Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекелері қарсаңында қуанышқа толы оқиға орын алып, Түркістан облысы, Созақ ауданының тұрғындары көптен күткен «Жедел жәрдем» автокөліктері орталық ауруханаға сыйланды.
Нақтырақ айтар болсақ, “Samruk-Kazyna Trust” әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен Созақ ауданының орталық ауруханасына екі жедел жәрдем көлігі сыйға берілді.
Қазірде «Жедел жәрдем» автокөлігі мәселесінде базалық қажеттіліктерді қамтамасыз ету бойынша барлық жұмыстар жүргізілуде. Осылайша Шолаққорғандықтардың жедел медициналық көмек алуға қатысты мәселелері оң шешілуде.
”Басты байлық – денсаулық” демекші, бұл көліктер ел игілігіне адал қызмет етсін! Қуанышты күндеріміз көп болсын ағайын!
“Samruk-Kazyna Trust”-тің баспасөз қызметі.