Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
Қазақ күнтізбесінде 24-26 тамыз күндері Туған жер күні болып белгіленді - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » Қазақ күнтізбесінде 24-26 тамыз күндері Туған жер күні болып белгіленді

Қазақ күнтізбесінде 24-26 тамыз күндері Туған жер күні болып белгіленді

ҚАДІРЛІ ОТАНДАСТАР!
          2019 жылы Qazaq club бастамасымен Қарағанды қаласында тұсауы кесілген Ұлт құндылықтарын сақтау мен насихаттауға бағытталған Қазақ күнтізбесінде 24-26 тамыз күндері Туған жер күні болып белгіленді. Осы күндері 1920 жылы Алаш қайраткерлері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсын, Ә.Ермек сол кезде Кеңес үкіметінің басшысы болған В.Ленинмен кездесіп, қазақ шекарасын белгілеу ісін қолға алды. Алаш қайраткерлерінің еліміздің шекарасын белгілеудегі айырықша еңбектерін насихаттайтын осынау тарихи дата әр қазақ үшін ұлтқа қалтқысыз қызмет етудің үлгісі болып қала бермек. Осынау айтулы күнге орай біз сіздерге ақын Ерғанат Кеңесбекұлының туындысын ұсынуды жөн көрдік. Туған жер күні құтты болсын қадірлі достар!
24 – 26 ТАМЫЗ – ТУҒАН ЖЕР КҮНІ!
О, Отан, атамекен, асқаралым,
Айбарым, асыл ұран, асқақ әнім.
Өмірлік қағидасы еткен бабам,
Отанның отбасынан басталарын.
О, Отан, туған елім, туған жерім,
Ес біліп, асыл арман қуған жерім.
Жауына сынық сүйем жер басқызбай,
Ел үшін батырларым буған белін.
Есіме қиналғанда түсетұғын,
Отаным, атың – айбын, күш – есімің,
Өзіңді құрайтұғын жанұядай –
Мен шағын мемлекеттің мүшесімін!
Әкем бар сөз бастайтын адамдықтан,
Үлгі алсын деп өсірген адалдықтан.
Тәрбие, білім, өнер қару деген,
Қашанда кек алатын надандықтан.
Әке көрген оқ жонуды етеді арман,
Кезі жоқ әкелердің қате болған.
Қазыбек,Төле, Әйтеке бабаларым,
Тұтастай бір халықка әке болған.
Дана хан Абылайдай ел бастаған,
Қабанбай, Бөгенбайлар қол бастаған.
Әкелік сыншылдықпен парасатпен
Отанын аман сақтап қорғап қалған.
Әкелер сүй деп өткен Отанды аса,
Кім оңар Отанынан от алмаса.
Абай, Абай болар ма бұл қазаққа,
Аруақты Қүнекеңнен бата алмаса.
Анам бар үндейтұғын ізгілікті,
Ардақты мейірімді, ізгі үмітті.
Әдетте аналар ғой аңсайтұғын,
Болса деп ұл намысты, қыз қылықты.
Өсірер Отан-ана жетелі ұл,
Ерліксіз егескен жау етеді құл.
Қомағай Кирдің басын қанға тыққан,
Тұмардай патшайымның мекені бұл.
Анадай батырлықты бағалар кім?
Оларды ұлылыққа балағанмын.
Есімін ұран етіп жауға шапқан,
Домалақ, Қарқабаттай аналардың.
Анасы мәз мінсе егер баласы атқа,
Ұлы Абай қолын созған парасатқа.
Сіңіріп Ұлжан, Зере ұлағатын,
Аттанған балашақтан болашаққа.
Ағам бар бастайтұғын ірілікке,
Жатқанмен жығылып та, сүрініп те.
Күш алып ағалардың жігерінен
Ұмтылам адастырмас мың үмітке.
Төгілер Отан десе саз жүректен,
Емеспіз бұл ұғымды аз жыр еткен.
Осы ұғым Баян сынды хас батырға,
Ноянды өлтіруге мәжбүр еткен.
Ағаны іні самғар қанаты ұққан
Отанын сол арқылы дара тұтқан.
Жалынды жаужүрек ер Махамбет те,
Ардақтап Исатайды аға тұтқан.
Ініге бас боп талай ұлдар өткен,
Танбаған інілер де сырлы әдептен.
Қасымдай ағасынан қуат алып,
Отанын Мұқағали жырлап өткен.
Бар менің сылқым сұлу жеңгелерім,
Келінін ардақ тұтып келген елім.
Керемет тәрбиені отбасында
Мен осы жеңгелерден көрген едім.
Жеңгелер біздің салтта ардақты еді,
Ананың ізгі жолын жалғап келді.
Жастарға теңін тапсын деп тілейтін,
«Жеңгелер институты» болмап па еді.
Жастарым сол жарасым сәнді білсе,
Бабалар жүріп өткен жолға үңілсе.
Салтымның ғажаптығы біздің елде
Болмаған жесір жетім. Ал бүгін ше?
Бар менің аяулы бір қарындасым,
Тағдыры етсе екен бағын басым.
Мен алдым үлкендерден өнегені,
Ол менің өнегемді қабылдасын.
Білеміз қарындастың біз бағасын,
Түсірген ізгілікке ізгі анашым.
Үлгілі жолға салып біздің қазақ,
Үкідей үлбіреткен қыз баласын.
Көңілі дүйім елдің хош болады,
Қызының ашық болса қас-қабағы.
Отанды шын қастерлеу – қарындасты
Мәпелеп, аялаудан басталады.
Әкеден ел қорғайтын ерлікті алам,
Анадан ізгілік пен кеңдікті алам.
Ағадан асқақ жігер, намысты алып,
Барымды Отаныма беріп бағам.
Жеңгелер мейірімін саялаймын,
Қамқор боп қарындасты аялаймын.
Жасымнан жарқын өнер, білім жиып,
Отаннан бар күшімді аямаймын.
Отан деп асау жүрек туламай ма?
Табынам Махамбет пен Ұлы Абайға.
Тарихсыз ел – тамырсыз бәйтерек қой,
Ал тамырсыз бәйтерек қурамай ма?
ЕРҒАНАТ КЕҢЕСБЕКҰЛЫ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...