Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ЖЕР ЖӘННАТЫ – ЖЕТІСАЙ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Қоғам » ЖЕР ЖӘННАТЫ – ЖЕТІСАЙ

ЖЕР ЖӘННАТЫ – ЖЕТІСАЙ

          Менің мақалам туған өлкем Жетісай қаласының дамуы және көрнекті жерлері жайлы болмақ. Мен осы өлкеде туып-өстім. Кішігірім болса да, өз қаламды мақтан етемін. Жетісай қаласының халқы өте қонақжай және мінезі жайдары. Дәл қазір бұл жер ертеде көз жетпейтін дала болған айту қиын. Оған өздеріңіз де көз жеткізесіздер. Мырзашөлдің жүрегі һәм мақтанышы саналатын, жергілікті тұрғындар арасында жер жәннаты аталып кеткен Жетісай қаласы жайлы айтқым келіп отыр.
            Бір кездері шапқан аттың тұяғы, ұшқан құстың қанаты талатын құлазыған шөл дала қазір адам танымастай өзгерген. Жарты ғасырдан астам тарихы бар қаланың өсіп–өркендеуі де ерекше. Өткен ғасырдың орта шенінде тың жерлерді игеруге келгендер есебінен мұнда егістік алқаптарының басында жерекпелер мен әр жерде бір қоржын тамдар болушы еді. Кейіннен Киров каналы қолдан қазылып, жер – анаға су жіберілді. Сарышұнақ мекендеп, шөлге шыдамды сексеуіл, жантақ өсетін шөл дала біртіндеп мақталы өлкеге айнала бастады. Сол ақ алтынның Отанында қазір кей облыстармен пара–пар 300 мыңнан астам халық өмір сүруде.
             Тарихтан белгілі әңгіме 1924-жылы Мақтарал совхозы құрылды. Одан кейін барып осы жаңағы мына қаналдың, судың келуіне байланысты, жерлердің игерілуіне байланысты 3 аудан ашылған. Соның бірі – Жетісай ауданы болды да Жетісай ауданының орталығы болып осы Жетісай қаласы бекітілді. Ол кезде бұл жер қала емес поселке, елдімекен еді. Ал, енді содан кейін барып 1969-жылы бұл жерге Жетісай қала статусы берілді. Барлық көшелер қазіргі кезде асфальттанды, аяқ жолдар салынды тротуарлар, жарықтандыру қолға алынды. Мысалы, бұрын атын ғана естіген күн сәулесінен қуат алатын батареялар орнатылып көшелерге, жол бойларына беріліп жатыр. Ол елді мекендерде. Одан кейін біздің осы өз аудан әкімшілігінің жанындағы Абай атамызға ескерткіштің қойылуы, одан басқа да гүлзарлар көбейіп келе жатыр. Біздің қаламыздағы болып жатқан үлкен өзгерістердің бірі – мысалы имандылық жолында елді ұйыту, имандылыққа тәрбиелеу мақсатында Құдай үйлері – мешіттердің салынуы.
       Сонымен бірге, қалада кәріз жүйелерін қайта қалпына келтіріп, «Ақбұлақ», «Қол жетімді тұрғын үй» бағдарламалары бойынша да бірқатар игілікті істер атқарылып келеді. Бүгінде Жетісай қаласына келе қалсаңыз осындай жетістіктердің куәсі боласыз. Тағы бір айта кететін жайт, жоғарыда айтылған барлық игі істерге екі қолға бір күрек таппай жүрген қала тұрғындары жұмылдырылып, 1000-нан астам жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылды.
        Қадымшалап айтқанда, Тұран ойпатындағы немесе Мәуреннахр өлкесінен, бүгінгі күн тілінде Мырзашөл төсінен орын тепкен көрікті, менің қалам деп мақтаныш етуге лайықты, өткен ғасырдың екінші жартысында қала статусын алған Жетісай үшінші мың жылдықтың екінші он жылдығын осындай жетістіктермен бастап отыр. Алда әлі бағындырар белестердің де көп екендігіне бүгінде ешкімнің күмәні жоқ.
Фариза СЕРІКБАЕВА,  
№39 «Асықата» жалпы білім беретін мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Химия пәні мұғалімі,  педогог-сарапшы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

СЕРТ БЕРУ – ЖАУЫНГЕР ДӘСТҮРІ

        ...

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...