Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
"БЕРМУД ҮШБҰРЫШЫ" - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Әлемде » «БЕРМУД ҮШБҰРЫШЫ»
Бермуд үшбұрышы © PTZ Pictures / Shutterstock
Бермуд үшбұрышы © PTZ Pictures / Shutterstock

«БЕРМУД ҮШБҰРЫШЫ»

      Қайда орналасқан: Солтүстік Атлант мұхиты.
       Баспасөзде «Бермуд үшбұрышында» кемелер мен ұшақтардың із-түзсіз жоғалып кететін  туралы алғашқы ескерту 1950 жылдан бастап жариялана бастады. Алайда, бұл аймақтағы түсініксіз және жұмбақ құбылыстар туралы XIX ғасырдың ортасынан бері хабарлануда.
        Негізі аномальды қасиеттерге жатқызылған әлемге әйгілі аймақтың нақты шекаралары жоқ. «Бермуд үшбұрышының» шартты шыңдары – Флорида жағалауындағы Майами, Пуэрто-Рикодағы Сан-Хуан және Бермуд аралдары және оның әртүрлі көздердегі ауданы 1 300 000-нан 3 900 000 шаршы шақырымға дейін жететін аймақты құрайды.
       Ол өзінің қараңғы даңқын бірқатар түсініксіз жоғалулардан кейін алды. Мысалы, 1918 жылы марганец кенін тасымалдайтын «USS Cyclops» жүк кемесі жоғалып кетті. Кеме ешқандай апат сигналдарын жіберген жоқ. Экипажы бар құтқару қайықтары табылған жоқ, ал жағалауда кеменің сынықтары байқалмады. Сондай-ақ, ең танымал жағдайлардың бірі – 1945 жылы бес бомбалаушы ұшақтың іс-түссіз жоғалуы болды (Flight 19) және оларды іздеуге жіберілген теңіз ұшағының да «Бермуд үшбұрышының» үстінде ізім-қайым жоғалып кетті. Мұндай қайғылы оқиға 1948 жылы қайталанды. Сонда бортында 3 экипаж мүшесі мен 29 жолаушы болған азаматтық ұшақ жоғалып кеткен еді. Бұл жағдайлардан бөлек мұнда басқа да 50-ге жуық кеме мен 20 ұшақ жоғалып кетті.
         Табиғаттан тыс құбылыстарға сенетін адамдар бұл оқиғаларды зұлым күштердің әрекетімен, басқа дүниелік әсерлермен және тіпті келімсектердің айла-амалдарымен байланыстырады. Ал ғалымдар ол жайларды бұл аймақта жиі болатын тропикалық дауылдар мен құйындардың әрекетімен, ақаулы қозғалтқышы бар шағын кемелер және суға түсетін жеңіл ұшақтар мұнда өтетін Гольфстрим ағынынан бұзуылуы мүмкін деп түсіндіруде. Сондай-ақ, қауіп факторларының арасында мезгіл-мезгіл пайда болатын су астындағы метанның атқылауынан  деген болжам да бар. Сол кезде олардың эпицентріне кездейсоқ түсіп қалған кемелер батып кетеді делінуде.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

САНСЫЗБАЙ САРҒАСҚАЕВТЫҢ «ТӘМПІШ ҚАРА» ШЫҒАРМАСЫ КЕЙІПКЕРЛЕРІ

      Оқу ...

ОТКРЫТЫЙ УРОК НА ТЕМУ «НАРЕЧИЕ. СТЕПЕНИ СРАВНЕНИЯ НАРЕЧИЙ» В 7 КЛАССЕ С ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ СОВРЕМЕННЫХ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ РЕСУРСОВ

        ...

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ – КӨКТЕМ МЕН ЖАҢАРУ МЕРЕКЕСІ!

       Ұлттық ...

ӘЗ-НАУРЫЗ — ЖАҢА КҮННІҢ ЖАРШЫСЫ

        ...

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ!

      «Таза ...

«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ӘЛІППЕСІ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

        ...

ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТТА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

        ...

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕМДЕГІ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ӘДІСІ

        ...

БҰЛ ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ ҚАСИЕТТІ МІНДЕТІ БОЛУЫ КЕРЕК

        ...

ҰЛТ КЕМЕҢГЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖЫР САЙЫСЫ

        ...