Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
Бір миллионнан астам қонақүй төсегі әлемдік стандарттар бойынша сертификацияланды - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » Бір миллионнан астам қонақүй төсегі әлемдік стандарттар бойынша сертификацияланды

Бір миллионнан астам қонақүй төсегі әлемдік стандарттар бойынша сертификацияланды

           Түркияның Мәдениет және туризм министрлігінің хабарлауынша, Түркиядағы миллионнан астам қонақүй төсектері тұрақты туризм стандарттарына сәйкес тексеріліп, сертификаттарын алды.
          Түркияның Ұлттық тұрақты туризм бағдарламасы шеңберінде 1 044 189 төсектік 7 500-ден астам қонақүй тұрақты туризм талаптарына сәйкес сертификациядан өтті. Жаһандық тұрақты туризм кеңесімен серіктестесе отырып дайындалған бағдарлама бойынша Түркия үкіметтік деңгейде келісімге қол қойған әлемдегі алғашқы ел саналады.
          Лондондағы Дүниежүзілік туристік нарық конференциясының алғашқы күнінде Түркияның Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой мырза: «2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Түркияға келген туристер саны 12 пайыздан астам көрсеткішке артып, 45 миллион 230 069 адамға жетті. Ұлыбритания – біздің негізгі мақсатты нарықтарымыздың бірі. Биыл 29 қазаны мен 2 қарашасы аралығында Бодрумда жыл сайынғы ABTA туристік конференциясының ұйымдастырылуы осыны дәлелдейді. 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Түркияға 3 157 421 британдық турист келді, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12 пайызға артық. Біз туризм индустриясын дамытуға көп көңіл бөлсек те, болашақ ұрпақ үшін еліміздің ресурстарын сақтауға мүдделіміз. Осы орайда, WTM-де жергілікті өнеркәсіп өкілдерімен біріге отырып, бірегей туристік бағыттар мен өнімдерімізді ұсынамыз.
         Сонымен қатар Тұрақты туризм жөніндегі Ұлттық бағдарламамыздың алға қойған мақсаттарына жету жолында жылдам әрі тиімді ілгерілеушілік бар. 2023 жылдың алғашқы тоғыз айында Түркияға 45 миллионнан астам адам келген. Маңызды туристік аймақтарындағы миллионнан астам қонақүй төсектері тұрақты түрде расталған және сертификатталған. Түркияға шетелдік қонақтардың едәуір бөлігінің осы қонақүйлерде демалатынын көруге қуаныштымыз», – деді.
            Түркия тұрақты туризмге «міндетті» көзқарасты ұстанатын әлемдегі санаулы елдердің бірі саналады. Төрт негізгі туристік аймақтағы Ұлттық тұрақты туризм бағдарламасының орындалу барысында Антальяда – 1144, Стамбұлда – 966, Муглада – 639 және Измирде 488 нысадары тексеріліп, сертификатталды.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

ТІЛ – АДАМЗАТТЫҢ ЕҢ ҮЛКЕН ҚАЗЫНАСЫ

     «Н.Исмайлов атындағы ...

ЖҰМЫСТАР ЖОСПАРҒА СӘЙКЕС АТҚАРЫЛУДА

        ...

ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕГЕН ҰСТАЗ

        ...

ПЕДАГОГТАР ӘУЛЕТІ

        ...

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ

        ...

PEOPLE AND PLACES, SHOPS

Learning objectives(s) that this ...

САЛТ-ДӘСТҮР ЖӘНЕ ТӘРБИЕ

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту ...

НАУРЫЗЫМ МЕРЕКЕМ, НАУРЫЗЫМ БЕРЕКЕМ!

       Біздің ...

САНСЫЗБАЙ САРҒАСҚАЕВТЫҢ «ТӘМПІШ ҚАРА» ШЫҒАРМАСЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІ

      Оқу ...

ОТКРЫТЫЙ УРОК НА ТЕМУ «НАРЕЧИЕ. СТЕПЕНИ СРАВНЕНИЯ НАРЕЧИЙ» В 7 КЛАССЕ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ СОВРЕМЕННЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ РЕСУРСОВ

        ...