Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
21-ҒАСЫРДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ – ТИІМДІ БАСҚАРУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » 21-ҒАСЫРДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ – ТИІМДІ БАСҚАРУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

21-ҒАСЫРДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ – ТИІМДІ БАСҚАРУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

        Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты  – ізденімпаз, жасампаз жаңашыл мұғалімнің 21-ғасырдағы әлемдік педагогика тәжірибелерін зерттеп, ұлттық педагогика негізінде сабақты түрлендіріп, заманауи педагогикалық технологияны қолдану әдістемесін терең меңгеріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі болып табылады. Ұстаз атану үшін,  ұстаздық қызметті қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау, өз кәсібіне опасыздық жасамай,  өз пәнін, өз мектебін, өз шәкіртін шексіз сүю керек. Мектеп білім беретін орта болса, оның тәрбиешісі – білім және ғылым, педагогика мен психология ілімін жетік меңгерген жаңа формация  мұғалімі.  Балаға тәрбиені бақташы да, құрылысшы да, етікші де, бағбан да, механизатор да, бәрі-бәрі де бере алады. 
       Бүгінгі күні педагогика ғылымында педагогикалық үрдісті басқару ғылымы тұрғысынан зерттеу, түсіну бағыты байқалады.
       21-ғасырдағы білім беру – тиімді басқарудың өзекті мәселелері бойынша менеджмент ғылымында басқару – мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекеттерді ұйымдастыру.  Мағынасы бойынша «менеджмент» термині «басқару» терминімен ұқсас. Алайда, қазіргі түсінік бойынша «басқару» ұғымынан «менеджмент» ұғымы кеңірек, өйткені ол адамзат қызметінің әр түріне қолданылады.
         Менеджмент (мanage ағылшын тілінде  – басқару, меңгеру, ұйымдастыру) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үдерісін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы. Басқару объектілері – биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелері. Әлеуметтік жүйелердің бірі – білім беру жүйесі.
         Әлеуметтік басқарудың жалпы заңдылықтарына бағынғанмен, білім беру жүйесін басқарудың өзіне тән ерекшеліктері бар.
        Білім беру менеджментінің негізгі мақсаты — білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы тиімділігін арттыру.Педагогикалық менеджмент оқу-тәрбие, оқу-таным үдерісінің және білім берудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған, оларды басқарудың принциптеріәдістері, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық тәсілдерінің кешені.
         Ұйымдағы менеджмент кешенінің құрамы  келесі компоненттерден тұрады: стратегиялық менеджмент, кадрлық менеджмент, технологиялық процестер мен операцияларды басқару, қаржылық менеджмент, материалдық-техникалық жабдықты басқару, өнімді өткізуді басқару, жылжымайтын мүлікті басқару, инновациялық менеджмент (дамуды басқару), өнім сапасын немесе қызмет көрсетуді басқару.
  • Стратегиялық менеджмент-басты стратегиялық шарттарды құру. Мақсаткерлікті таңдау, оқиғалық анализ, стратегиялық маркетинг, қызметті стратегиялық жоспарлау, ұйымдық құрылымдарды құру және түзету, стратегияларды жүзеге асыруды басқару стратегиялық менеджметке жатады.
        Педагогикалық менеджмент басшылар мен оқытушыларға мақсатқа жету жолында көптеген мүмкіндік береді:
– біріншіден, вертикальді бұйрықтық басқару әдісінен корпоративті басқару стилі негізіндегі горизонтальді кәсіптік ынтымақтастыққа жол ашады;
– екіншіден, әр тұлғаға даму мүмкідігін береді, басшылар мен оқытушылардың мотивациялары арқылы ұйымның ішкі ортасы, яғни ұйым дамиды;
– үшіншіден, білім беру процесіне қатысушыларға жағымды психологиялық-педагогикалық жағдай туғызады.
            Білім беру процесін басқаруда педагогикалық менеджментті білім беруді тиімді басқарудың теориясы, әдістемесі, технологиясы деп түсінуге болады. Жалпы менеджмент адамдарды, әлеуметтік процестерді басқару өнері мен ғылым жиынтығы ретінде қарастырылады, адамдардың интеллектісін, еңбегін, мотивацияларын пайдалану арқылы басшының алдына қойған мақсаттарына жете алуын айтады. Осы анықтамаға сүйенсек, әр оқытушы өзінің қарамағындағы білім алушының оқу-таным үдерісінің менеджері болып табылады, ал ұйым басшысы–оқу орнының тұтас оқу-тәрбие үдерісінің менеджері.
         Педагогикалық менеджменттің өзіне ғана тән заңдылықтарының бірі-менеджер еңбегінің пәні, өнімі, құрамы және нәтижесінің ерекшелігі.
        Білім беру жүйесі – сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
         Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi рөл атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
         Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.
         Әсіресе, «білім берудің мемлекеттік – қоғамдық жүйесін қалыптастыру», «корпоративті басқару принциптерін игеру» қаралды. Білім беруді басқарудың әр түрлі деңгейлеріне қоғамдастықтың қатысу попечителдік кеңестердің құрылуы негізінде іске асады. Бұдан басқа, жұмыс берушілердің мамандарды дайындау бойынша салалық және аймақтық кеңестері құрылады. Әр түрлі елдерде негізінен менеджерлерді дайындау, оқытуды ұйымдастыру әдістері бойынша соңғы онжылдықта ұқсастықтар көп. Менеджмент мамандық ретінде,  білімнің саласы ретінде интернационалды деуге болады.
         Егер білім саласындағы менеджердің кәсіби дайындығы білім беру жүйесінің мамандарды кәсіби даярлаудың жалпы жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады десек, білім беру жүйесінің болашақ кәсіби басқару деңгейі неғұрлым көтеріледі және сонымен қатар қосымша кәсіби білім жүзеге асады. Осыған байланысты біздің қазіргі қоғамда ұлттық іскер мәдени ерекшеліктерін есепке ала отырып, менеджер-өз ісінің маманы моделін және менеджерлерді кәсіби дайындау жүйесінің принципиалды негіздерін жасау қажет. Бұл әр түрлі деңгейдегі менеджерлерді және басқа да қызметтегі –әлеуметтік салада, денсаулық сақтау, өндірістік қызметтегі менеджерлерді дайындау үшін тәжірибелік құндылыққа ие болады.
         Мектеп қызметін басқару мектеп басшының мәдениетіне, оның технологиялары мен құндылықтарды құру, меңгеру және алға жылжыту қабілеттеріне тікелей қатысты.
         Басқару мәдениетінің компоненттері –  технологиялық және тұлғалық – шығармашылық.
         Мектеп директорының басқару мәдениетінің технологиялық компоненті педагогикалық үдерісті басқару әдістері мен тәсілдерін біріктіреді. Мектепшілік басқару технологисы басшы – менеджердің шеберлігіне байланысты.
        Білім беруді ақпараттандыру-танымдық іс-әрекетті қайта құру үшін және оқушылардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін күшейтуге араналған жағдайды құру үшін және оқушылардың интеллектуалдық мүмкіндіктерін күшейтуге арналған жағдайда құру мақсатында микропроцессорлық техника мен ақпаратты тарату құралдарының, осы құралдарға негізделген педагогикалық технологияның базасында ақпаратты жинау, өңдеу, тарату және сақтау әдістері мен құралдарын педагогикалық практикаға жаппай енгізу.
        21-ғасырдағы білім беру – тиімді басқарудың өзекті мәселелері бойынша білім беруді қазіргі ақпараттық технологиялары – адамзаттың интеллектуалдық жетістіктерін өзіне жинақтаған және азаматтың интеллектуалдық, оның ішінде білім берудегі қызметін шынайы күшейтуге қабілетті құрал.
       Білім беру жүйесі-адамның дамуы үшін арнайы тағайындалған аға ұрпақтардың тәжірибелерін тарату және қабылдау тәжірибесінің арнайы ұйымдастырылған жүйесі.
       Білім беруді электрондандыру үш негізгі аспектіні қамтыды:
  • электрониканы кеңінен оқыту мен микропроцессорлық техника құралдарын қолдану;
  • оқу процесінде техникалық оқыту құралдарын, оның ішінде, оқыту машиналарын, видео жүйелерді, қарапайым электрондық ойындар мен жаттықтырушыларды интенсивті түрде пайдалану;
  • оқу процесіне микрокалькуляторлар, арнайы оқу ЭЕМ-дерін және т.б.енгізу.
        Электрондық құралдар мен есептеуіш техникаларды кеңінен енгізіу мен сипатталады. Дидактикалық программалаудың негізгі міндеттерінің бірі оқу әрекеттерін оңтайлы басқару жүйелерін белгілі бір мақсатты көздейтін жүйелерімен синтездеу, оны орындау барысында оқушылардың білімі мен іскерлігі талап етілген деңгейге жақындайды.
        Ақпараттандыруға байланысты мемлекеттік саясат төмендегідей негізгі бағыттарды қамтыды:
  • бірыңғай ақпараттық кеңістікте ақпараттандыру жүйелері мен желілерін құру және дамыту, олардың үйлесімділігі мен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету;
  • ұлттық тағылым ретінде мемлекеттік ақпараттық ресурстарын қалыптастыру және қорғау;
  • ақпараттандыру және басқа бағыттарды ұлттық қауіпсіздік мәселелерін қамтамасыз ету. Ақпараттық технологиялардың дамуы мен компьютерді пайдалануға бөлінудің әртүрлі белгілерімен анықталатын әртүрлі көзқарастар бар. Компьютердің пайда болуынан бастап, ақпараттық технологиялар дамуының жаңа кезеңінің басталуы болып табылады. Мұндағы негізгі мақсат – әрі кәсіптік салада, әрі тұрмыстық салада адамның дербес ақпараттық қажеттілігін қанағаттандыру.
        Мультимедиа құралдары деп әр түрлі орталарды: графиканы, гипермәтінді, дыбысты, анимацияны, бейнелік көріністерді пайдалана отырып тұтынушының компьютермен әрекеттесуін жүзеге асыратын ақпараттық және программалық құралдардың біріктірілген кешендерін айтады. Мультимедиа жарнамалық бизнесте, компьютерлік ойындар жасауда кең қолданылады. Мультимедиа технологияларынң қызықты мүмкіндіктері электрондық оқу құралдарын жасауда және де басқа оқып үйренуге арналған материалдар дайындауда көп пайдаланылады. Мультимедиалық технологияларды кеңінен қолдану оқытудың қазіргі компьютерлік технологиялары дамытудың жаңа бағыттарын дамытуға зор үлес қосып келеді.
          Мультимедиа технологиялары құралдарын оқу әдістемелік материалдары кешендерін жасауда қалай қолдануға болады? Оларға әр түрлі мультимедиалық эффектілерді жай мультимедиа мәтіндермен салыстырғанда қандай көлемде қосуға болады? Оқу құжаттарында мультимедиалық қосымшыларды пайдалануға шек қойыла ма? Осындай мультимедиа әсерлелерді шешу бағытында нақты зерттеу жұмыстарын жүргізу керек, өйткені гармонияны бұзу өте жақын, әсерлі қосымшаларды мультимедиалық эффектілерді шамадан тыс қолдану оқушылардың жұмыс қабілетін төмендетіп, оларды тез шаршатуы да ықтимал. Осындай сұрақтарға жауап беру оқыту ісіндегі шамадан асып шарықтауды болдырмау, оқу – әдістемелік материалдарын тек эффектілі түрде көрсетпей, оның тиімді жағын қамтамасыз етуі керек.
         Виртуальды  семинарлар мен  консультациялар.      Мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты ешкім өзгерте алмайды бірақ технологияның дамуымен оқытудың формасыда өзгеруде. Көптеген программалардың арқасында аудио және видео конференциялар өткізуге болады.
          Электрондық басылымы-программалық басқару құралдары мен құжаттамалары бар және кез келген электрондық ақпарат-магниттік, оптикалық –тасымалдаушысына (CD-ROM,DVD RW және т.б.) орналасқан немесе компьютерлік желілерде жарық көрген сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, видео және басқа да ақпараттар жиынтығы.
         Электрондық оқу құралы-құрамында оқу курсының ең маңызды бөлімдері, сонымен қатар, есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу тәжірибесін өткізуге нұсқалар, практикумдар, курстық және дипломдық жұмыстарды дайындауға әдістемелік нұсқаулары бар берілген басылым түрінде мемлекеттік мекеме беретін арнайы дәрежеге ие электрондық оқу басылымы.
          Электрондық оқу басылымы-оқытуды және білім бақылауды автоматтандыруға арналған және оқу курсына немесе оның жеке бөлімдеріне сәйкестендіріліп, сонымен қатар, шығу траекториясын анықтауға мүмкіндік беретін және әртүрлі оқу жұмыстарымен қамтамасыз ететін электрондық басылым.
          Мультимедия технологиясы (ағылшынша-көп компонентті орта) мәтін, графика және бейне мультипликацияны пайдалануға мүмкіндік береді, оқу процесіндегі компьютердің қолдану саласын кеңейту.
          Қорыта айтқанда, қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен, білімнің ғылыми интеграцияға ұмтылуымен, қоғамда жинақталып үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Білім беру процесі – ақпараттық қоғам жағдайындағы жас өспірімдерді жан-жақты даярлайтын процесс болуы қажет. Сондықтан білім беру жүйесінде компьютерлерді пайдаланудың маңызы зор. Өйткені компьютер адам қызметінің барлық саласында еңбек өнімділігін арттыру құралына айналады. Болашақ мамандардың ақпараттық мәдениеті негіздерін қалыптастыру оқушылардың компьютерде жұмыс жасауды игеруімен тығыз байланыста болады.
Алия ИСКАКОВА,
№ 39 «Асықата» ЖОМ-ның
І деңгейлі директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...