Анкарадағы өркениеттер мұражайы
Posted by: Қалмұрат
in Business, News, PRESS RELEASE, Жарнама, Кәсіпкерлік, Саясат, Туризм
29/10/2023
2 Views
Анкара қамалының жанындағы екі Османлы ғимаратында орналасқан Анадолы өркениеттері мұражайы бар.
1997 жылы «Еуропаның жыл мұражайы» атанған осы мұражай кешенінде Анадолы өркениеттерінің өткеннен бүгінге дейінгі жәдігерлері хронологиялық тәртіпте қойылған.
Мұражайдың коллекциясы – Анадолыдағы ең үлкен өркениеттердің бірі саналатын хеттерден, фригияларға дейінгі бірнеше кезеңді қамтиды және палеолит, халколит және көне қола дәуірлері мен Ассирия сауда колонияларынан, ескі Хетт пен Хет империялық дәуірінен қалған жәдігерлерді қамтиды. Сондай-ақ, Фригия мен соңғы Хет патшалығынан және Урарту патшалығынан да жәдігерлер бар.
«Ғасырлар мен классикалық кезеңдерде Анкара» бөлімдерінде өткен айда Түркияның 21-ші мұрасы ретінде ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра тізіміне тіркелген Гордион көне қаласынан қазылған жәдігерлер де орын алды.
2023-10-29