Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
Халықаралық заманауи музыка фестивалі аяқталды! - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » Халықаралық заманауи музыка фестивалі аяқталды!

Халықаралық заманауи музыка фестивалі аяқталды!

          Алматыдағы «Медеу» биік тау мұз айдынында қайта жанданған «Азия дауысы» халықаралық заманауи музыка фестивалі аяқталды!
          Ол қазақ және әлем музыкасының аңыздарына және 19 жыл бұрынғы фестиваль қандай болғанын еске алуға арналды. Үшінші фестиваль күнінің басты идеясы «Ұрпақтар сабақтастығы» болды. Өйткені, бүгінде «Азия дауысы» алдына тек музыка майталмандарының буынын ғана емес, бір кездері өнер жолын осы байқаудан бастағандарды біріктіру міндетін қойып отыр. Сондықтан, үшінші күні ең алдымен балалар флешмобын көрдік, содан кейін сахнаға «Жас қанат. Балалар» байқауының жеңімпаздары шықты. Жұлдыздарға ерекше концепция – балаларымен ән шырқау ұсынылды.  Мәселен, Қазақстанның халық әртісі Нағима Есқалиева ұлы Диас Абылаевпен дуэт орындаса, Қазақ КСР-нің халық әртісі, Өзбекстанның еңбек сіңірген әртісі, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Роза Рымбаева сахнаға ұлдары Әли Рымбаев, Мәди Оқаповтармен трио болып шықты.
          Фестивальдің үшінші күні сағынышқа толы болды. Экран арқылы көрермендерге 90-шы жылдардағы аты аңызға айналған «Азия дауысы» сахнасында бүгінгі әртістердің қандай болғаны туралы роликтер көрсетілді. Сондай-ақ олар әйгілі «Азия дауысы» джинглының авторы, бірнеше ДДД дейтін дауысты жасаған, фестивальге Германиядан арнайы келген Виталий Михаэлистің естеліктері айтылды.
          Ең бастысы, қатысушылар «Азия дауысы» сахнасында тұңғыш рет Александр Беляковтың жетекшілігімен Al Jazz Symphony эстрадалық және симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өнер көрсетті. Алматының 60 үздік музыканты әртістер мен көрермендер үшін кеш бойы жұмыс істеп, нағыз саунд ләззат сыйлады!
        Үшінші күннің хедлайнерлеры – өзбектің “Ялла” тобы мен Швециялық “Secret service” тобы болды. Айтпақшы, «Ялла» тобы – мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін фестиваль символы – күн басы бар жаратылыс бейнесіндегі қайта жаңғырған «Азия дауысының» алғашқы мүсінімен марапатталды. Оны фестивальдің бас продюсері Арманжан Байтасов таныстырды.
            “Фестиваль командасы үш күн бойы керемет жоба жасап жатыр. Мен екі элементтің – «ескі мектеп» және жаңа команданың біріктірілгеніне өте қуаныштымын және ұжымға рахмет айтамын. Бірінші күнді жасаған Азат Әбікенге, екінші күні Black Eyed Peas келуін ұйымдастырған Сәбит Сүлейменовке және «Азия дауысы» қоғамдық қорының президенті Ирина Ковырякоға алғысымды білдіремін”, – деді, Арманжан Байтасов.
         Сондай-ақ, Арманжан Байтасов фестивальдің демеушісі Allur Auto ұсынған Chevrolet Onix автокөлігін Кенже есімді әйел ұтып алғанын және бұл да интрига болғанын айтты. Ұтыс ойыны екі рет өткізілген, алғашқы жеңімпаздар билет саны аталғанда сахнаға шықпаған. Бірақ ақыры көлік өз иесін тапты.
             Фестиваль осымен аяқталды. Енді біз оның негізін қалаушылар – Мұрат Ерғалиев пен Александр Пономарев ойлап тапқан байқау форматында өтетін келесі “Азия дауысы – 2024” фестиваліне “Қош келдің!” дейміз.
          Фестиваль демеушілік пен ақпараттық қолдаудың арқасында мүмкін болғанын еске саламыз! «Азия дауысы – 2023» фестивалінің бас серіктесі және тең ұйымдастырушысы – Halyk Bank болды.
       Ресми телеарна: Silk Way
        Ресми газеттер: «Almaty aqshamy» мен «Вечерний Алматы»
         Ақпараттық қолдау: «1 канал «Евразия», «НТК», MUZZONE TVBusiness FMRadioCitу, «Деловой Казахстан», «Қала мен дала», «Новое поколение»,«Московский комсомолец», Forbes.kzZakon.kzCaravan.kzKursiv.mediaNege.kzArbat.mediaInformburo.kz, Baigenews.kzZhatpa.kzWeproject.mediaDALA INSIDEтелеграмыТүркітілдес журналистер қоры мен «Қазақстандық пресс-клуб».
ttjk

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...