Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ ӨМІРІН, ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРЕТІН ҚҰНДЫ ҚҰЖАТ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ ӨМІРІН, ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРЕТІН ҚҰНДЫ ҚҰЖАТ

ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ ӨМІРІН, ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРЕТІН ҚҰНДЫ ҚҰЖАТ

        Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің биылғы «Әділетті Қазақстанның  экономикалық бағдары» атты дәстүрлі Жолдауында еліміздің алдағы уақытта атқарылатын стратегиялық даму бағытына айрықша маңыз беріп, ел экономикасының өркендеуіне серпін беретін өңдеу өнеркәсібінің қарқынды дамуы, сондай-ақ инклюзивтілік және прагматизм қағидаттарына негізделген жаңа экономикалық модель құруды ұсынды. Сол себепті де бұл Жолдауды – ең әуелі Қазақстан азаматтарының өмірін, әлеуметтік жағдайын жақсартуға басымдық беретін құнды құжат деп атай аламыз.
         Бұл ретте Мемлекет басшысының еліміздегі агро­өнер­кә­сіптік кешендегі тың жұмыстарды жү­зе­ге асыру үшін Еуразия аумағының жетекші аграрлық орталықтарының бі­рі ретіндегі бағыт-бағдарын ны­­­­ғайтуға назар аударғаны біз секілді саналы өмірі сол саламен тығыз байланысты ауыл тұрғындарын қатты қуантып отыр. Осы Жолдауда айтылған аг­ро­номияны дамытуға және оның ауыл шаруашылығындағы рөлін күшейтуге күш-жігерді жұмылдыру, осы саладағы бар­лық ғылыми жетістікті пайдалана оты­рып, жоғары өңделген өнімге және инновациялық шешімдерге көшу қажеттігі туралы айтқан тұ­жы­рымдары дәл уақтылы айтылған деп ойлаймыз.
         Сонымен қатар, биылғы Жолдауда республикамыздың энергетикалық қауіпсіздігі, ел тұрғындарын жылу және сумен толық жабдықтау, елді мекендерді жаппай газдандыру мәселелері де егжей-тегжейлі талданған. Бүгінгі таңда стратегиялық маңызға ие – та­биғи газдың ресурстық база­сын барынша кеңейту басым міндет болып қала беретіні, осы бағыттарда жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысын жеделдету және қол­даныстағы қуаттарды ба­рын­ша пай­далану қажеттігі алға тартылғаны көңілді қуантады.
          Қазіргі күні республикамыздың әлеу­­меттік-экономикалық даму ба­ғытына әсері мол тағы бір өзекті мәселе,  атом электр стансасын салуға бай­­ла­нысты жалпыұлттық референдум өте­тіндігі болып тұр. Бұл жай азаматтарымызға рефе­рен­думға бел­сенді қатыса отырып, еліміздің болашағына қатысты осы ма­ңызды мәселе бо­йынша дұрыс ше­шім қабылдауына мүм­кін­дік береді.
          Осы Жолдауда Пре­зидентіміз балаларға да қатысты маңызды мәселелер қозғап, елімізде оларға арналған жол саласының, ғима­раттардың, киім-кешек пен та­мақ өнімдерінің қауіпсіздігіне баса назар аударды. Барлық баланың білімге қол жеткізулеріндегі теңдікті қамтамасыз ету үшін интернет жылдамдығын арттыру және цифрлық білім беру ресурстарына тегін қол жеткізуді қамтамасыз ету қажеттігі назардан тыс қалдырмады, бес жасқа толған балаларды қамти­тын «Келешек» атты қаражат жи­наудың бірыңғай ерікті жүйесін енгізуді тапсырды.
           Сондай-ақ, Мемлекет басшы­сы Жолдауда ағын су ресурстарының қоры еліміз үшін мұ­най, газ немесе басқа да металдардан мән-маңызы кем болмайтынын атап өтті. Сондықтан Президентіміз Қ.Тоқаев су шаруашылығы жүйесін тиімді дамыту үшін мұнымен дербес ведомство айналысуға тиіс деп санайды. Бұл жыл сайын ағын судан тапшылық көретін аудан шаруалары үшін барынша тиімді болар еді.
          Мемлекет басшысы өз сө­зінде – мемлекетіміз бен қоға­мы­мызды IT мемлекетке айналдыруға деген ұм­тылыс ел дамуындағы басым бағыт болып саналатынын, инновацияларды цифр­ландыру саласына енгі­зу­дің ма­ңыз­ды­лығын және де жасанды интеллект технологияларын және осы са­лаға инвестицияларды тартудың ма­ңыз­дылығына тоқталды. Ол әлемде жасанды интеллектіні дамытуға және қол­дануға инвестициялардың едәуір өсуі күтілетінін және осы саланың сәтті дамуы елдің эко­номикалық өсуіне айтар­лық­тай ықпал етуі мүмкін екенін атап өтті. Бір қуантарлығы қазірдің өзінде еліміз «Электронды үкімет» пен финтехтің даму индекстері мен сондай-ақ отандық IT-қызметтер экспортының айтарлықтай өсуі сияқты табысты жетіс­тік­тер бо­йынша әлемдегі көшбасшылардың қатарында тұр. Бұл нәтижелерді одан әрі арттырымыз қажет.
          Сонымен қатар Президентіміз, осы маңызды құжатта ғылым мен ин­но­вацияға негізделген эко­но­­ми­каның дамуына ық­пал ете­тін ғылым және тех­но­ло­гия­лық саясат туралы заңды әзір­­леудің ма­ңыз­дылығына назар аударды. Ол инновациялық инфрақұрылымды құру бо­йынша жеке бастамаларды қол­­дау­дың пәрменді шара­ла­ры­ның қажеттігін айтты.
           Байқап тұрғандарыңыздай Мемлекет басшысы биылғы Жолдауда еліміз үшін маңызды біраз мәселелерді шешу жолдарын қозғады. Енді бізге соларды тиімді жүзеге асыру ғана қалып отыр.
Қ.ДОСЖАНОВ,
жеке кәсіпкер,
Қазыбек би ауылдық округі, Жетісай ауданы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...