Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ИОЗГАТ – ТҮРКИЯ ТУРИЗМІ ЖАУҺАРЛАРЫНЫҢ БІРІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » ИОЗГАТ – ТҮРКИЯ ТУРИЗМІ ЖАУҺАРЛАРЫНЫҢ БІРІ

ИОЗГАТ – ТҮРКИЯ ТУРИЗМІ ЖАУҺАРЛАРЫНЫҢ БІРІ

          Түриядағы екінші күніміз. Кайсериде таңғы ас ішіп, Иозгат қаласына жолға шығумен басталды. Жолдағы 1,5 сағат уақыт та босқа өтпеді. Гидіміз Түркі халықтарының тарихынан сыр шертіп, өзіміз оқыған Қарлұқ, Қыпшақ қағанаты, Қарахан, Оғыз мемлекеті жөнінде тереңнен әңгіме қозғады.
         Иозгатқа жетісімен Б.з.д. 140-120 жылдарға жататын ескі моншаның орнына бардық. Онда көне дәуірдің қолтаңбалары: жыланның, бұқаның кескіні тасқа қашалып бейнеленгенін көрдік.
       Ескі моншаның алдында үлкен бассейн бар екен. Оның суы емдік қасиетке ие дейді қазба жұмысын жүргізген археолог. Тіпті, бір заманда Рим императорының қызы ауыр дертке жалдығып, осы суға түскеннен кейін құлан таза айыққан дегенді айтып қалды қаланың мэрі.
       Ол судың қайнар көзі — монша маңынан шығатын жерасты бұлағы. Тастарды асқан шеберлікпен қалап жасалған арнайы құбыр арқылы бассейнге су құйған. Оны да өз көзімізбен көрдік.
      Археологиялық қазба жұмыстары 2010 жылы басталған. Қазір туристер келетін орынға айналдыру үшін жұмыстар жасалып жатыр.
     Өзімізге қатты еткен әсер тұсы — бізді көліктен түскеннен бастап Иозгат қаласының мэрі Омер Очыкэлдің өзі күтіп алуы, тарихи орынды өзі аралап, таныстыруы. Мэрмін деп аспандамай, бізбен бірге шай ішіп, көрген-білгенін әңгімеледі. Тіпті, әрқайсымыздың қолымызға сусабын салынған пакетін ұстатып, сый-құрмет көрсетті. Осындай үлгі аларлық істі көрген біз де риза болып танымдық саяхатымыздың келесі нүктесіне аттандық.
Нұрболат ЖАНАБЕРГЕН,
Айбын ҚҰСАНБЕК.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

САНСЫЗБАЙ САРҒАСҚАЕВТЫҢ «ТӘМПІШ ҚАРА» ШЫҒАРМАСЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІ

      Оқу ...

ОТКРЫТЫЙ УРОК НА ТЕМУ «НАРЕЧИЕ. СТЕПЕНИ СРАВНЕНИЯ НАРЕЧИЙ» В 7 КЛАССЕ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ СОВРЕМЕННЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ РЕСУРСОВ

        ...

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ – КӨКТЕМ МЕН ЖАҢАРУ МЕРЕКЕСІ!

       Ұлттық ...

ӘЗ-НАУРЫЗ — ЖАҢА КҮННІҢ ЖАРШЫСЫ

        ...

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ!

      «Таза ...

«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ӘЛІППЕСІ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

        ...

ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ӘДІСІ

        ...

БҰЛ ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ҚАСИЕТТІ МІНДЕТІ БОЛУЫ КЕРЕК

        ...

ҰЛТ КЕМЕҢГЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖЫР САЙЫСЫ

        ...