КЛАСТЕРЛІК СЕМИНАР ӨТЕДІ
Posted by: Қалмұрат
in News, PRESS RELEASE, Жарнама, Пайдалы кеңестер, Реклама, Хабарландыру
20/12/2023
6 Views
Архив – бұл өткен, қазіргі және болашақтың байланысы. Архивтің арқасында уақыт байланысы, мәдениет пен қоғамдық өмірдің даму тарихы сақталады. Архив-тарихи шежіре қоймасы ғана емес, сонымен қоса әрбір ұлт тарихының қазынасы. Ата-бабаларымыздың тарихын ғана емес, олардың арман-тілегін, ақыл-ойын, даналығы мен даралығын, парасаты мен үлгі-өнеге өсиеттерін сақтап отыратын киелі орын. Қазақстан архивтерінің мемлекет тарихының қалыптасудағы рөлі өте зор.
Қазіргі таңда Атакент кентінде орналасқан Жетісай өңірлік мемлекеттік архивінде – Мырзашөл мен Қызылқұм өңірінің тарихи деректері, саяси-идеологиялық қатынастары туралы құжаттар ұлттық байлықтың бір бөлігі ретінде қорғалады, сақталады.
Атқарушы органдар мен мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердегі жүргізіліп жатқан іс-қағаздар, істерді жүйелеу, олардың мемлекеттік архивке түскенге дейінгі сақталу тәртібіне архивтің толықтыру көзінің тізіміне енген мекеме қызметкерлеріне тәжірибелік-әдістемелік көмектер көрсетеді. Осы мақсатта жыл сайын оқу-семинарлар ұйымдастырып тұрады.
2023 жылдың 27 желтоқсанында Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің ғимаратында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің ұйымдастыруымен кластерлік семинар (кустовый семинар) өткізу жоспарлануда. Семинарды комитеттің мамандары өткізеді, жиын барысында іс-жүргізу, құжаттардың ведомствалық архивте сақталуы, «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» (Е-архив) ақпараттық жүйесін жүйелеу, сонымен қатар тәжірибе алмасу т.б. іс-шаралар ұйымдастырылады.
Ауданымыздағы мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің іс-жүргізу мен құжаттардың сақталуына жауапты мамандары семинарға қатысамыз деп ниет білдіріп отырса 87027200252 телефон номеріне хабарласуларыңызға болады.
Ахмет ШҮКІРХАН,
Жетісай өңірлік мемлекеттік архивінің бас қор сақтаушысы, Атакент кенті.
2023-12-20