Deprecated: Function is_staging_site is deprecated since version 3.3.0! Use in_safe_mode instead. in /var/www/vhosts/sayipqiran.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6031
Екі қазақстандық компаниямен инвестициялық келісім жасасты - САЙЫПҚЫРАН.KZ Ақпаратты-сараптамалық порталы
Home » Business » Екі қазақстандық компаниямен инвестициялық келісім жасасты

Екі қазақстандық компаниямен инвестициялық келісім жасасты

          Астана, Қазақстан, 2024 жылғы 18 қаңтар – «Chevron Direct Investment Fund» Жеке компаниясы (CDIF) екі қазақстандық компаниямен инвестициялық келісім жасасқаны туралы хабарлайды.
        Ауқымды жұмыс жүргізгеннен кейін, 2023 жылы CDIF бизнеске арналған қызметтер маркетплейсі «Top Cleaning Kazakhstan» ЖШС (top.kz) компаниясына және «Orhun Med Limited» – Қазақстанның денсаулық сақтау саласында жылдам дамып келе жатқан компаниясына 41 миллион долларға дейін инвестиция салды. Екі компания да CDIF ұсынған инвестицияға бизнестерін кеңейтуді, жұмыс орындарын ашуды және Қазақстанға жаңа технологиялар әкелуді жоспарлап отыр.
       Екі кәсіпорын да сенімді бизнес тәжірибелерін, соның ішінде Қазақстан экономикасына елеулі экономикалық және әлеуметтік ықпал ету қабілетін көрсете білді.Сонымен қатар олар CDIF-тің барлық таңдау критерийлеріне сәйкес келді.
       «Біз осы инвестициялар туралы қуанышпен хабарлаймыз, олар біздің қоғамға қызмет көрсететін, соның ішінде қызметкерлерді оқыту және елге технологиялар әкелу сияқты үлес қосатын Энергетика министрлігі мен «Шеврон» арасындағы табысты ынтымақтастықтың айқын мысалы», – дейді Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев.
       CDIF компаниясының мақсаты Қазақстан Республикасы экономикасын дамытуға елеулі үлес қосу. Ол үшін цифрлық технологиялар, қоршаған ортаны қорғау, тауар өндіру және мұнай-газ саласына қызмет көрсету сияқты әртүрлі салалардағы жергілікті коммерциялық кәсіпорындарға жаңа инвестициялық мүмкіндікті қамтамасыз етіледі.
      «Шеврон» Қазақстан экономикасына 30 жыл бойы инвестиция сала отырып, осы ұзақ мерзімді серіктесін мақтан тұтады және ел экономикасын дамытуға болашақта да инвестиция салуға ниетті. Бұл инвестициялық келісімшарттар Қазақстанның өнеркәсіптері мен жергілікті кәсіпорындарын дамытуға белсенді қолдау көрсету үшін компаниямыздың қосар үлесінің жаңа бір межесін білдіреді», – дейді «Шеврон» компаниясының Еуразия бөлімшесінің Басқарушы директоры Дерек Магнесc.
       Компания Қазақстанның әртүрлі салаларындағы кәсіпорындарды дамыту мақсатында оларға инвестиция салу мүмкіндіктерін одан әрі қарастырады және кәсіпорындарды осы даму тарихының бір бөлшегі болуға шақырады.
        Бұл туралы және таңдау критерийлері, инвестициялық процес және қаржыландыруға өтініш беру туралы ақпаратты толығырақ CDIF www.cdif.kz сайтынан таба аласыздар.

       “Шеврон” туралы

          “Шеврон” – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз адамзат прогресі үшін қолжетімді, сенімді және таза энергия қажет деп санаймыз.  Біз адамзат прогресі үшін қолжетімді, сенімді және таза энергия қажет деп санаймыз. “Шеврон” мұнай мен табиғи газ шығарады, жанар-жағармай және мұнайхимия өндіреді, бизнес пен өнеркәсіпті жетілдіретін технологияларды дамытады.  Біздің мақсатымыз мұнай және газ саласындағы дәстүрлі бизнесімізді дамыту, қызметіміздегі көміртек шығарындыларын азайту және әдеттегі бағыттарымызбен қатар жаңғырмалы отын, сутек өндірісі, көміртекті ұстап қалу, оффсетті пайдалану және басқа технологиялар сияқты бизнестің жаңа төмен көміртекті бағыттарын дамыту. “Шеврон” туралы қосымша ақпаратты www.chevron.comсайтынан табуға болады.
          “Chevron Direct Investment Fund” ЖК «Астана» халықаралық қаржылық орталығында (АХҚО) тіркелген жеке компания. Олар “Шеврон” компаниясы Қазақстандағы әртүрлі салалардағы, соның ішінде ақпараттық және цифрлық технологиялар, қоршаған ортаны қорғау, мұнай және газ саласындағы тауар өндіру және қызмет көрсету салаларындағы жергілікті кәсіпорындарға инвестиция салу арқылы Қазақстан экономикасын дамытуды қолдауды жоспарлауға көмектесетін құрал. Толығырақ ақпарат алу үшінwww.cdif.kz сайтын қараңыз.
         “Chevron Direct Investment Fund” ЖК – ұжымдық инвестиция салу Қоры емес және оның АХҚО Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетінің (Astana Financial Services Authority, AFSA) кез келген қаржылық қызметті жүргізуге тиісті лицензиясы жоқ.

About Қалмұрат

Журналистика саласына кездейсоқ келіп қалсам да бұл салаға қызығушылығым оянғандықтан журналистикада жүргеніме 20 жыл болды. Алғашқы еңбек жолымды "Керуенбасы" газетінде корректорлықтан бастадым. Содан бері баспа журналистиканың барлық саласынан өттім. 2 рет газет шығарушы баспагер де болдым. Осы сайтымнан Сіздер өздеріңізге қажетті ақпараттар аласыздар деген ойдамын. Сіздер біздің жаңалықтарымызды: https://www.facebook.com/me/ https://twitter.com/KalmuratD www.sayipqiran.kz%2F%3Fp%3D8202 https://www.instagram.com/saipkiran.kz/ https://t.me/sayipkir арқылы да біле аласыздар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*

x

Check Also

2023 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ, НОМИНАЛЫ 5 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАЛАРДЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ 28 МАУСЫМДА 2024 ЖЫЛҒЫ ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ДИЗАЙНМЕН НОМИНАЛЫ 10 000 ТЕҢГЕЛІК БАНКНОТАНЫ АЙНАЛЫМҒА ШЫҒАРДЫ

        ...

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

        ...

«JETISAI MARATHON – 2024» МАРАФОНЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

        ...

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ

        ...

21 ЛЕТНЫЙ ТАЭКВОНДИСТ УЕХАЛ В США

Автор: НАЗИРА БУРХАНОВА,  журналист. ...

«МАҚТААРАЛ» КЕҢШАРЫНА – 100 ЖЫЛ!

Қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ...

БІРЛІГІ БІРТҰТАС БІРЛЕСТІК

        ...

МАТЕМАТИКА ӘДІСТЕМЕ БІРЛЕСТІГІНДЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ІСТЕР ОРАСАН

        ...

ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕУ – БОЛАШАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

        ...