Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ДІН ЖӘНЕ САЯСАТ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ДІН ЖӘНЕ САЯСАТ

ДІН ЖӘНЕ САЯСАТ

           Мұсылман әлемі елдерін діни негізде біріктіретін негізгі тұғыр, бұл  – ислам діні. Әлем мұсылмандарын мәдени өрлеуі мен идеялық ұйысуының жолдарын іздеуде мұсылман ойшылдары мұсылмандық шығыс елдерінің рухани мәдениеті мен қоғамдық саяси өмірін дамыту үшін ислам құндылықтарының маңызы туралы жиі айтыла бастады. Мұсылман дүниесінің рухани мұрасын зерттеу бір дінді ұстанатын түрлі халықтардың мәдениетін, философиялық ой мұрасын зерттеу мұсылмандық шығыстың ділі мен рухани  жан-дүниесін ұғынуды қажет етеді.
          Қазақстанда дін және мемлекет қатынасы мен дін және құқық байланысы, зайырлылық төңірегіндегі мәселелер талқыланғанда екі түрлі қателікті байқауға болады. Біріншісі, бұрынғы кеңестік жүйе шеңберінде қалыптасқан түсініктен шыға алмай зайырлылықты дінсіздік (атеизм) ұғымына балама түрде қолдану қателігі, екіншісі зайырлылық дегеніміз дінсіздік емес деп түсінетін, алайда оның қалай қолданыс табуынан, оның қағидаттарынан бейхабар, өзі ұстанатын діни мүддеге қарай бейімдеуге тырысу қателігі.
          Өкінішке орай, атеистік тәрбие Ислам дінін алтын діңгегінен ажыратып, мәңгүрт ете жаздады. Қазіргі жаһандану дәуірінде «Бәле қайда? Бассаң аяқ астында»,-дегендей, бізді сақтануға шақыратын мәселелер жетерлік. Қандай да бір қиындықтарды рухани біртұтастық алып шығары хақ. Алайда, рухани күйзеліске ұшырау, әртүрлі жіктерге бөліп, дағдарысқа ұшыратады. Қазіргі Қазақстан халқы рухани дағдарысты басынан кешіруде. Алпауыт елдер ең алдымен жаһандану дәуірінде кез келген елдің рухани бірлігіне нұқсан келтіруді тектен-текке көздемесі анық. Рухани тұтастығынан айырылған елді көнбіс етіп алу ежелден келе жатқан дәстүр.
        Әсіресе, ұйқыдан енді оянған нәрестедей қазақ халқын азғыру, соңына ерту оңайдың оңайы болып тұр. Тәуелсіздігімізден бергі он жыл ішінде жастарымыздың басқа діннің шырмауында кетуі осыны айғақтайды. Дәл осылай үнсіз кете беретін болсақ, алдағы жылдарда қазақтың тең жартысы өзге діндерге өтуі ғажап емес. Сондықтан мемлекеттік тұрғыдан дін саясатына басымдық беріп, миссионерлік іс-әрекеттерге заң жүзінде тыйым салу қажет.
          Ислам діні де үкім бергенде қоғамдағы құбылыс арқылы әрекет етуді ұстаным ретінде қабылдайды. Пайғамбар (с.а.с.) әрбір құбылыстың себеп-салдар байланысын негіз ретінде алған. Мысалы, қоғамдағы келеңсіз ахуалға бірнеше болымсыз себептер үдеріс арқылы тап болса, ол егер анықталса, онда сол болымсыз себептерді өзгерту керек екендігі өздігінен ортаға шығады.
             Сонымен қатар, мемлекет өз құрушыларының сенімі, мәдениеті мен болмыстық құндылықтарын әлеуметтік өмірдің жүйеленуінде негіз ретінде алуы тиіс. Олай болмаған жағдайда мемлекет құрушы элементтер әлеуметтік жүйеден таба алмаған құрылымды аңсаумен, мемлекетке қарсы топ құруға бет алады. Бұл – мемлекет, құндылық және саясат теорияларында бар тұжырым. Осы психология ескерілмесе, оның орнын мемлекеттен тыс сыртқы күштер алып қоюы ықтимал.
              «Құдайдан қорықпағаннан қорық»,-деген даналық сөз бар. Алайда соңғы кездері қоғамдық көзқарас басқаша. Керісінше Құдайдан қорыққаннан қорқуға үндейтін көзқарастардың кең насихатталуы қоғам арасында пікір қайшылығын тудыруда. Қалыпты – қауіптіге, қауіпті – қалыптыға айналуда. Мемлекет зайырлы ұстанымды басшылыққа алатын болғандықтан саяси ислам деген анықтама ішіне кіретін фундаментализм, экстремизм, терроризм сияқты идеологиялық мазмұндағы, дінді құрал ретінде қолданып, елді тұтастыққа емес, бүлікке, тұрақсыздыққа, лаңкестікке, фанатизмге жетелейтін топтарға заңмен тыйым салуы тиіс. Мысалы ата заңымызда діни партия, идеологиялық платформа, ұлттық негіздегі саяси құрылымдарға рұқсат бермейді. Саяси сипат алған кез келген діни топтар мен жамағаттар егер бар болса, олардың критерийлері табылса, қоғамда көрініс тапса, әрине мемлекет араласып, заңмен тыйып отыруға тиіс.
А.БОРИБЕКОВА, Теолог маман.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...