Өндірістік жарақаттану өндіріс кәсіпорындарының қызметтік міндеттерін, өндірістік міндеттерін, өндірістік еңбек тәртібін өз дәрежесінде орындау барысында пайда болады.
Өндірістік жаракаттану жара, тырнау, ұрып алу қан ағу, сынық, химиялық, термикалық күйік, ток тарту түрінде кездеседі. Жарақаттанудың пайда болу себептері екі топқа бөлінеді; техникалық және қолайсыз санитарлық жағдаймен байланысты болатын себептер.Техникалық себептерге өндірістік процестердің жеткіліксіз механизациялануы, дұрыс ұйымдастырылмаған еңбек жағдайы, жұмысшылардың техникалық қауіпсіздік ережелері сақтамауы, жұмысшылар және машиналар үшін жолдардың тар болуы жатады. Қолайсыз санитарлық жағдаймен байланысты болатын жарақаттану өндірістік кәсіпорындарының микроклиматының талапқа сай болмауынан туындайды, мол ылғалдық ауаны тұманданып көруді төмендетеді. Машиналардың қимылы нашарлап жарақаттану қауіптілігі жоғарылайды. Бөлмелерде, жұмыс орындарында жарық жеткіліксіз болса және дұрыс ұйымдастырылмаса да өндірістік жарақаттануға алып келеді. Кесіп алу, тырналу түріндегі жарақаттар микротравмалар деп аталады. Мұндай жағдайда жұмысшылардың жұмыс істеу қабілеті төмендейді, бірақ емдік профилактикалық шаралар қолданбаса іріңді процесстерге жалғасу мүмкін. Өндірістік жарақаттанудың себептерін анықтау, алдын алу мақсатында әрбір өндірістегі жарақат тіркеліну керек. Жарақаттану мен күрес шараларына өндіріс орындарын механизациялау жатады, әсіресе ауыр жүктерді көтеру механизациясы. Жұмыс орындарында жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру үлкен маңызға ие. Құрал-жабдықтар мерзімінде тексеруден өткізіліп, жұмыс істеуі керек. Машиналардың қауіпті қозғалтқыш бөліктері қорғану торларымен, эканомдармен қамтамасыз етілуі керек. Электрлі станоктардың штикерлері жерге көміледі, электр тоғынан қорғану мақсатында резиналы қолғаптар, етіктер, резиналы кілемдер қолданылады.
Арнайы киімдер денеге қонымды тұруы керек, мойын орағыштармен жіп қажетті деп саналмайды. Шаштар бас киіммен немес ормалмен жабылады. Метал заттарды бір жерден екінші жерге көшіргенде жарақаттанудың алдын-алу үшін қолға брезент немесе теріден жасалған қолғап киіледі, көз әйнектер, экранда қолданылады, ал бетті метал қиыршықтарынан сақтау үшін брезент маскалар, металл сеткалар пайдаланылады. Жоғарыда аталған сақтану шараларын жасап орындаған жағдайда, Сіз өз денсаулығыңызғаөндірістік жарақаттан сақтай аласыз.
О.МАХАНБЕТОВ
Мақтарал аудандық СЭББ-ның бас маманы.