Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
«МЕКЕМТАС МЫРЗАХМЕТ ӘЛЕМІ» - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » «МЕКЕМТАС МЫРЗАХМЕТ ӘЛЕМІ»

«МЕКЕМТАС МЫРЗАХМЕТ ӘЛЕМІ»

         Жақында біздің кітапханамызда Мекемтас Мырзахметұлының шығармаларын талдау мақсатында «Мекемтас Мырзахмет әлемі»  атты әдеби тақырыпта іс-шара болып өтті.
           Бұл іс-шараны өтудегі мақсатымыз – жас оқырмандарымызды кітап оқуға және оларға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Зейіндерін шоғырландыру, шығармашылық қәбілетін, ой-өрісін дамыту.Мекемтас Мырзахметұлының шығармаларымен және өмірімен танысып шығу болды.
         Негізгі бөлімде жас оқырмандарымызға– еліміздің мақтан тұтар перзенті, филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлының 1930 жылы 9 мамырда қазіргі Түркістан обылысы, Түлкібас ауданы, Майтөбе ауылында дүниеге келгенін, оның тек ғана «Абай танушы», ғана емес, сонымен бірге«Бауыржан танушы» болғанын да айтып бердік.
         Ол қазақ жеріндегі топонимдер мен антропонимдердің саяси-әлеуметтік сырларын ашып, қоғамдық ой-санаға ықпал етті. Абайтану мен мұхтартанудың ғылыми негізді қарым-қатынасын зерттеді. Абай шығармаларын жаңа қырынан талдап, ондағы айтылмай келген шығыстық мәселелер мен танылмай келген ойларды, шығыстық термин сөздерді бүгінгі күн талабы тұрғысынан жаңаша қорытып, ғылыми айналымға түсірді. Сондай-ақ қазақ әдебиетінің түрлі салаларынан мамандар даярлап, отыздан астам кандидат диссертация қорғатты. Абайтанудың библиография көрсеткіштерін құрастырып (1965, 1988, 1995) алғы сөздерін жазды. “Абай” энциклопедиясы мен М.Әуезовтің 20 томдық, 50 томдық шығармалар жинағын шығаруға атсалысты.
            Өз деңгейінде жақсы өткен рухани іс-шара кезінде оқырмандар өз ойларымен бөлісіп осындай шаралардың көптеп болуын сұрады. Сонымен қатар олар өздеріне керекті кітаптарындаалып кетті.
Жанар ТӨЛЕГЕНОВА,
Жамбыл ауыл округі, Кеңесшіл ауылы,  №13 кітапханасының кітапханашысы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ЖҰМЫСТАР ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС АТҚАРЫЛУДА

        ...

ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕГЕН ҰСТАЗ

        ...

ПЕДАГОГТАР ӘУЛЕТІ

        ...

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ

        ...

PEOPLE AND PLACES, SHOPS

Learning objectives(s) that this ...

САЛТ-ДӘСТҮР ЖӘНЕ ТӘРБИЕ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту ...

НАУРЫЗЫМ МЕРЕКЕМ, НАУРЫЗЫМ БЕРЕКЕМ!

       Біздің ...

САНСЫЗБАЙ САРҒАСҚАЕВТЫҢ «ТӘМПІШ ҚАРА» ШЫҒАРМАСЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІ

      Оқу ...

ОТКРЫТЫЙ УРОК НА ТЕМУ «НАРЕЧИЕ. СТЕПЕНИ СРАВНЕНИЯ НАРЕЧИЙ» В 7 КЛАССЕ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ СОВРЕМЕННЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ РЕСУРСОВ

        ...

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ – КӨКТЕМ МЕН ЖАҢАРУ МЕРЕКЕСІ!

       Ұлттық ...