Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
Алматыда халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар басталды - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » Алматыда халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар басталды

Алматыда халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар басталды

              Алматы. 8 қырүйек.  Біріккен ұлттар ұйымының ғимаратында “Есік” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ЮНЕСКО-ның 2022-2023 жылдарға арналған бағдарламасы аясында «Талғар және Қойлық қалашықтары Жібек жолының Чанъань-Тянь-Шань дәлізінің құрамдас бөлігі ретінде» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарын бастады. Шараның ашылу салтанатында “Есік” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Гүлмира Мұхтарова ханым халықаралық семинардың басты мақсатына тоқталды.
               ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті Тарихи-мәдени басқармасының басшысы Жанат Сейдалиева ханым аталған жобаның Қазақстан және әлемдік мәдени-тарихи құндылықтарды сақтауда маңызды рөл атқаратынын айтты.
Семинарға АҚШ, ҚХР, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінің ғалымдары шақырылған. 7 қыркүйек күні семинар қонақтары ортағасырлық Талғар (Талхиз), Рахат қалашықтарымен және «Есік» музей-қорығының экспозициялық залдарымен танысып, Есік көліне барды. Алматы қаласындағы БҰҰ ғимаратында, ЮНЕСКО-ның Кластерлік Бюросында жалғасқан семинарда ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген ескерткіштердің қазіргі жағдайы, сақталуы, нысандар бойынша атқарылып жатқан жұмыс барысы баяндалып, шетелдік және отандық ғалымдар тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасып жатыр.
           Жоба шеңберінде «Есік» музей-қорығында семинар аясында музей ісі бойынша қалалық және облыстық музей қызметкерлеріне семинар-тренинг өтеді. Онда музей саласының білікті мамандары музей экспозициясындағы археологиялық бұйымдарды түсіндіру, әңгімелеу, музейлік бұйымға тартымды аннотация жасау бойынша авторлық шеберлік сабақтармен қатар қонақжай музейдің әлеуметтік дизайн тұжырымдамасы туралы тәжірибелік дәрістер ұйымдастырылады.
           “Түркітілдес журналистер қоры” ҚҚ – «Талғар және Қойлық қалашықтары Жібек жолының Чанъань-Тянь-Шань дәлізінің құрамдас бөлігі ретінде» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинарының ақпараттық серіктесі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...