150 ЖЫЛДАҒЫ ЕҢ ЖАЙСЫЗ РЕКОРД…
Posted by: Қалмұрат
in News, PRESS RELEASE, Әлемде, Өзекті мәселе, Табиғи апат, Экология
21/11/2023
5 Views
2023 жылдың 17 қарашасында Жер бетінің температурасы соңғы бір жарым жүз жылда алғаш рет индустрияға дейінгі кезеңнен (1850-1900) екі градустан жоғары болып, адамзат үшін қатерлі рекорд тіркелгені белгілі болды. «Біздің бағалауымыз бойынша, бұл жаһандық температура индустрияға дейінгі деңгейден 2°C-тан жоғары көтеріліп, 2,06°C-қа жеткен бірінші күн болды»-деп, Коперниктегі климаттың өзгеруі жөніндегі директордың орынбасары Саманта Бургесс мәлімдеме жасады деп хабарлайды CNN агенттігі.
Ғалымдар, «температура уақытша, қысқа мерзімге көтерілді. Бұл мұндай көтерілу әрқашан болады дегенді білдірмейді, бірақ температураның жоғарылауы Жерді жылыту үрдісін көрсетеді. Мұндай дағдарыс планетаның жалпы климатына әсер етеді және кейбір жағдайларда оны тоқтату және алдын алу мүмкін болмайды», деуде.
Өткен аптада жарияланған БҰҰ есебінде елдердің Климаттық жоспарларына сәйкес, планетаның жылынуын тудыратын Жердің ластануы 2030 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 9% – ға жоғары болатыны анықталды. Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық топтың мәліметі бойынша, әлем жаһандық жылынуды индустрияға дейінгі деңгейден 1,5 градусқа жоғары шектеуге үміттенуі үшін осы онжылдықтың соңына қарай шығарындыларды 2010 жылмен салыстырғанда 45%-ға азайтуы керек. 9% – ға өсу мақсаттың әлі алыс екенін білдіреді. Қазан айының соңында дүниежүзілік дәрігерлер қауымдастығы елдерді мүмкіндігінше тезірек көшуге шақыратын мәлімдеме жасады.
Ал «nature» журналы болса басқаша пікірде. Ол Ұлыбританиядағы Кардифф университетінде климаттың өзгеруінің әсерін зерттейтін халықаралық ғалымдар тобы Антарктидадағы мұздықтардың еруі болашақта жаңа мұз дәуіріне әкелетін тізбекті реакцияны тудыруы мүмкін деп отыр, деп хабарлады.
Олардың пікірінше, мұздықтар мен айсбергтердің еруі Атлант мұхитына үлкен көлемде тұщы судың түсуіне ықпал етіп, нәтижесінде Оңтүстік мұхиттан ағыстармен бірге үлкен айсбергтер де шығады. Атлант мұхитындағы тұщы су атмосферадан көмірқышқыл газын шығарып, парниктік әсерді азайтады және оны салқындатуға ықпал етеді деген пікірде екен.
Қорыта айтсақ, алдағы уақытта Жер бетінде ғаламдыөқ жылыну орын алсын немесе жаңа мұздық дәуір басталсын, бір анығы қай нұсқада да адамзат баласын үлкен сынақтар күтіп тұр. Соған Жер тұрғындары қазірден дайын болуы керек, әйтпесе опық жеп қалуымыз анық.
Сүңғат ҚУАНЫШБЕК.
Антирекорд Ғаламдық апат Ғаламдық жылыну Мүздық дәуір 2023-11-21