, бұл инвестицияның жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асады.
          Астана қаласы әкімдігі тарапынан алдағы уақыттарда да тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, өмір сапасын арттыру мақсатында денсаулық сақтау, білім беру, жұмыссыздық деңгейін төмендету, олардың ауыз су, электр энергиясы мен сапалы интернетпен толық қамту бағытындағы тиімді жұмыстарды жүзеге асыра беретіне сенімдіміз.
Қалмұрат ДӘУЛЕТБАЕВ, журналист.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...