ВОЛОНТЕРЛІК САЛАҒА ШЫҒЫС АЙМАҚТАР ДЕН ҚОЯ БАСТАДЫ
Posted by: Қалмұрат
in PRESS RELEASE, Жаңалықтар, Өзекті мәселе
15/09/2023
7 Views
Қазақстанда да, халықаралық аренада да волонтерлік салаға деген қызығушылықтың артуына байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылдың маусым айында өткен Халықаралық волонтерлер форумында: «Осы салада нақты стратегиялық векторды белгілей алатын жаңа Жол картасын іске қосу керек. Бұл құжат волонтерлік қозғалысқа қуатты серпін беріп, оның алдағы жылдарға арналған дамуының негізгі векторларын айқындауға тиіс, сондай-ақ волонтерлік және қайырымдылық құрылымдарын институционалдық қолдау инфрақұрылымын дәйекті түрде дамыту қажет. Ол үшін ұлттық және өңірлік деңгейдегі волонтерлер Фронт-офистерінің ұйымдастырушылық, техникалық және кадрлық әлеуетін едәуір күшейту қажет. Волонтерлік қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және ілгерілетуге ерекше назар аудару қажет», – деп сөйлеген сөзінен кейін осы салада жандану басталды.
«Birgemiz: áreket ýaqyty» волонтерлік жобасы өмірге келіп, оның жүзеге асуына қатысты іс-шаралар мен кездесулер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен 17 облыста және республикалық маңызы бар 3 қалада өте бастады. Бұндағы көзделініп отырған мақсат «Ұлттық волонтерлік желі» құрып, оның қызметін жандару арқылы еліміздегі үкіметтік емес ұйымдардың волонтерлік қызметін жандандыруға халықаралық ұйымдардың өкілдіктерін тарту. «Birgemiz: áreket ýaqyty» жобасы бойынша жұртқа таныстырылатын волонтерлікті мемлекеттік қолдау стандартын әзірлеуші Елена Амреева.
Осы әр облыс пен үш ірі қалада 3 қалада өткізілуі ойластырған іс-шара өз жалғастығын Абай облысында да тапты. Кеше Семей қаласында Абай облысының қоғамдық даму басқармасының басшысыАйдар Серікқазыұлы Садырбаевтың төрағалық етуімен Өңірлік комуникация қызметінде «Біз біргеміз әрекет уақыты» волонтерлік жобасына байланысты брифинг болып өтті. аймағымызда өткен осы іс шараға «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ атқарушы директоры Татьяна Миронюк қатысы. Осы өткізген іс-шара барысында Абай облысының қоғамдық даму басқармасының басшысыАйдар Серікқазыұлы сөз берген «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ атқарушы директоры Татьяна Миронюк:
— Волонтерлікті дамытуға ықпал ететін табысты тәжірибелер мен жобаларды анықтау;
— Аймақтардағы волонтерлік саладағы бар проблемалар мен қажеттіліктерді талдау;
— ҮЕҰ, волонтерлер топтары мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы ынтымақтастықтың ықтимал жолдарын талқылау;
— 2024-2027 жылдарға арналған волонтерлікті дамытудың Жол картасына ақпарат жинау сынды келелі тақырыптарды сөз етті.
Аталған тақырыптар брифинг қатысушылар тарапынан қызу талқыланады. «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ атқарушы директоры Татьяна Миронюк «Birgemiz: áreket ýaqyty» жобасын Шығысқа таныту үшін Павлодар мен Өскемен қаласында брефинг өткізетін болады.
Әбіл-Серік Әбілқасымұлы Әліәкбар,
әдебиеттанушы-журналист, Семей қаласы.
2023-09-15