ОРТАЛЫҚ АЛАҢДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІ ҚОЛЖЕТІМДІ БАҒАДА САУДАЛАНДЫ
Posted by: Қалмұрат
in Business, News, PRESS RELEASE, Ауыл шаруашылығы, Билік, Кәсіпкерлік, Өзекті мәселе, Саясат
04/11/2023
4 Views
Жетісай қаласының орталық алаңында ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде 16 тоннаға жуық – қияр, қызанақ, болгар бұрышы, баклажан, асқабақ, жүзім, алма, картоп, пияз, сәбіз, қызылша, қауын, қарбыз, сүт және балық секілді өнім түрлерін базар бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада тұтынушыларға сатылды.
Аудан тұрғындарын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қолжетімді бағада қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған бұл жәрмеңке – аудан әкімі Серік Мамытовтың берген арнайы тапсырмасына сәйкес өткенін атап өтуіміз керек
Бір айта кетерлігі дәл осыдан бір апта бұрын, яғни 28 қазан күні де Жетісай қаласының орталық алаңында ауданның барлық округтерінен 30-ға жуық тауар өндіруші ұсынған 20 тоннаға тарта ауыл шаруашылығы өнімдері базар бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада тұрғындарға сатылған болатын.
Сонымен қатар, аудан әкімдігінің қолдауымен осындай жәрмеңкелерде әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға бірнеше рет көмек ретінде азық-түліктер мен киім-кешектер үлестірілген болатын.
Аудан әкімі Серік Үсенұлы тиісті сала басшыларына алдағы уақыттарда да осындай жеңілдетілген бағада тұрғындарға арналған жәрмеңкелерді тұрақты түрде өткізіп тұруды тапсырды.
2023-11-04