107,3 ПАЙЫЗДЫ ҚҰРАДЫ
Posted by: Қалмұрат
in Business, News, PRESS RELEASE, Анонсы, Ауыл шаруашылығы, Кәсіпкерлік, Саясат, Экономика
17/01/2024
5 Views
Аудан экономикасы:
Өнеркәсіп. Мақтаарал ауданы кәсіпорындары (шағын, қосалқы кәсіпорындар, үй шаруашылығы секторын қоса алғанда) 2023 жылдың қаңтар-желтоқсанында кәсіпорында қолданып жүрген бағамен 25745783 миллион теңгенің өнімін шығарып, өнімнің нақты көлем индексі бойынша өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 107,3 % құрады.
Ауыл шаруашылығы. 2023 жылдың қаңтар-желтоқсанында Мақтаарал ауданы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 90108,7 миллион теңгені (қолданыстағы бағамен ) құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 101,8 % болды. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы бойынша 70971,6 миллионтеңге, мал шаруашылығы бойынша 19066,3 миллион теңгені құрады.
Сауда. Мақтаарал ауданы бойынша 2023 жылдың қаңтар-желтоқсанда көтерме сауда 5320,5 миллион теңгені құрап өткен жылдың тиісті кезеңіне 100,5 %, бөлшек сауда тауар айналымы 7684,6 миллион болып өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 108,5 % болды.
Еңбек рыногы. Мақтаарал ауданы бойынша 2023 жылдың үшінші тоқсанында ірі, орта және шағын кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардағы жұмыс істейтін қызметкерлердің есепті саны 13,1 мың адамды құрады.
2023 жылғы үшінші тоқсанына қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 240835 теңгені құрап, бұл 2022 жылғы үшінші тоқсанына қарағанда 115,4 % құрады.
Демографиялық процестер. 2023 жылдың 1 желтоқсанында Мақтаарал ауданындағы халық саны 129 750 мың адам, халықтың табиғи өсімі 2726 адам, туу- 3258 адам, қайтыс болғандар 532 адам. Тиісті кезеңде некеге тұрғандар- 728 отбасы, ажырасқандар-49. Осы кезеңде көші-қон бойынша келгендер – 4704 адам, кеткендер- 4681 адам.
Тұрмыс деңгейі. 2023 жылғы желтоқсан айында Мақтаарал ауданы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы, орта есеппен 2023 жылғы қарашамен салыстырғанда 1,4 % артты және 40825 теңгені құрап отыр.
Р.АЙДАРОВ,
Мақтаарал ауданының Статистика басқармасының басшысы.
2024-01-17