ӨҢІРІМІЗДІҢ БАЙ ТАРИХЫНАН ХАБАР БЕРУШІ МҰРАЖАЙ
Posted by: Қалмұрат
in News, PRESS RELEASE, Ауыл шаруашылығы, Білім саласы, Жас буын, Қоғам, Руханият
07/12/2023
39 Views
Құрылу тарихы 1944 жылы бастау алатын Атакент қалашығындағы «Түркістан облысының мақта шаруашылығы тарихи мұражайын» Қазақстандағы ескі мұражайлардың арасына жатқызуға болады. Сол жылы соғыстың қиыншылығына қарамастан тұқым шаруашылығы, шаруашылықтың бай тарихын көрсету мақсатында кеншар адамдары фотосуреттерді, құжаттарды, ауыл шаруашылық құрал-саймандарды және жабдықтары жинақтаған.
Мұражай экспозициясы негізінен осы өңірдегі егін шаруашылығын суландыру және өркендеуі үшін адамдардың қиын күресінің барлық кезеңдері бейнелейді.
1869 жылы Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы Константин Петрович фон Кауфманның бастамасы бойынша Мырзарабат көне арығы далаға қарай ұзартылған. Ал 1918 жылы 17 мамырда 5 миллион рубльді Түркістан өлкесіндегі жер суару жұмыстары үшін бөлу жайындағы Ленин декреті осы аймақтарды игеруде тағдыршешті құжат болып табылған. Соның нәтижесінде 1920-шы жылдары салынған арықтардың көпшілігі бүгінге дейін пайдаланып жатыр.
Жерді игеру және суару, сонымен қатар мақтамен мақтааралдықтар өмірлеріндегі көптеген оқиғаларымен байланысты. Оларды мұражайда қойылған түрлі экспонаттар бейнелейді. Осында техниканың әр алуан түрлері көрсетілген, солардың ішінде мақтааралдық жерлерінен бірінші мақта жинайтын комбайндар да бар. Мұражай алдындағы тұғыр үстінде алғашқа кеңестік тракторларының бірі «Универсал» тұр.
Мұражай экспозициясы аймақ тарихының басқа қайғылы кезеңдерін баяндайды. Осы жерге 1935 жылдан бастап, КСРО-дағы түрлі ұлт өкілдері – финдер, немістер, Кавказ халықтары, украиндықтар, поляктар, гректер жер аударылған. Олардың арасында Сорбонна түлектері, ұлы музыканттар және де неміс Рудольф Керер де бар. Бұл азаматтар өңіріміздің өркендеп-дамуына өздерінің өлшеусіз үлестерін қосқан.
Мектебіміздің 9 сынып оқушыларына – көпшілігі жалғыз үлгіде сақталған аса құнды өндірістік экспонаттар бар «Түркістан облысының мақта шаруашылығы тарихи мұражайын» аралата отырып, оларды туған жердің бай тарихымен таныстырдым.
Марзия ҚАБИ,
№21 «Нұрлы жол» жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі.
2023-12-07