109,7 %-ДЫ ҚҰРАДЫ
Posted by: Қалмұрат
in Кәсіпкерлік, Маман кеңесі, Өзекті мәселе, Саясат, Экономика
30/06/2023
6 Views
Аудан экономикасы:
Өнеркәсіп. Мақтаарал ауданы кәсіпорындары (шағын, қосалқы кәсіпорындар, үй шаруашылығы секторын қоса алғанда) 2023 жылдың қаңтар-мамырында кәсіпорында қолданып жүрген бағамен 14464103 млн. Теңгенің өнімін шығарып, өнімнің нақты көлем индексі бойынша өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 109,7 % құрады.
Ауыл шаруашылығы. 2023 жылдың қаңтар-мамырында Мақтаарал ауданы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 8193,3 млн. теңгені (қолданыстағы бағамен ) құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 105,6 % болды. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша 709,6 млн. теңге, мал шаруашылығы бойынша 7475,3 млн. теңгені құрады.
Сауда. Мақтаарал ауданы бойынша 2023 жылдың қаңтар-мамырында көтерме сауда 1839,8 млн. теңгені құрап өткен жылдың тиісті кезеңіне 103,1 %, бөлшек сауда тауар айналымы 1879,6 млн. болып өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 101,4 % болды.
Еңбек рыногы. Мақтаарал ауданы бойынша 2023 жылдың бірінші тоқсанында ірі, орта және шағын кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардағы жұмыс істейтін қызметкерлердің есепті саны 13,1 мың адамды құрады.
2023 жылғы бірінші тоқсанына қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 231564 теңгені құрап, бұл 2022 жылғы бірінші тоқсанына қарағанда 112,1 % құрады.
Демографиялық процестер. 2023 жылдың 1 мамырда Мақтаарал ауданындағы халық саны 129 590 мың адам, халықтың табиғи өсімі 903 адам, туу- 1112 адам, қайтыс болғандар 209 адам. Тиісті кезеңде некеге тұрғандар- 189 отбасы, ажырасқандар-16. Осы кезеңде көші-қон бойынша келгендер- 1324 адам, кеткендер- 1758 адам.
Тұрмыс деңгейі. 2023 жылғы мамырға Мақтаарал ауданы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы, орта есеппен 2023 жылғы сәуірімен салыстырғанда 2,4 % артты және 40965 теңгені құрап отыр.
Р.АЙДАРОВ,
Мақтаарал ауданының Статистика басқарма басшысы.
2023-06-30