Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ЦИФРЛЫҚ КОДЕКС ТАЛҚЫЛАНДЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ЦИФРЛЫҚ КОДЕКС ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЦИФРЛЫҚ КОДЕКС ТАЛҚЫЛАНДЫ

       Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігінде Цифрлық кодекс аясында жиналыс өтіп, Цифрлық кодекс жобасын дайындау бойынша белсенді жұмыс атқарылып жатыр. Бұл жұмысқа қоғам өкілдері, Парламент депутаттары, сарапшылар қауымдастығы және бизнес өкілдері жұмылдырылды.
       Оны талқылауға ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбакин, «AMANAT» партиясының партиялық тізім бойынша VIII сайланған ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева, ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов, Цифрлық үкіметті қолдау орталығының Бас директоры Рүстем Биғари, сондай-ақ IT-қауымдастықтың өкілдері мен сарапшылары қатысты.
       Кодекстің жобасы үш негізгі бағытты қамтиды: адамның және азаматтың цифрлық құқықтары, цифрлық экономика және цифрлық мемлекет. Азаматтардың өз қабілеттері мен дағдыларын толық іске асыруына ықпал ететін қауіпсіз, қолжетімді және жайлы цифрлық ортаны құру, олардың өмір сүру деңгейң мен сапасының өсуі, деректерді сақтау, өңдеу және беру үшін жоғары техологиялық, сенімді, қолжетімді және қауіпсіз ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым, барлық азаматтар үшін ыңғайлы және қолжетімді цифрлық қызметтер мен сервистер  және т.б. сұрақтар талқыланды.
          Асқар Жамбакин өз сөзінде бұл құжаттың маңыздылығын, елімізде цифрлық технологиялардың жоғары қарқынмен дамуына байланысты оны қабылдау қажеттілігін атап өтті.
        «Бүгінде цифрлық кеңістік азаматтардың, бизнестің және мемлекеттің өзара әрекеттесуінің негізгі арнасына айналды. Кодификация сонымен қатар заңдарды цифрлық ортада қолдануды азаматтар мен бизнес үшін қолжетімді және түсінікті етеді, ауыр талаптар мен реттеуші кедергілерді жояды. Цифрлық технологиялардың даму қарқыны мен таралу ауқымы нормативтік актілерді қабылдау жылдамдығына ғана емес, заңнама құрылымына да жаңа талаптар қояды. Цифрлық кодекстің қолдануы цифрлық экономиканы дамыту және мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау үшін бірыңғай құқықтық кеңістікті құруға мүмкіндік береді »,- деді ЦДИАӨМ вице-министрі Асқар Жамбакин.
          Цифрлық кодексті әзірлеу жинақталған оң тәжірибе мен озық халықаралық тәжірибені ескере отырып, цифрлық технологияларды, оның ішінде жасанды интеллектті реттеудің жаңа тәсілдерін енгізуге, азаматтар мен бизнес үшін қауіпсіз және жайлы цифрлық ортаны құруға мүмкіндік береді.
        «Цифрландыру саладан тыс сипатты көздейді,яғни қандай да бір технологиялар жай ғана Цифрлық заңмен реттелсе, ол басқа салаға қатысты заңдарға қолданылмайды. Біз қандай да бір технологияны жазуды қайталауымыз керек. Цифрлық құжаттарда болғандай, норма барлық салаларда тиімді болуы үшін біз бұл мәселені кодекс деңгейінде енгізуге мәжбүр болдық. Жасанды интеллект сияқты технологиялар барлық салаларда қолданылатын болады, әр саланың өзіндік ерекшеліктері болады, бірақ тәсілдер біркелкі болуы керек. Бұл нормаларды бір құжатқа жинақтау – табиғи қажеттілік»,-деп атап өтті«AMANAT» партиясының партиялық тізім бойынша VIII сайланған ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева.
          Мамандар аталмыш құжатты әзірлеу бойынша өз пікірлерін білдіріп, осы бағыттағы тәжірибелерімен бөлісті. Жыйын қорытындысы бойынша Цифрлық кодекс тұжырымдамасы мен оның жекелеген бөлімдерін талқылау үшін жеке топтар құру туралы шешім қабылданды. Заңнама Институтының жинақталған тәжірибесі туралы толық есеп және талқыланатын құжаттың әрбір нұсқасы министрліктің сайтында көпшілікке қолжетімді болады.
          Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында цифрландырудың жетекші қағидаттарын айқындайтын кешенді салалық құжат дайындауды тапсырған болатын.
            Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан сияқты елдер цифрлық даму саласындағы заңнамаларды кодификациялауды жоспарлап отырғанын жариялады. Қырғызстан Цифрлық кодекс жобасын әзірлеуге кірісті.
ЦДИАӨМ-нің  баспасөз қызметі.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

МАМАНДЫҒЫМ – БОЛАШАҒЫМ

        ...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

      Мемлекеттік ...

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...