Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТТЕ ДІННІҢ ӨЗІНДІК ОРНЫ - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » PRESS RELEASE » News » ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТТЕ ДІННІҢ ӨЗІНДІК ОРНЫ

ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТТЕ ДІННІҢ ӨЗІНДІК ОРНЫ

         Зайырлы мемлекетте діннің өзіндік орны бар. Елімізде дін мәселесі сөз болғанда негізгі мәселе ұлт тағдыры, мемлекет, зайырлылық, салт – дәстүр, мәдениет, мемлекеттің тізгінін ұстайтын, болашақта мемлекетіміздің бұдан ары өркендеп дамуына үлес қосатын жастарымыздың жағдайына зер салып қарайтын мәселелердің бірі.
         Дін – адамзаттың қолы жеткен ең басты құндылықтары. Қоғамның сан түрлі саяси, әлеуметтік-экономикалық жүйелері бар. Алайда, Қазақстан Республикасы өзін зайырлы, құқықтық демократиялық, унитарлық қоғам деп таңдады. Қандайда бір дін мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейді. Дін мемлекеттен бөлінгенмен қоғамды бөле алмаймыз. Себебі дінді ұстанушылар Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Мемлекет діни мәселелерді реттеп, миссионерлік қызметті және діни бірлестіктердің жұмысын  қадағалаушы. Қазіргі күні діни мәселелерге қатысты мемлекетіміз тарапынан жасалынып жатқан іс-шаралардан, қоғамымызда орын алған кейбір келеңсіз жағадайларға немқұрайлы қарамайтынын байқауға болады.
         Әлемде 113 мемлекет өзін зайырлы ел деп жариялағаны белгілі. Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында ҚР өзін демократиялық, зайырлы мемлекет ретінде орнықтыратыны көрініс тапқан. Сонымен қатар Ата заңымыз әрбір адамның діни сенім бостандығына кепілдік береді және конфессиялық, этникалық және басқа да белгілері бойынша кемсітушіліктерге жол бермейтіндігі көрсетіліп кеткен. Ал Дүние жүзінде 75 мемлекетте дін республиканың ресми бөлігі болып табылады.
         Мемлекеттің зайырлы сипаты дінді жоққа шығару емес. Зайырлылық адамның діни сенімге бостандығын мойындау, діндарлықты адам болмысына тән сипат ретінде айқындау. Қазіргі таңда еліміздегі зайырлылық адами құндылықтарды басты орынға қоюдан, ар-ожданы мен сенім бостандығын еркін ұстануды заң тұрғысынан қарастыруы. Зайырлы мемлекет діни таным құндылықтарын мойындап, мемлекетке зияны тимейтіндей қалыпта діни сенімнен адам болмысына жағымды әсерлер алу. Зайырлылық діңгегі – мемлекет тарапынан дінді адамзаттың негізгі құндылығы ретінде мойындау, оның қоғам мен мемлекет өміріндегі рөлімен тығыз байланыстырады. Зайырлылық – азаматтарымыздың таңдау еркіндігі мен рухани ізденістің көптүрлілігін мойындау, ой-сананың сан алуан ізденіске бағытталатындығы мен діни тәжірбиенің деңгейлеріне назар аудару. Зайырлы мемлекетте дүниетанымның көптүрлілігі құқықтық негізінде ретке келтіріліп отырады.
        Зайырлы мемлекет таза күйінде қандайда дінді ресми мемлекеттік деңгейге көтермейді және міндетті дін ретінде қарастырмайды. Алайда, кейбір демократиялық мемлекеттер ресми түрде діндердің кейбіреулерін мемлекет тарапынан қоғамға және кейбір мемлекеттік құрылымдарға әсеріне байланысты маңызды орны жайлы айтылады. Бұны біздің еліміздің мысалында да қарастыруға болады. Мысалы, Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктір туралы» Заңында ханафи бағытындағы исламның және православиелік христиандықтың халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлін танитындығы жазылған. Алайда, Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңда ханафи бағытындағы ислам мен православиенің маңызды орнын көрсете отыра өзінің зайырлы сипатынан айырылып отырған жоқ.
        Ислам тарихына көз жүгіртер болсақ алғаш Хабашстанға көшуі және сол жердегі ел билеушісі Нәжашидің «Елімнің ешкімнің қолы тимеген ең таза аймақтарында озбырлық пен жауыздықтан ұзақта, тыныштықта өмір сүріңдер. Сендерге жамандық жасағандарды құртамын» деп сөзін қорытындылауы. Осының өзінде зайырлы мемлекеттегі діннің өзіндік орнын әу баста көрсетіліп отырғанын байқауға болады.
Қайрат САЛЫҚБАЕВ,
Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелері зерттеу орталығы» КММ теолог маманы.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...